7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Профессии (5 класс)

Урок по казахскому языку на тему Профессии (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жайылма орта мектебі» ММ

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Айтмағамбетова Дана Кәрімжанқызы

Оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің

5 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары.



Сабақ тақырыбы: Мамандықтар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды мамандық атауларымен таныстыру.Оқушыларға жаңа сөздер мен сөз тіркестерді үйрету және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру, ойлау, дұрыс атау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.Сөздерден сөйлем құра білуді қалыптастыру.Сұрақтарға толығымен жауап беруге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға еңбектің пайдасын, оның адам өміріндегі рөлін білгізу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер,оқулық , интерактивті тақта

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап, айтылым, жазылым, сұхбат

Сабақтың барысы:

І кезең. Ұйымдастыру (мотивациялық)

Оқушылармен сәлемдесу

-Кім кезекші?

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Көктем мезгілінің алдында қандай жыл мезгілі болды?

- Дұрыс, тамаша! Енді, көктем мен қысты салыстырып көрейік. Интербелсенді тақта арқылы Венн диаграммасын толтырайық

Урок по казахскому языку на тему Профессии (5 класс)



























Өте жақсы!



ІІ кезең. «Кім жылдам» ойыны арқылы ынтымақтастық ортаны қалыптастыру



Рейтинг жүйесімен таныстыру:

13-15 - «5», 12-9 - «4», 8-6 - «3», 5-0 - «2»



ІІІ кезең. Үй жұмысын тексеру

  • Үй жұмысын қайталауына 1 минут беріледі

    - Сөзбен сөйлемді толықтыр

    1. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда балалар ...... керек.

    2. Мектепте оқушыларға арналған ережелер: ........, ....... ........

    3. Мектеп ережелерін орындаған оқушы ........ болады.

    4. Біздің мектеп ...... көшеде орналасқан. ... қабатты.

5. Біздің сынып жетекшілеріміз .... ............. ..... .... пәннен сабақ береді.

6. Кітапханада кітап ... күнге беріледі. Кітапты .... ұстау керек.



ІҮ кезең. Жаңа тақырып

Жаңа тақырыбымызды сөзжұмбақ арқылы ашайық!

Урок по казахскому языку на тему Профессии (5 класс)





















  • Дұрыс, бүгінгі тақырыбымыз «Мамандық» деп аталады, енді бүгінгі сабаққа орыс тілінде мақсаттарды қойындаршы?

  • Бәрікелді! Тамаша!

- Дәптерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қоямыз.



Ү кезең. Сөздік жұмысы

Әртіс-артист, құрлысшы - строитель, егінші - пахарь,

балташы - плотник , қойшы - пастух, есепші - бухгалтер, кенші - шахтер, шекарашы-пограничник, балықшы - рыбак,

іскер -бизнесмен, даяшы - официант, бояушы-маляр,

Ғарышкер - космонавт, тоқмашы - ткачиха, заңгер - юрист,

бағбан - садовник, теңізші - моряк , аспаз - повар, шаштаразшы - парикмахер, тігінші -портной, ұшқыш - летчик, бояушы - маляр

- Сөздерді оқу, сөз тіркестерін құру, сөздікке комментарий арқылы жазу.



ҮІ кезең. Мәтінмен жұмыс

Мамандық

Әр түрлі мамандық бар. Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар.

Мамандықтардың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Мұғалім балаларды оқытады.

Наубайшы нан пісіреді.

Жүргізуші машина жүргізеді.

Егінші егін егеді.

Шаштараз шаш қияды.

Кітапханашы кітап береді.

Аспаз тамақ даярлайды.

Барлық мамандықтар жақсы, қызықты. Әр адам өзіне ұнаған мамандықты таңдап алады.

- Мәтінді мәнерлеп, тізбектеп оқу.



СЕРГІТУ СӘТІ («Қара жорға» физминутка)



Дәптермен жұмыс

Бекіту

ІІ деңгей. Сөйлемдерді толықтырыңыз

Мамандықтың түрі көп: ....., ...., ....,....

Маған ......... мамандығы ұнайды.

Өйткені, ........

Менің әкемнің мамандығы..........

Менің шешемнің мамандығы.............



ҮІІ кезең. Грамматикалық тапсырма

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда сын есім ережесін еске түсіреміз, интерактивті тақтаға назар аударайық, СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТАНЫ толықтыру.

ҮІІІ кезең. Қорытынды

Жұмбақтар шешу

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (______________)



2.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (_____________)



3. Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (_____________)



4. Тісің ауырса кімге барасың? _______________



5. Жақсы маман болу үшін не істеу керек? ______________



ІХ кезең. Үйге тапсырма

• 119-бет, 3-тапсырма оқу, мазмұндау;

• Жаңа сөздерді қайталау;



Х кезең. Бағалау



Рефлексия

Балалар, түсті стикерге белгілі смайлдарды салып «Сабақ ұнады» немесе «Сабақ ұнаған жоқ» деген тақтаға жабыстыруыңызды сұраймын, рахмет!

</

Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал