7


  • Учителю
  • Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазіргі біз кеңінен қолданып жүрген қазақ әдеби тілі - стильдік-жанрлық тармақтары айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Мәдени жұртшылықтың бәріне ортақ нормасы бар, қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие.

Қазаң әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында -ғылыми стиль, басқару мен құқықтық, іскерлік саласында - ресми іс-қағаздар стилі, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилі, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста - сөйлеу тілі стилі.

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары, түптеп келгенде, үлкен екі арнаға саяды. Жоғарыда аталған публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль, көркем әдебиет стилі - кітаби тіл стильдері деп аталады. Кітаби тілдің осы айтылған стильдері жазбаша және ауызша түрде де қызмет атқарады. Ал сөйлеу тілінің стильдік тармақтары болмайды. Қарым-қатынас, негізінен, ауызша түрде жүзеге асады.

Стиль - сөйлеп отырған жанның өз лебізін коммуникативтік талапқа сәйкес, қарым-қатынас мақсатына сай құра білуі. Бұл жағдайда лебіз иесі қолданыс қажеттілігіне қарай белгілі бір стильді пайдаланады.

Тіл стильдері

Кітаби тіл стилі

Ауызекі сөйлеу стилі

Көркем әдебиет стилі

Іс қағаздар стилі

Ғылыми стиль

Публицистикалық стиль


Жаттығумен жұмыс: 17-жаттығу . Мәтінді көшіріп жазып,стилін айқындап,бірінші абзацтағы ойды ауызекі стилде айтып беріңдер. Қарамен жазылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 18-жаттығу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал