- Учителю
- Тәрбиенің әдістері мен құралдары, жіктелуі.
Тәрбиенің әдістері мен құралдары, жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Педагогика-психология пән бірлестігі
Сарсекова Г.К.
Шеберлік сабақ
Тақырыбы: Тәрбиенің әдістері мен құралдары, жіктелуі.
/Тренерлердің модульдер бойынша «Шеберлік кластары»
сабағында ұйымдастырылды/
11.03.2016 жыл
2015-2016 оқу жылы
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 11.03.2016
Пәні: Педагогика
Тобы: 302ә
Оқытушы Сарсекова Г.К.
тәрбие түрлерінің топтастырылуымен таныстыру.
Оқу нәтижесі
Тақырыпты жан-жақты талдауға үйренеді, тəрбие әдісі, тәрбие тәсілі, құралдары туралы біледі, тəрбие әдісі, тәрбие тәсілі арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады, топпен жұмыс жасауға жаттығады, пәнге қызығушылығы артады және өзін-өзі бағалауға үйренеді.
Негізгі идеялар
Ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал жасау, білім, білік, дағдыларының жетілуіне жағдай жасау.
Сабақта қолданылатын материалдар
Интербелсенді тақта, парақтар, маркерлер, слайдтар
Оқыту әдістері
Түсіндіру, СТО, АКТ пайдалану, сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, топтық жұмыс
Дерек көздері
Оқулық, әдістемелік құралдар
3-ші пар (1) - 11:50- 12.35
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
2 мин
Тренинг: «Мен елімді сүйемін»
Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуал тудыру, көтеріңкі көңіл орнату.
Егер, сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер, сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, ата-анаңызды жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз, құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз, өз колледжіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет!
Студенттер мұғалімнің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.
Қол шапалақтау
Слайд 1
2 мин
От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу
От: Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су: Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн: Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай: Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
(осы атауларға сай топтарға бөлу)
От, Су, Күн, Ай суреттерін алу арқылы төрт топқа бөлінеді.
Қол шапалақтау
От, Су, Күн, Ай суреттері,
слайд 2
5 мин
Үй тапсырмасын сұрау
Мақсаты: өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру.
Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу ережесін талдау
Бағдаршам арқылы бағалау.
Бағдаршам үлгілері
3 минут
«Ой толғау?» тапсырмасы
Мақсаты: жаңа тақырыпқа кіріктіру
Топтарға әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерді зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек.
Студенттер топта суреттерді сын тұрғысынан талдайды, көзқарастарын айтады. Осы сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
Суреттер
20 минут
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа білімді игереді. Пән аралық байланыс. Мамандыққа бағыттау.
Проблемалық сұрақтарға жауап береді. Іс -тәжірибемен байланыстырады.
Слайд 3
4 мин
Бекіту сұрақтары
- Тәрбие әдісіне қандай анықтама берер едіңдер?
- Мұғалім әдістерді қалай іріктейді?
- Тәрбие әдістері қалай топтастырылған?
- Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің қай жіктелуі қолданылады?
- Тәрбие әдістері қандай 4 топқа топтастырылады?
- Тәрбие әдісі мен тәсілінің қандай айырмашылығы бар?
- Тәрбие құралдарын ата.
3 мин
Бейнежазба көру
Бейнежазба бойынша студенттер өз ойларын, пікірлерін жеткізе білуге үйренеді, өмірмен байланыстыра алады.Тың ойларын ортаға салады.
2 мин
Үйге тапсырма
Әр түрлі оқулықтардан «тәрбие әдісі» ұғымына берілген анықтамаларға талдау жасап, кестеге түсіру.
Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
4 мин
Рефлексия: «Бес саусақ» тәсілі
Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.