7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі ақырзаман бейнесі

Ғылыми жоба Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі ақырзаман бейнесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚҒылыми жоба Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі ақырзаман бейнесіазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Батыс қазақстан облысы

Орал қаласының білім беру бөлімі

№1 жалпы орта білім беретін мектебі















Орындаған: Жетпісбай Гүлсая

10 сынып









Тақырыбы:

«Қадыр Мырза Әлі өлеңдеріндегі ақырзаман бейнесі»





Жұмыстың ұсынылған бағыты: қазақ әдебиеті









Жетекшісі: Алипова Гүлназ Тұрақбайқызы - қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі

























Орал қаласы 2013

МАЗМҰНЫ





Абстракт .........................................................................................................3- бет





КІРІСПЕ ............................................................................................................ 5- бет





НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ұлты мақтаған ұлы тұлға........................................................................... 6-бет

2. Ақын өлеңдеріндегі дәуір шындығы....................................................... 6-бет

  1. Қадыр өлеңдеріндегі «ақырзаман» бейнесі ...................................... 7-бет

  2. Ақын өлеңдеріндегі ішмдік пен шылым сынды қоғам індеттірінің көрінісі.................................................................................................. 7-бет

  3. Ақын өлеңдеріндегі панасызар мен жұмыссыздық бейнесі...........11-бет

  4. Ақын өлеңдеріндегі қоғамдағы бұзақылық пен азғындық көрінісі.15-бет

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................17-бет





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................19-бет





































Қадыр Мырза Әлі өлеңдеріндегі ақырзаман бейнесі

№1 жалпы орта білім беретін мектебі

10 «а» сынып оқушысы

Жетпісбай Гүлсая

Жетекшісі: Алипова Г.Т



Абстракт

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Қадыр Мырза Әлі өлеңдерінде көрініс тапқан «ақырзаманға» апарар замана құбылыстарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу. Ақын өлеңдерінің әрбір шумағында тұнып тұрған философиялық ойлар бар екенін көрсету.

Жұмыстың барысы мен кезеңдері:

Зерттеу жұмысының теориялық негiздерi мен мақсаттары айқындалды, Қадыр Мырза Әлінің өлең жинақтары, ақын жайындағы еңбектер мен зерттеулер жинақталып, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеу тақырыбына сәйкес қаладағы түрлі орталықтарға барып, статистикалық мәліметтер алынды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері

Ақын өлеңдерінің мәтіндерін талдау барысында топтастыру, күнделікті өмір шындығымен салыстырмалы сипаттама беру, тұжырымдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық және әдістанымдық негіздері:

Жұмыстың теориялық және әдістанымдық негізі ретінде басылым беттеріндегі ақын еңбектеріне арналған мақалалар мен еңбектер, ақынның өлең жинақтары мен поэмалары басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Жұмыста Қадыр Мырза Әлі атамыздың дәуір шындығы мен «ақырзаман» бейнесін ашып көрсететін тақырыптық тұрғыдан зерттелмеген өлеңдері теріліп алынып, тақырыптық қырынан топтастырылды. Күнделікті өз қаламызда кездесетін қоғамның түйткілді мәселелерімен сабақтастырыла зерттелді. Әрбір өлеңнің астарында үлкен философия мен тәрбиелік түсінік жатқандығы дәлелденді.

Қорытынды:

Зерттеу жұмысында талданған тақырып арқылы, жинақталған материалдарды, қорғауға ұсынылған тұжырымдарды жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатында мектептегі жоғарғы буындағы сынып сағаттарында пайдалануға болады.

Аңдатпа

Жұмыс кіріспедан, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық маңыздылығы мен жаңашылдығына сипаттама беріледі. Негізгі бөлімде ақын Қадыр Мырза Әлі өлеңдерін салыстыра талдау арқылы дәуір шындығы мен «ақырзаман» бейнесін ашып көрсетіледі. Өлеңдерінің мазмұны бүгінгі қоғамның түйткілді мәселелерімен мысалдар, статистикалық мәліметтер арқылы сабақтастырыла зерттеледі. Әрбір өлеңнің астарында үлкен философия мен тәрбиелік түсінік жатқандығы дәлелденеді. Қорытындысында негізгі жұмыс нәтижелері мен ұсынбалар берілген.

Аннотация

Работа состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованной литературы. Во введении обосновывается актуальность темы исследования, формулируются цели и задачи, определяется объект, предмет, методы исследования, теоретическая и практическая значимость, новизна. Основная часть посвящена изучению теоретических основ исследования. В ней делается анализ стихотворении поэта о вредных привычках, которые наносят ущерб обществу, своеобразие научного мировоззрения поэта, причины его обращения к данной тематике. В заключении подводятся итоги работы, представлены основные выводы проведённого исследования и анализа.

Abstract

Work consists of the introduction, two heads, the conclusion and the list of the used literature. Relevance of a subject of research locates in introduction, the purposes and tasks are formulated, the object, a subject, research methods, the theoretical and practical importance, novelty is defined. The main part is devoted to studying of theoretical bases of research. In the conclusion works are summed up, the main conclusions of the conducted research and the analysis are presented.

































КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Күні бүгінде қазақ халқының жарқын болашағына көлеңке түсіретін қазақ жастарының ішімдік пен шылым шегушілікке үйірсектігі, панасыз, үй-күйі жоқ «бомждардың» санының артуы, қара қазақты сарсаңға салған жұмыссыздық, адамзат баласының бойындағы адам жаны түршігерлік зұлымдық әрекеттердің көбеюі, ақынның сөзімен айтқанда «ақырзаман» белгілері сынды түйткілді мәселелер сан мың жерден айтылып, талқыланып жатырса да, өз шешімін түбегейлі таппай отырғаны белгілі. Жұмыстың өзектілігі де сонда, Қадыр ақынның өмір мен замана жайындағы өлең шумақтарын талдап көру арқылы олардың сырын философиялық тұрғыдан ашу барысында өз қаламдағы жас ұрпақтың салт-санасына кері әсер ететін «қоғамның қотыры» саналатын түрлі теріс әдеттердің бар екендігін дәлелдеу. Поэзия мен өмір арасындағы тығыз байланысты Қадыр Мырза Әлі өлеңдері арқылы көрсету, өз замандастарыма қоғамдағы ақын жырлап кеткен өмірдің түйткілді мәселелері туралы ой салуды мақсат етеді.

Осы алға қойылған міндеттерді шешуде ақынның бірнеше томдық өлең жинақтарын алып, оқыдым, тақырыпқа сәйкес өлеңдерін топтастырдым, күнделікті өмірмен салыстыра өзіндік талдау жасау әдістері арқылы зерттеу жұымысын жүзеге асырдым.

Зерттеудің нысаны.

Ақын Қадыр Мырза Әлінің замана , дәуір шындығын ашып көрсететін өлеңдерін теріп, жүйелеп, талдау жүргізу зерттеу нысаны болды.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

































НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ұлты мақтаған ұлы тұлға

Махамбет, Қасым, Мұқағали, Тұманбай, Қадыр десек, ешкім де «ақын деген көп қой бізде, пәлі!» дей алмады. Себебі, әрқай­сысы өз алдына шоқтығы биік шың болғандықтан, ақын­дар ешқашан көптік етпейді. Өйткені, бір ақын - бір әлем.

Ақ Жайық өңірі қашанда ақынға да, азаматқа да ежелден кенде болмаған. Әр ақыны мен азаматының өз биігі бар. Солардың ішінде «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..» деп туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын жыр жолдарымен білдірген Қадыр Мырза Әлі -біздің қадірлі жерлесіміз, қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы . Қадыр Мырза Әлі -ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый-құрметіне бөленген қайраткер, ұлты мақтаған ұлы тұлға.

«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де, сөзін біледі», -деп белгілі жазушы, мемлекеттік қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында, Қадыр Мырза Әлі -өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.

Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты, белгілі бір тақырыпты терең зерттеп-зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге келді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман-ай», «Алмас жерде қалмас», «Ақырзаман», тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын-соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды.

2. Ақын өлеңдеріндегі дәуір шындығы

Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтың поэзиясы сан қырлы. «Үлкен ақын өз түйсіктерін ірі қорытады, ұлы түйін жасайды» демекші, адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады. Дүлдүл ақынның қай туындысын алып қарасаң да, дәуір шындығын ашық айтып, өз елінің мұңын жоқтаушы, кейінгі ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол философиялық туындыларды дүниеге әкелуші ретінде танылады.





2.1. Қадыр өлеңдеріндегі «ақырзаман» бейнесі

Мені ерекше толғандырған, ой салған тақырыптарының бірі -әлеуметтік келеңсіздіктер, яғни, ақын өлеңдеріндегі «ақырзаман» бейнесі. Ақын поэзиясындағы көркемдік қабылдау арналарынан қоғам, кезең көріністері бар сыр-сипаттарымен даралана түседі. Осындай ізденістер ақынның он үш томдық шығармалар жинағының өн бойынан көрінеді. Ақын өлеңдердің алтын қазығы біреу -халық қамын ойлау. Әсіресе, замана жайынан ой ұқтырып, қоғамның әлеуметтік жағдайын шыншылдықпен шынайы жырлаған сыншылдық сарын әсте қалмай өлең өрімінде бірге дамып отырады.

Ақырзаман... Ақын өлеңдерімен таныспас бұрын менің түсінігімдегі «ақырзаман -жер бетін топан су басуы және адам баласының жер бетінен жоғалуы» еді. Ал қазір ше?... Қадыр Мырза Әлінің сан тақырыптағы өлеңдерімен, «Ақырзаман» поэмасымен таныса отырып, ақырзаманды алыстан іздеудің қажеті жоқтығын, біздің қазіргі өмірімізде күнделікті кездесіп отыратын келеңсіз жағдайлар мен жалпы адам баласының азғындауының өзі ақырзаман екенін түсіндім.

Осы зерттеу жұмысыма кіріспес бұрын ең алдымен ақынның өмірі және шығармашылық жолымен таныстым , «Шырғалаң», «Еңіреп өткен релер-ай», «Дала дидары», «Иірім», «Жазмыш» өлеңдер жинағын оқып, өлеңдерінің тереңіне үңілуге тырыстым. Оқи отырып, қоғам мен адамның азғындауына әкелетін түрлі келеңсіздіктерге арналған өлеңдерін «ішімдік пен шылым шегудің зияны», «жұмыссыздық пен панасыздар мәселесі», «қоғамдағы бұзақылық пен азғындық көрінісі» тақырыптары бойынша топтастырдым. Ақын қозғаған тақырыптағы «қоғамның қотыры» саналатын панасыз бомдар да, жұмыс іздеп сандалған жандар да, шылымды шіміркене сорып, сыраны судай ішкен қазақ жастарын да , түрлі бұзақылық пен қылмысқа барған бесіктеп белі шықпаған жасөспірімді де өз қаламнан күнде кездестіретінімді түсіндім.

Мұны үрей деп,

Қорқу деп ұғынбалық.

Бір-ақ сәтте қаласың шығынданып.

Дәрі-дәрмек алуға қаржы тапшы,

Ауруға да қорқады бүгін халық [3].



  1. Ақын өлеңдеріндегі ішімдік пен шылым сынды қоғам індеттірінің көрінісі



Ақын өзінің өлеңдерін сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанынаңғартып отырады. Ақынның «Ақырзаман» поэмасының «Аңқау ел және айнала қастандық» тарауында замана бейнесі анық та ашық түрде беріледі. Мысалы, жастардың жастығын сақтайтын, ата-ананың үмітін еш күдіксіз ақтауға кезектен тыс кедергі келтіретін есірткі, ішімдік сияқты санамызды улап, еңсемізді түсіретін қылықтарды поэмада сондай ашынған үнмен жеткізуге тырысады:

Анасы ма?

Аяма!

Баласы ма!

Немесе данасы ма?

Міне солай:

Бойжектен,

Бозбаланың

Құйып жатыр героин санасына[1, 384-б], -дей келе , сондай-ақ «Мәңгүрт күндер» өлеңінде:

Жақсы дедік,

Жабайы кез қалды ұлып.

Жылжи беру тек ілгері - заңдылық.

Есерсоқты есірткімен қамшылап,

Жіберуге жеңіл енді мал ғылып?! - дей отырып, ана демей, бала демей қаншама адамның өмірін қиып, тағы біреулерін темір тордың артынан сығалатып жатырған есірткі сынды қоғам «дертінен» аулақ болуға шақырады. Нашақорларды күнделікті өмірде жиі кездестірмегенмен, қаламызда олардың жыл санап көбейіп келетіндігін жақсы білемін. Нашақор -менің түсінігімде жігері төмен, өзіне-өзі қожалығы жоқ, бір шөкім есірткі үшін зорлыққа да , ұрлыққа да ойланбай баратын жан. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2013 жылы біздің облысымызда ресми түрде 1046 нашақор тіркелген болса, оның 850-і героин есірткісін қолданады екен.

Денсаулық пен қоғамға зиянды әрекеттердің бірі - ішімдікке салыну. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой алкоголь туралы былай деп жазған болатын: «Арақ - адам есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қылмысқа итермелейді». Ия, ақын бұл тақырыпты да айналып өтпеді. Ол «Ақырзаман» поэмасында:

Біздер үшін кезі бұл өліараның,

Запыраннан ащылау салар әнің.

Судан гөрі Аралға құйып жатқан,

Құйып жатқан көмейге көп арағы! [1, 385-б]

немесе «0, адам!» өлеңінде :



0, адам!

Өзіңе өзің қожасың ба?!

Түреміз қашан құлақ сөзі асылга?!

Қолымыз босап кетсе,

Бұл не пәле?

Ішеміз сырасын да,

Бозасын да!

Шелектеп ішіледі шарабың да!

Ағады арық болып арағың да!

Барлығы:

Адалың да,

Арамың да

Сіңгендей жоқ болады Қарақұмға!

Күні өтер төренің де,

Қожаның да!

Күні өтер арақ-шарап,

Бозаның да!

Пайдасы болса спирттің...

Қиналмай біз

Жанармыз лап-лап етіп тозағыңда... [1], -деп маскүнемдіктің денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе екендігіне оқырманының көзін жеткізгісі келеді. Статистикалық мәліметтер бойынша Орал өңірінде ресми түрде ішімдікке салынған 2011 жылы 10000 адам, 2012 жылы 7700 адам, қазір, 2013 жылғы есеп бойынша 8650 адам тіркеуде тұр екен. Оның ішінде 446 -әйел адам. Осындай ішімдікке бой ұрған ана мен әке көріп өскен ұрпақтан не күтуге болады? Мысалға алсақ, қала көшелерінде, демалыс саябақтарында, қоғамдық орындарда тыйым салынғанына қарамастан, сыраның адам ағзасына зияны туралы біле тұра қолдарынан сырасы түспейтін жастарды көптеп кездестіруге болады. Сыра да ішімдік санатына жатады әрі адамды өзіне тәуелді етеді. Ақын жалпы ішімдік атаулының адамның ақыл-есін ғана емес, жалпы санасын, ойын ұрлайтынын «Мәңгүрт күндер» өлеңінде атап көрсетеді:

Бет пердесі - киіп алған бір шұлық.

Бұзық күндер,

Мәңгүрт күндер жүр шығып.

Ең алдымен олар ойды тонайды,

Өмір емес, ойсыз өмір -

Тіршілік! [2].



Заманды аздыратын, адам санасын улайтын тағы бір зиянды әдеттердің бірі - шылым шегу. Оны осы кезде еркек те, әйел де, қарт та, жас та тартады. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балалар да ауызына қыстырады. Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғанымен, келе-келе олар да үйреніп кетеді.Үлкен - кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде «никотин» дейтін нерв жүйесін, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесін зақымдайтын ерекше у бар. «Ақырзаман» поэмасында:

Қай кезде де, әрине, болған шығын,

Көмусіздің көзіне қонған шыбын.

Көшелерді көмкерген киоскілер,

Киоскілер сөресі толған шылым [3].



Өз көзімен оқиды барып көрген:

Кереметтей көрікті әріптермен.

Қай қалада болмасын

Жүргізбейді

Шылымдарын шетелдік дәріптеген! [1, 385-б]

Кезімізде ғарышты иегеретін,

Құрметті де көретін,

Сый көретін,

Кіріс үшін улаймыз жас буынды,

Жер жүзінің алып кеп сигаретін[3] -деп , әдемі жасалатын жарнама жастарды шылым шегуге еліктіретінін, оның жас буынның денсаулығы мен болашағына тигізер зиянын біле тұра, үкіметіміздің шылымның сатылуына жол беріп отырғанын, адам денсаулығынан кіріс пен бас пайданы жоғары қоятынын да өз өлеңдерінде бас айтады.Ал, «Барымта» атты өлеңінде:

Бетке ұстап бәтуәгөй шалдарыңды,

Бозбала базынашыл жалбарынды.

Бірақ та қолын сілтеп,

Бойжеткен қыз

Бір күні киіп алды шалбарыңды!

...Бір күні тізгініңді,

Билігіңді,

Содан соң тартып алды шылымды да! [2] -деп, ерлермен қоса аруларымыздың да сол зиянды әдетке әуестенетіндігін налып айтады. «Ақырзаман» поэмасындағы:

Өз алдына уыздай келіншегің,

(Осымен бір күресіп көрсінші елім!).

Оқушысы бастауыш кластардың

Мектебіңде жүреді шылым шегіп [1, 384-б]-, деген жолдары жыл сайын Қазақстанда кәмелетке толмаған бүлдіршіндердің шылымға, әсіесе насыбай атуға әуестілігі артып келетінің дәлелі іспетті.

Сондай-ақ, «Шөгеді бәрі» өлеңінде:

Адамның бірақ ақылы сонда:

Өздері

Жамандықты айтып,

Жақсыға ғана сенеді!

Шөгеді бәрі,

Шөгеді бәрі, шөгеді.

Шағылдар анау - кешегі шалғыға шөп еді.

Сәулетіңді де,

Дәулетіңді де көрген жұрт

Шылыммен қоса азабыңды да шегеді[2], -дей отырып, шылымға құмар жандардың шегер азабының да мол болатынын ескертеді. Тереңге құлдилап батып бара жатқан келер ұрпақты құтқарар жол таппаған ақын:

Мен -халықтың мұңымын,

Жай сырымын.

Жай сырымын,

Шынында бай сырымын.

Қолдан шығып барады келер ұрпақ,

Қайсыбірін айтайын,

Қайсыбірін?! [1, 385-б],- деп мұңын шағады.













  1. Ақын өлеңдеріндегі панасызар мен жұмыссыздық бейнесі





Елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі «екі қолға бір күрек таппай», яғни өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс</</font> -жұмыссыздық мәселесі де ақын шығармашылығында көрініс табады.

Қиналмаған дәл өстіп өмір енді,

Халық қатты толғанды

Тебіренді.

Ауыр жұмыс адамды шаршатады,

Жұмыссыздық одан да ауыр енді.

Жылдар өтер жыртығың жамалғанша,

Шыдау керек!

Амал не?

Амал қанша?!

Жастар қанша сандалған ертелі-кеш,

Жұмыс іздеп сандалған маман қанша?! [1],- деп жұмыссыздық мәселесі туралы ой қозғайды. Поэмасында:

Кейбіреулер , апырмай, пәле тегі:

Болмай жатып қарыздар

Төлетеді.

Жұмыс сұрап шырқырап келген жаннан

Параға ұқсас бірдеңе дәметеді. [1], «Шырғалаң» өлеңінде:

Заманы бұл ұрлықтың,

Параның да.

Ашылды әбден ындының,

Араның да! [1], -деп парақорлық, шарасыздық сынды ащы замана шындығын барлық көрінісімен айқын бейнелейді. Өзі жұмыс таба алмай қиналған жаннан пара сұрап, тамыр-таныс талап етудің «жығылғанға жұдырық» екенін , бұл заманның -әділетсіздік заманына айналып бара жатырғанын қамыға отырып жырлайды. Келесі өлеңдерінде:

Талай әке ішінен «өлем!» деді.

Өзі шошып сөзінен, елеңдеді.

Нанға жетпей тапқаны,

Суға жетпей

Пәтерақы қаншама ай төленбеді?![1]





Жылама енді бауырым,

Жылама енді!

Білекті түр, белбеумен қына белді.

Айту оңай..

Шыдамай бір көршіміз,

Балконынан жақында құлап өлді [1], - деп сол жұмыссыздықтың салдарынан қаншама әлсіз жандар өмірмен қоштасатынын мысал ретінде келтіре суреттейді.

Өз қаламдағы жұмыссыздық мәселесі бойынша қалалықтардың қаншалықты хабардар екенін байқау мақсатында қала көшелерін аралап, сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға жалпы саны 30адам қатысты. Нәтижесінде:

жауап

Саны

1

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі қандай?

Жоғары

10

Қалыпты

12

Төмен

8

2

ҚР жұмыссыздықтың негізгі себептері қандай?

Кәсіпорындар жұмысы қарқынының төмендеуі

13

Инфляцияның жоғары деңгейі

5

Импорт үлесінің көптігі

2

Басқа

10

3

Қай санаттағы адамдар жұмыссыздыққа көбірек кезігеді?

Жас мамандар

17

Орта жастағы мамандар( 30-дан 40 -қа дейін)

2

Жоғары жастағы мамандар ( 40-тан 55-ке дейін)

11

Зейнеткерлер

0

4

Жұмыссыздық -бұл:

Мемлекет экономикасындағы оң құбылыс

0

Мемлекет экономикасындағы теріс құбылыс

23

Заңға лайық өмір шындығы

7

5

Елдегі соңғы онжылдықта жұмыссыздық мәселесінің Сіздің отбасыңызға жеке әсері болды ма?

оң әсер

0

теріс әсерге қарағанда оң әсері көбірек

0

оң әсерге қарағанда теріс әсері көбірек

14

теріс әсер

11

ешқандай

5

6

Қазір Сіздің отбасыңызда жұмыссыз жан бар ма?

Ия

7

Жоқ

23

7

Сіз үшін «жұмыссыздық»:

намыстың тапталуы

16

сатқындық

0

Ұят

14

еркіндік

0

жаңа өмір бастауға мүмкіндік

0

Сауалнама нәтижесінде байқалатыны, ақын мұң етіп жырлаға жұмыссыздық мәселесі оң өзгеріс тауып келе жатырғанын байқауға болады.

Нақты дәлелді мәліметтер алу үшін, өз қаламдағы жұмыссыздық деңгейін анықтау мақсатында жетекшіммен бірге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Тамара Кучкинамен кездескен болатынмын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Оралда жұмыссыздық деңгейі 0,4% құрап отыр.2012 жылы әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыс іздеп 8 мыңға жуық адам өтініш білдірген. 4 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2013 жылы жұмыспен қамту мәселесіне 100 млн теңге бөлінген. 3700 адамды еңбекпен қамту жоспарланған, 210 адамды жастар тәжірбиесі арқылы еңбекке араластыру, 500-ге жуық адамға кәсіптік білім беру жоспарланған.

Жұмыссыздық демекші, сол жұмыссыздық салдарынан қазір қол жайып, қайыр садақа сұраушылар көбейіп кетті. Тіпті оларды қоғамның ажырамас бір бөлшегі деуге болады. Араларында алыстан ат арытып келгендері де, бұл кәсіпті табыс көзі етіп жақыннан дорбалатып жүргендері де жетерлік. Ақынның «Ақырзаман» поэмасында:

Қайыр сұрап тұрғанды кім дер едің?

Біраз жаннан ол кеше ілгері еді.

Жанары оның от еді,жалын еді,

Енді оның орнынан мұң көремін[3]

Аралаған қаласын біледі ептеп,

Тек жақсылық,

Жақсылық тіле көпке.

Жайып тастап көнетоз қалпақтарын,

Мүйістерде тұрады мүгедектер. [1]





Бір қиындық әр үйде,

Әр ұяда.

Байлық түгіл ,

Тартылды дария да!

Қайыр сұрап тұрады жер астында,

Қалтыраған қолдары қариялар.





Сол баяғы салбөксе көрінсек те,

Жоқ бүгінде көкжалқау, еріншектер.

Құмалақ сап, бал ашып көшелерде,

Отырады кемпірлер, келіншектер. [1]





Дүрілдеген баяғы бар ма кештер?

Бар , әрине, бизнескер,

Бар-бикештер...

Базар толы сүйретпе,

Жүргізбейді.

«Ноги! Ноги!» деген кіл арбакештер[1] , -деп өмірден таяқ жеген, жұмыссыздықтан сандалып, қара базарда арба сүйреген , енді бірі қайыр сұрап күн кешкен жандар жайында тебірене толғайды. Аты дардай Қазақстанда осылай да күн кешiп жатқан қандастарымыз бар екен. Мұндай жағдайдан соң гүлденген мемлекет пен қарыштай дамыған экономика жайында сөз қозғауға қақымыз бар ма? Халықтың күйiн осындай бейшаралыққа жеткiзген қазiргi саяси жүйе мен оны жасаушылардың арына салып, обалын соларға жүктеуден басқа амал табу қиын-ақ...

Осы тақырыпты онан әрі өрбітуде «Ақырзаман» поэмасының «Панасыздар немесе қоғамның қотыры» тарауында қоғамға қажетсіз боп қалған үйсіз-күйсіз «көше қаңғыбастары» мен оларға деген жанашырлық сезімін білдіреді:

Сөздіктерден таппайды оны іздеген,

Пәле шықты бүгінде «бомж» деген.

Тоғыз айдай көтеріп,

Тапқан ана

«Бомж» болсын деп оны емізбеген. [1]





Шағынасың жерде кім,

Көкте кімге?!

Бақытты еді, бай еді көктемінде.

Қарағанда бала еді көзің тояр,

Үздік оқып бітірген мектебін де...[1], -дей отырып, сол адамдардың бірден «бомж» болып тумағанын, өмірдің талқысына төтеп бере алмай, баспанасыз, отбасынсыз далада қалған жандар екенін ашып көрсетеді де:

Кетер болса лақтырып қазанатың,

Құшағына алады бозала түн.

Іздемесе біреулер,

Іздемесін.

Қоғам іздеу керек қой азаматын!





Мырзамысың,

Кімсің сен?

Бегімбісің?

Тойда отырсың

Әрине, көңілдісің.

Ал бомждар «мусорда» ішіп отыр,

Жуындысын, біреудің

Төгіндісін.[1]





Ұл демейді бұл қоғам,

Қыз демейді.

«Бомждарды» ешкім де іздемейді.

«Өзі ғана кінәлі!

Өзі ғана!

Қажеті жоқ енді оның бізге» дейді.

Талайлардың бастары мәңгіріп жүр,

Қазақтардың өзіне қажеті жоқ

Қазақтарың...

Осылай қаңғырып жүр[1],- деп қоғамның немқұрайлығына нали отырып, оқырмандарын ақылға шақырады, қоғам үшін қажеті болмай қалған «бомждарға» деген аяушылық, азаматтық сезімдерін оятуға тырысады.





  1. Ақын өлеңдеріндегі қоғамдағы бұзақылық пен азғындық көрінісі

Ертеде қариялар «Азғындық -ақырзаманды жақындататын тажал» деген екен. Адамзат өз басынан өткен зұлматтар туралы тарихтан біледі. Қадым замандарда болған жер-дүниені топан су басуы оның жадында сақтаулы. Ал сол қияметке адамдардың өздері кінәлі болған. Адамдардың рухани азғындауы туралы ақын «Қираған құлыптастар

» поэмасында:

...Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?

Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.

Құлпытасқа қол көтеру, қарағым,

Аруақтарға дүре соғу емес пе?

Жи, бауырым,жи, бауырым, есіңді!

Жауыздыққа куә болды өсімдік.

Табытынан суырып ап аруақты

Тепкіледі деген осы!

Не сұмдық!..

Қирап жатқан ескерткіштер көп тегі,

Қарағым-ай, қарғауға сөз жетпеді!

Құлпытасқа түскен сызат,

Жарқыншақ -

Шапалақтың таңбасындай беттегі! [2], -деп, бақилықтардың ескерткішін де бұзудан тайынбаудан асқан азғындықтың жоқтығын, адам баласының адамшылығының жоғалуын кейінгі ұрпаққа мысал ретінде келтіреді.

Сөздікте «бұзақылық» - әлеуметтік ортаға нұқсан келтіретін өрескел қылық» деп сипаттама беріледі. ақын осы «бұзақылық» тақырыбына да аз қалам сермемеген.

Азайғанмен қаншама қызықты күн,

Қоғамынан үмітті үзіпті кім?

Үлкендердің миына сияр емес,

Балалардың жасаған бұзықтығы -деп , «Ақырзаман» поэмасында жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың өршуіне алаңдаушылық танытса,

Ажырата алмайсың кейбір кезде,

Һайуан қайда, апырм-ай,

Адам қайда?!

Екі көзі қасқырдай қанталаған,

Адамдарды көргенде аң-таң қалам.

Құжатымен таныстым бір жігіттің

Ет шапқандай әкесін балталаған!

Ашылғандай күн сайын майдан жаңа,

Өз адамың кей кезде жаудан жаман!

Біреу отыр түрмеде қызын зорлап,

Ақыр заман емей бұл

Қандай заман?! [1], -деп біздің қазақ қоғамында күн өткен сайын жан шошырлық бұзақылықтардың белең алып бара жатқанын тебірене суреттейді. «Бұлбұл бағы» кітабында:

Осы өмірдің азсынғандай азабын,

Ойлап тапқан зұлымдар неше түрін жазаның:

Ойлап тапқан сауырға қызған темір басуды,

Ойлап тапқан арқанмен буындырып асуды.

Сосын патша олардың қанатын қайырып,

Жер аудара бастаған Туған жерден айырып.

О, зұлым-ай, зұлым-ай!

О, ант атқан, ант атқан!

Осал жерін ерлердің қалай ғана дәл тапқан! [2]-, деп , бұрынғы уақыттағы ең ауыр жаза -ел аудару, жер аудару, туған жерден алыстату болғанын айтып өтеді. Қазақ қоғамына жат қылықтар мен түсініктердің санамызға сіңіп, елде белең алуы ақынды толғандыратынын «Ақырзаман» поэмасында анық байқалады. «Бір жаманы -сонда да үй салмаған, Бір жақсысы -абақты тұрғызбаған» деп жырлайтын Қадыр Мырза Әлі поэмада:

Қысылады тарих пен жыр несіне?!

Жақын қонып Ресей іргесіне,

Халық едік, шіркін-ай,

Халық едік

Абақтысы болмаған,

Түрмесі де!...



Заман азса,

Жамандық құр қала ма?

Көздің жасын көл қылып тұрған ана,

Азаймағыр... адалдық кетті азайып,

Көбеймегір!

Көбейген түрме ғана!..



Енді біздер айналдық түрмелі елге,

Осы ма еді ұзақ жыл тосқан арман?!,- деп дархан қазақ даласына жат ұғым «түрмелі елге» айналғаны жанына бататынын жасырмайды. Теледидардағы жаңалықтардан жиі еститініміздей, түрмеге қамалған жазаланушылардың құқық қорғаушылар тарапынан көретін зорлығын:

Жатпаймын мен есептеп, кісі санап.

Аз да болса жақсының ісі сауап.

Милиционер

Таяқ жеп өскен кеше,

Мәз болады түрмеде кісі сабап... [3], -деп суреттейді. Ал жастарымыздың сол темір торға қамалу себептерінің бірі ретінде күнделікті теледидар экрандарынан көрсетілетін зорлық пен зомбылық, айуандықпен адам өлтіру, ұрлау мен тонау сынды теріс қылықтарды атап көрсетеді:

Жеткізіп айт,

Жеткізіп, серме тілім!

Жырдың басқа елге жоқ беретіні.

Ашып қалсаң, жалпиып экраннан,

Кісі өлтіру үнемі көретінің. [1]

Ия, адам баласын аздырар әрекеттер айта берсе, жетерлік. «Жетімін жылатпаған» дана халық бүгінгі күні сәби саудасын да кәсіпке айналдырып жүргені жасырын емес. Осындай адам баласын азғындатар бірнеше азғындық әрекеттерді суреттей келе,

Мен-халықтың мұңымын,

Жай сырымын.

Жай сырымын,

Шынында бай сырымын.

Ақырзаман азабы таусылмайды,

Қайсыбірін айтайын,

Қайсыбірін?!, -деп ой қорытады[2].

Ақын толғағандай, жекелеген азаматтардың ар тазалығы мен жан тазалығынан барып бүкіл мемлекеттің моральдық бейнесі қалыптасатыны шындық. Адамдарының әлеуметтік хал-ахуалының биік деңгейі мен шат-шадыман көңіл күйінен сол мемлекеттің өзі де бақытты екендігін, ол елдің ұстанған жолы да имандылық пен адамдықты пір тұтатын жол екендігін айыру қиын емес.





ҚОРЫТЫНДЫ

Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол - оның жамандығы. Ал ақын шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл -оның ақындығы. Ал ақын шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де толқытса онда бұл - оның даналығы. Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю, шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану , өзі ғана сүймей, өзгені де сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені, қалың жұртты толқыта жырлау - Қадыр Мырзалиевтің шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті [5].

Өз жұмысымда Қадыр ақын жырлап кеткен «ақырзаман» мәселесі мені де толғандырған болатын. Өйткені қоғамның түйткілді мәселесі тек ақындар өлеңдерінде ғана емес, біздің күнделікті өмірімізде де көрініс табатындықтан, онымен күресу, сол келеңсіздіктерді жоюда аз да болса өз үлесімді қосу -менің міндетім деп түсінемін. Зерттеу жұмысымда ақын жырлаған мәселелерді өз қаламдағы тіршілікпен байланыстуға, статистикалық мәліметтермен нақтылап, дәлелдеуге тырыстым.

Қорытындылай келе, айтарым: «Менің өмірім тек әдебиет» деп білген ақынның өлеңдері де, тапқыр сөз­дері де ондаған жылдар бойы қалың қазақтың аузында жүр. Жүре береді де! Ақын үшін бұдан өткен мерей, бұдан өткен мәртебе бола ма?! Қазақ барда Қадыр бар! Сол Қадыр ағаның қадіріне жетіп, әлі де зерттелмей жатқан құнды дүниесін, мол мұрасын зерттеп, зерделеп келер ұрпаққа аманат ету -бүгінгі толқынның парызы дей келе, өз ұсынысымды білдіргім келеді:

  1. Қадыр Мырзалиевтің «Ақырзаман» поэмасының тараулары сараланып, жоғары сынып оқулығына енгізілсе ;

  2. Ақының адамгершілік қасиеттерге баулитын шығармалары жинақталып, тәрбиелік құрал жасақталса;

  3. Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған мәдени музей ашылса;









































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:





  1. Қ.Мырза Әлі.«Ақырзаман» поэмасы.Т.1.Алматы, 2001.

  2. Қ.Мырза Әлі.Таңдамалы жинақтар:Т.2.Алматы, 2006.

  3. Қ.Мырза Әлі. Таңдамалы жинақтар:Т.3.Алматы, 2007.

  4. Жардемов С.К. Қадырдың сабағы// Ана тілі, №5 . 2-3б.

  5. Куанышева Н.С. Тағдырлы ғұмыр //Президент және Халық, №7, 1-б.

  6. Сарыбаев А.Н.Қоғам мен өзіңе зиянын тигізер әдеттет жат бол! //Орал өңірі, №56, 4-б.

  7. Жанғазиева Д.П. Қатал қоғамнан қайыр сұрау да қорлық //Жайық үні, №49, 3-б.





























































21







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал