- Учителю
- Сәкен Сейфуллин Дала өлеңі
Сәкен Сейфуллин Дала өлеңі
__________________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
«Дала» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
-
С.Сейфуллиннің өмірі және шығармашылық жолымен қысқаша таныстыру. «Дала» өлеңіндегі табиғат көрінісінің суреттелуімен, «Наурыз» өлеңіндегі жаңарған тіршілік көрінісімен таныстыру.
-
Әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту.
-
Оқушыларды халқын, ақынды, тілді құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқыту, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану.
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, тірек сызба, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу.
-
Кезекшімен сұхбаттасу.
-
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
-
Жаңа сабақ:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Қазан төңкерісі, ұлт-азаттық күресі туралы қысқаша).
-
Оқулықтағы С.Сейфуллин туралы мәліметпен жұмыс жүргізіледі.
С.Сейфуллин шығармашылығына арналған кестені толтырыңдар:
-
Сөздік жұмысы. Сөздер интерактивті тақтада көрсетіледі:
Кедей - бедный
Өнерлі - искусный
Әңгімешіл - словоохотливый, разговорчивый; рассказчик
ұлт-азаттық көтеріліс - национально-освободительное восстание
тілектес - сочувствующий
киік - сайгак
көпсырлы - многогранный
Қазан төңкерісі - Октябрьская революция
Тұсаукесер - презентация
Дәріс беру - учить
Көшпелі - кочевой
-
Тақтада берілген тірек сызба арқылы оқушылар Сәкен Сейфуллин туралы баяндайды:
-
Приход мектебі
-
Үш сыныптық училище
-
Сергіту сәті.
-
«Дала» өлеңімен жұмыс:
-
Өлең мәтіні оқылады, оқушылар өздері мәнерлеп оқиды.
-
Өлеңді оқи отырып, дала суретін қалай елестетесіңдер?
-
қандай? қандай?
-
в. Әдебиет теориясынан түсінік беру. Теңеу, эпитет туралы түсінік.
-
Көркем шығармаларда ақын-жазушылар оқиғаның, көріністің дәл сипатын беру үшін әртүрлі сөз өрнектерін қолданған. Солардың қатарына теңеу мен эпитет деп аталатын ұғымдар да жатады.
-
Теңеу - көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.
-
С.Сейфуллин «Күз» атты өлеңінде талдың жапырағын сұлуға, жасыл жібекке, күзді ұялшақ келінге теңейді.
-
Эпитет - заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз. Абайдың «Күз» деген өлеңін аламыз
-
г. Өлеңге байланысты берілген сөздік:
-
Дала -степь
-
Құшақ - объятие
-
Кең - широкий
-
Сағыну - скучать
-
Кестелі жібек көрпедей - как вышитое шелковое одеяло
-
Майысып гүлдер бұралды - цветы грациозно изогнулись
-
Көк шалғын - зеленый луг
-
Бөгеу - преграждать
-
Шаттану - радоваться
-
Еркелеу - быть баловнем
-
Тән мен жанды балқыту - истома души и тела
-
Иіс - запах
-
Жас бала - младенец
-
Сабақты бекіту:
-
Тапсырма: «Дала» өлеңінен теңеу мен эпитеттерді теріп жазу.
-
Сабақты қорытындылау:
-
С.Сейфуллин қашан, қай жерде дүниеге келген?
-
Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?
-
С.Сейфуллин кім?
-
Үй тапсырмасы:
-
Ұнаған өлең үзіндісін жаттау;
-
Жаңа сөздер жаттау;
-
Теңеу мен эпитетьерге мысалдар жазып келіңдер. Орыс әдебиетінде де пайдалануға болады.