7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты 'Қарттарым - асыл қазынам'

Ашық тәрбие сағаты 'Қарттарым - асыл қазынам'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық тәрбие сағаты

Сыныбы, пәні: 8-сынып. Қазақ тілі

Пән мұғалімі: №24 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бектұрғанова А.У

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Қарттарым -асыл қазынам

Мақсаты

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, халқының салт - дәстүрінен нәр алуға,жақсы мен жаманды ажырата білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интербелсенді тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлерқанатты сөздер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе (15мин)

1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Тренинг арқылы топқа бөліп алу. Ол үшін оқушылар стикерге жазылған қайырымдылық,қамқорлық,жақсылық тақырыптарын таңдап алады.

І топ. «Қайырымды»

ІІ топ. «Жақсылық»

ІІІ топ. «Қамқорлық»

3. Психологиялық сәт.

Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 3 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады..

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.


Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


Тұсаукесер

(5мин.)

  1. Ой қозғау: Жоғарғы және төменгі дәрежелі сұрақтар қойылады.

  2. Қазына деген не?

  3. Отбасындағы ең қадірлі адамдар кімдер?

  4. "Қарты бар үйдің қазынасы бар" деп неге айтамыз, сен оны қалай түсінесің?

  5. Ата мен әжеден қандай тәрбие аламыз?

- Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.


Тәрбие сағатының мақсаты мен сабақ барысын, күтілетін нәтижесін айтып өту.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.

Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.

Негізгі бөлім

(20мин)

І тур.Жағдаят(ситуация)Әр топқа шағын слайд көрсетіледі.Сол бойынша жағдаятты баяндау

1 Қайырымдылық тамшысы. (Автобустағы жағдай)

2. Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі)

3. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер»не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады?(Қарттар үйіндегі жағдай)

ІІ тур. «Кім ұтқыр?»Әр топ қайырымдылық,сыйластық,сыпайылық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)

.

Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап,топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)

Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.


Қорытынды

(5мин.)


Қорытындылау.

«Ата-ана ақысы»фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазажы)

ІІІ тур.Постер құрау.

1 топ. «Қайырымдылық »

2 топ. «Қайырымды істер»

3 топ. «Менің қайырымдылыққа қосар үлесім» тақырыптарына әр топ постер жазады.

Оқушылар матаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.

Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Сау болыңыздар!


Әр топ постерді қорғайды.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды..


Сынып оқушыларының үйден дайындап келген «Асыл әжем» әні орындалып,тақпақтар орындалады


.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал