7


  • Учителю
  • 'Үстеу. ҮСтеу туралы түсінік' (6 сынып)

'Үстеу. ҮСтеу туралы түсінік' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 6- сынып


1-апта

1-күн 03.04.2014жыл 80-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Үстеу. Үстеу туралы түсінік.

Сілтеме

Жоспар ( күнтізбелік жоспар )

Жалпы мақсаты

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын- сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздер қатарын меңгертуге бағыт беру.

Оқыту нәтижесі

Сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктерді талдау арқылы оқушының ізденімпаздығын арттыру.

Негізгі идея

Сөз таптарының құрамынан үстеуді ажырата білу.

Ақпарат көздері:

Интербелсенді тақта, қалам.

Қолданылған технологиялар:

Блум таксаномиясы, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау.

Іс-әрекет түрлері:

Диологтік оқыту, жекелей, постермен жұмыс, миға шабуыл, шығармашылық жұмыстар, сыни тұрғыдан ойлау.

Кезеңдер:

Мұғалімнің сабақ барысы

( 45 минутқа дайындалған )


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Алғашқы рефлексия кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу.

Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Жоқ оқушыларды анықтау.

әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.

Әр түске анықтама бере отырып, қызығушылығын ояту.

Жасыл түс-бастаған іске сәттілік түсіп тұр.

Сары түс-сабақта белсенділік көрсетеді.

Қызыл түс-ынтымақтастық атмосфераны құруға дайын.

Көк түс-шығармашылық

Сәлемдесу.

Кезекші сыныптағы оқушылар туралы мәлімет береді.

Оқу материалдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Әр оқушы өзіне ұнаған түстерді таңдап алады да, сол бойынша 4 топқа бөлініп отырады.

Әр топта баяндамашы, хатшы, таймкипер, төраға болады.

Әркім өзінің топтағы қызметін бөліп алады.


Білу. Білімді тексеру кезеңі.

Сөзжасам туралы не білесің?

Түбір, туынды,біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркес сөздер.

Түсіну. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Миға шабуыл. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

9- зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөз, шылау, одағай.

Қолдану. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі.

Үстеу деген не? Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып, жаңа сабақты өздігінен меңгеру. Әр топқа постер тарату арқылы өз білгендерін сызба бойынша көрсетіп, оны өздері топта талдап, әр топтың репортері тақырыпты сыныпқа түсіндіреді.

Оқушылар өздері оқулықты оқып шығып, сол бойынша топпен бірлесе жұмыс жасап қорғайды.

Талдау, жинақтау.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қаламның көмегімен тиісті сөзді тауып қою.

  1. Жайлау... ... көктеді.

  2. Абай ... ... таныды.

  3. Абай бұл ... де ұйықтамады.

  4. Үй іші ...-... ... тыңдаған екен.

269- жаттығу.Көшіріп, үстеулерді табу. Қай сөзге қатысты екенін анықтау.


1. Жайлау биыл ерте көктеді.

2. Абай енді ғана таныды.

  1. Абай бұл түнде де ұйықтамады.

  2. Үй іші жым-жырт боп тыңдаған екен.


  1. Биыл алғаны.

  2. Жартылай көшіп, Шақпаққа қонған.

  3. Үй төбесінде күтіп тұрған, домалап төмен түсіп барады.

  4. Арагідік елестетіп.

Сергіту сәті

Музыка қою.

Денені сергіту.

Сабақты бекіту кезеңі.


Берілген суреттер бойынша жыл мезгілдеріне мәтін құрау.

1-топ. Жаз.

2-топ. Күз.

3-топ. Қыс

4-топ. Көктем.


Бағалау «арба дөңгелегі»

« Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» оқушылар өз-өзін бағалайды. Стикерлер таратылады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып, постерге жабыстырады. Бағалау өлшемдері бойынша әр топ оқушылары бір-бірін бағалайды.

Пайдаланған құралдар:

Әр түрлі түстегі маркерлер, постер, стикер, суреттер

Үйге тапсырма

271-жаттығу. Көшіріп, сұрақ қою арқылы үстеулердің астын сызу.

Күнделікке жазып алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал