7


  • Учителю
  • Урок на тему Отбасы мүшелерінің сүйікті істері (4 класс)

Урок на тему Отбасы мүшелерінің сүйікті істері (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">4 «Б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің сүйікті істері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында әңгімелей алуға үйрету. Сауатты жазуға, қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру.

  2. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, топпен жұмыс істеуге, есте сақтау қабілеттерін дамытуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

  3. Оқушылардың бойына мәдениеттілік, әдептілік, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.



Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық оқыту, салыстыру, қайталау, түсіндірме, аударма, пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, интербелсенді тақта, қоржын, бағалау парақшалары, үлестірме парақшалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:1. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару.



2. Бір-біріне сәттілік тілеу.

Айдай арайлаймыз

Күндей күлімдейміз

Жұлдыздай жарқыраймыз

Сабақты енді бастаймыз



3.Үй тапсырмасын тексеру: өздері қосымша материалдан отбасы туралы тапқан мақал-мәтелдерді жатқа айту.



Оқушыларды екі топқа бөлу. Бағалау парақтарын тарату.





4.Оқушылармен «Қожанасырдың қоржыны» ойынын өткізу.

Айтылым: Қоржыннан сұрақтарды алып, жауап беру.

Сенің отбасың қандай?

Отбасыңда неше адам бар?

Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?

Сенің анаң неше жаста?

Сенің әкең неше жаста?

Сенің әжең кім?

Отбасың тату ма?

Сен әкеңе қалай көмектестің?



Оқушылар амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді.











Оқушылар үй тапырмасын айтады, жаттаған болса бағалау парақтарында белгілейді.





Оқушылар қоржыннан сұрақтар таңдап алады, оқиды, жауап береді.

1-2 мин

















2 мин













2-3 мин

ІІ. Негізгі кезең

  1. Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртың

Айтады, қане кім атын?

(ана, апа, аға, іні, ата)

  1. Жаңа тақырыпқа шығу.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің сүйікті істері. Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Сабаққа мақсат қою: жаңа сөздермен танысу, қазақ тілінде сөз тіркесін, сөйлем құрай білу, отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында әңгімелей алу. Септік жалғауларын ажырата білу, сөздерге дұрыс жалғау.

  1. Екі топқа бірдей мәтін тарату. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.

Менің атым - Асқар. Бұл - біздің отбасымыз. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: ата-анам, інім және мен. Әкемнің сүйікті ісі - футбол ойнау. Әкем футбол ойнауды жақсы көреді. Анамның сүйікті ісі - тамақ пісіру. Анам тамақ пісіруді жақсы көреді. Інімнің сүйікті ісі - сурет салу. Інім сурет салуды жақсы көреді. Менің сүйікті ісім - музыка тыңдау. Мен музыка тыңдайды жақсы көремін.

  1. Мәтін бойынша жұмыс.

І топ: мәтін бойынша сұрақ дайындау.

ІІ топ: мәтіннен етістіктерді табу

  1. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Сөздерге көптік жалғауын дұрыс жалғап жаз.

Жұмбақты тыңдайды, жауабын қазақша айтады.













Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын ашып алу.













Мәтінді оқиды, мазмұнын қазақша айтады.























Оқушылар тақта алдына кезектесіп шығады, сөздерді оқып, көптік жалғауларды дұрыс жалғауға тырысады.

1-2 мин



















2 мин.





















4-5 мин.





















2 мин.



3 мин.

ІІІ. Сергіту сәті

Қолды белге қоямыз, Доп, доп,

Басты оңға бұрамыз, Топ, топ,

Басты солға бұрамыз Доп жоғалды,

Бір отырып, бір тұрып, Қап, қап

Біз демалып аламыз. Доп жоқ,

Тап, тап.

Балалар орындарынан тұрып орындайды.

1 мин.

ІV. Бекіту кезеңі

Сөйлесім, тілдесім әрекеті.

  1. Суретпен жұмыс.

Балалар, сендерге балық сүйегінің сызбасы берілген. Осы сызбаның жоғарғы жағына отбасы мүшелерінің суреттерін тауып орналастырамыз. Ал төменгі жағына отбасы мүшелерінің сүйікті істеріне байланысты суреттерді орналастырыңдар. Сосын тақта алдына шығып қорғаймыз.



Урок на тему Отбасы мүшелерінің сүйікті істері (4 класс)

  1. Аудиожазба тыңдату.

Әдемі, күшті, мейірімді, сүйкімді, ақылды, көңілді.

Берілген сөздер қай сөз табының сөздері? Олар қандай сұраққа жауап береді? Осы сөздердің ішінде сендерге таныс емес сөздер бар ма? Осы сөздермен сөз тіркесін құрап көрейікші. Кім сөйлем құрай алады?

  1. Бес жолды өлең құрастыру.

Отбасы

Тату, үлкен

Көмектесеміз, жақсы көреміз, қамқор боламыз

Отан - отбасынан басталады

Жанұя, әулет.



Балалар бірігіп отбасы мүшелерінің сүйікті істерін әр отбасы мүшесіне бөледі, жабыстырады, тақтаның алдына шығып жұрт алдында қысылмай сөйлеуге үйренеді.





Сөз тіркесін құрастырады, мықтылары сөйлем құрап айтады.









Топ болып 5 жолды өлең құрастырады.





5-6 мин





























3-4 мин.















4 мин.

V.Қорытынды.

Балалар, енді сабағымызды қорытындылайық. Сол себепті мен сіздерге мынандай парақшалар таратамын, сіздер қалаған бөлігін бояңыздар, бір - біріңе айтыңдар, көрсетіңдер.

Урок на тему Отбасы мүшелерінің сүйікті істері (4 класс)

Сабақтың басында қойған мақсаттарға жеттік пе, балалар? Жаңа сөздермен таныстық па? Сөз тіркесін, сөйлем құрадық па? Қазақ тілінде отбасы мүшелерінің сүйікті істері жайында әңгімелей алдық па?

Балалар, қалаған бөлігін бояйды, айтады, мұғалім бақылап, оқушы не себепті сол жауапты таңдап алғанын түсіндіруге тырысады.





Оқушылар жауап береді, үйде және ендігі сабақта нені қайталау керек екенін мұғалімнің көмегімен анықтайды.

4-5 мин

VІ. Үйге тапсырма

1 тапсырма. 23 бетте 4 тапсырма: сөйлемдерді толықтырып жаз.

2 тапсырма: отбасы мүшелері туралы мақал-мәтел тауып келу.



1-2 мин

VІІ. Бағалау

Бағалау парақтарындағы ұпай сандарын санап, ортақ баға шығару.

Топ басшылары түсіндіріп айтады.

1-2 мин





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал