7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы: Отбасы бақытының қағидалары

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Отбасы бақытының қағидалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тақырыбы: Отбасы бақытының қағидалары

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі



1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Берілген ұғымға көңіл аударыңдар. Көшіріп жазыңдар. Сыйластық

Отбасы бақытының негізгі кілті сыйластық орын алған отба¬сында береке де, бірлік те болады. Жалғыз отбасында емес, адам¬дар арасында да сыйластық үзілмеуі тиіс.

Сыйластық сенің үйіңде орнаған ба?

2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Бірнеше сұрақ құрап, өзара сұхбаттасыңдар.

Нағыз адам

Жапан даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.

Құдық басында ұзын арқанға байланған шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып, су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.

Өңірде байлаулы арқан үзіліп, шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Мал суаруға да шелек таба алмай, қолы кесілгендей болды.

Келесі күш таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі керіліп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз салып, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

- Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.

- Бұл жартылай адам, - деді атасы.

Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Таңдайы құрғаған кісі арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды.

Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадаи сабан арасына салып, жүріп кетті.

- Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.

- Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы.

Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған күйі қала берді.

- Бұл қандай адам? - деп сұрады немерем.

- Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы. (В.Сухомлинский)

Сыйлассаң сыйымды боларсың

3-тапсырма. «Нағыз адам» әңгімесіндегі қарамен жазылған тұрақты тіркестердің сөйлемге қандай мағына беріп тұрғанын айтыңдар.

4-тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз



«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық

Тілесе әркез жаны ашып,

Осы бір шырын-тәттілік

Тұрмай ма жанға жарасып?!

Баршаға керек жақсылық!

Жақсылық сүйер жанымыз,

Баршаға жетер жақсылық,

Кызғанбай бөліп ақысыз!

«Сіз», «біз» деген жылы сөз -

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі!

(Ө. Тұрманжанов)

Сұрақтар:

1. Ақын адамдар арасындағы сыйластықты қалай беріліп тұр?

2. Сендер кімдерге жанашырлық сезімдеріңді бересіңдер?

3. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

1- тапсырма. Төмендегі қажетті сөздерді пайдаланып, өлен, шумағын құрастырыңдар.

Отбасымда ..., Ата-анамның

... пенен жарастыд. Әрдашан да ... .

Қажетті сөздер: сыйластық, достық, талай, амандық.

2- тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Малдаржан, мектептен келген соң, қозыларға шөп орып әкел, - деді көкесі жұмысқа кетіп бара жатып.

- Мадұл, көке.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық

Тілесе әр кез жаны ашып,

Осы бір шырын-тәттілік

Тұрмай ма жанға жарасып?!

Баршаға керек жақсылық!

Жақсылық сүйер жанымыз,

Баршаға жетер жақсылық,

Қызғанбай бөліп алыңыз!

«Сіз», «біз» деген жылы сөз

-Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі!



(Ө.Тұрманжанов)

Сұрақтар:

4. Ақын адамдар арасындағы сыйластықты қалай беріп тұр?

5. Сендер кімдерге жанашырлық сезімдеріңді білдіресіңдер?

6. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

Өкініш

- Малдаржан, мектептен келген соң қозыларға шөп орып әкел, - деді көкесі жұмысқа кетіп бара жатып.

- Мақұл, көке.

Бірақ Малдар мектептен келгенде әкесінің айтқанын ұмытып кетті. Әжесі тамаққа тойдырған соң, далаға шығып, доп қуа жөнелді. Содан күн батуға жақындағанда шаршап-шалдығып үйге әзер жетті. Әжей шөп әкеліп, қозыларды көгендеп қойған екен. Ол қуанғанынан кереуетке құлай кетті де, сол бойы тәтті ұйқыға шомды. Бір кезде дабыр-дұбыр сөйлескен дауыстан оянды. Ақырын көзін ашып қарағанда әке-шешесінің жұмыстан келіп, әжесімен бірге тамақ ішіп отырғанын көрді.

- Малдаржан сабақтан келген соң, тамақ ішті ме? - деді көкесі.

- Жоқ, қолы тимеді, - деп жауап берді әжесі немересінің жалқаулығын жасырып. - Оқудан келді де, шөпке кетті. Одан соң арқандаулы сиырды суарды. Айналайын, содан шаршап қалған-ау, келді де, тамаққа қарамай ұйықтап кетті.

- А? О, азамат болды десеңізші. Міне, міне, жігіт болды деген осы. О, айналайын, жарайды ол.

Көкесі мен шешесі әжейдің сөзіне сеніп, ұлдарын айналып-толғанумен болды. Ал мұның бәрін тыңдап жатқан Малдар олардың өзін босқа мақтап отырғанын біліп, іштей қатты ыңғайсызданды. Осы кезде Малдар сол жұмыстың бәрін өзі істемегеніне өкінді. Онда ол ата-ананың шын қуанышы болар еді-ау!

Малдар таңның атуын тағатсыздана күтті. Себебі ол ертең әжесіне жалған айтқызбайтынына, әке-шешесін шын қуандыратынына сенімді еді. (Д.Исабеков)

Сөздік



мақұл - хорошо

шаршап-шалдыгғу - сильно устать

әзер жету - еле дойти

ұйқыға шому - крепко заснуть

дабыр-дұбыр сөйлесу - говорить громко

жалқаулық - леность

айналып толғану - ласкать

ыңғайсыздану - чувствовать неудобство

тағатсыздана күту - ждать с нетерпением



Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Сұрақтар:

1. Малдарға көкесі қандай жұмыс тапсырды?

2. Ол оны неге орындамады?

3. Әжесі немересінің жалқаулығын жасырған себебі неде деп ойлайсың?

4. Малдар өз қателігін сезініп, өкінуінің себебі неде?

Үйге тапсырма. 3-тапсырма. Төмендегі қажетті сөздерді пайдаланып, өлең шумағын құрастырыңдар.

Отбасымда ..., Ата-анамның

... пенен жарастық. Әрқашан да ... .

Қажетті сөздер: сыйластық, достық, тілегі, амандық.

Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал