7


  • Учителю
  • 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары

3 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

І. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім - спорт.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға тақырып бойынша мәлімет беріп, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру;

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.

б) тәрбиелік: спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу;

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, диалог, сөзжұмбақ, рөлге бөліп оқу, топтастыру

Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд

ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене тәрбиесі

ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын сұрау

2 - тапсырма, 54 - бет. Кітапқа байланысты мақалды сұрау.Фонетикалық тапсырма берілген сөздерді тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты білу үшін сөзжұмбақты шешу керек.

1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.

2. «Спорт» топтастыру.

3. 1 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.

1. Менің әуес ісім -... шұғылдану.

2. Спорттың... көп.

3. Мен аптасына екі рет футболға....

4. Біз баскетболдан... орын алдық.

5. Спорттың қай - қайсысы да денсаулыққа....

4. 2 - тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Шұғылдану, денсаулық, әуес ісім.

5. 3 - тапсырма. Берілген өлеңді оқып, Қанаттың мінезіне сипаттама беріңдер.

Футбол түгіл, хоккейді

Біледі ғой көп адам.

Допты қыздар теппейді,

Ал мен болсам, тебе алам!-

Дейді Қанат, мақтанып.

Білгішін - ай, мынаның!

Жылауға да шақ қалып,

Мен ренжіп тұрамын.

Менде оның ісі жоқ,

Оған «мақтау» керегі.

Көп білетін кісі боп

Көрінгіі келеді.

6. Суретті диктант «Спорт».

7. 5 - тапсырма. Берілген диалогты оқып, Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы өз түсінгендеріңді айтыңдар.

Шахматшы Гүлнәр

- Фәния апай, сәлеметсіз бе, Гүлнәр үйде болса, телефонға шақырып жіберіңізші.

- Есен - саусыз ба, таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім дейін?

- Мен ғой, апай! Аида Мүсілімқызымын!

- Ә, Аида апайы екенсің ғой, қазір шақырайын.

- Гүл - л - нәр! Аида апайың сені телефонда тосып тұр.

- Гүлнәр, сүйінші! Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың. Шахмат федерациясынан жеделхат менің жатыр.

- Менімен бірге сіз де барасыз ба?

- Ол жағын білмеймін, оны республикалық спорт комитеті шешетін болады. Кіммен барсаң да, әйтеуір, үлкен шах - матқа жолың енді ашылды білем. Ал қазір уақыт тығыз, комитетке тез кел.

- Қазір жетемін, апай!

8. Сергіту сәті «Берілген спортшыларды спорт түрлерімен сәйкестендір»

9. 6 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай құраңдар.

1. Шахмат V ғасырда...

2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік бірін - шілік...

3. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы...

4. Лондонда әйелдер арасында...

3. Вильгельм Стейниц болды.

4. дүниежүзілік біріншілік өтті.

2. АҚШ - та өтті.

1. Индияда пайда болған





ІІІ. Қорытындылау

ІҮ. Үйге тапсырма

4 - тапсырма, 152 - бет.

Ү. Бағалау















































07.12.2015 қазақ тілі, 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім - спорт.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша әңгімелеуіне дағдыландыру. Жаңа сөздерді күнделікті өмірде

орынды қолдана білу.

Жетістік критерийлер:

- С. 1.Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.

2.Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.

- В.1.Шағын әңгіме құрастырады.

2.Бір - бірімен диалогқа түседі.

- А. 1.Жоғары дәрежелі сұраққа Клише арқылы жауап бере алады.

Негізгі дерек көздер: оқулық қазақ тілі.2сынып, А.Қайырбекова. Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.

Сабақтың әдіс- тәсілдері:«Ыстық орындық» әдісі,Миға шабуыл, сұрақ-жауапСабақтың кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Деректі көздер

Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу.

4 мин.

Шеңбер құрып, оқушыларға жылы лебіздер айтуға ұсынады.

Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы бір -біріне жылы тілектер айтады.

Топқа бөліну

1 мин

Спорт жабдықтарына байланысты сурет қиықтарын ұсыну.

Бағалау парақтарын таратады.

Оқушылар суреттерді құрастырып, топқа бөлінеді.Топ мүшелерін сайлайды.Бағалау парақтарын алады.

Бағалау парақтары

І. Білу

5 мин

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сурет қиықтарын құрастырып,мынау не? деген сөзге жауап береді.

-Мынау не?

-Жақсы

-Мынау кім?

- Спорттың қай түрін білесіңдер?

- Өте жақсы

- Мынау доп

- Мынау спортзал

- Мынау шаңғы

-Мынау спортшы

- Футбол, баскетбол,волейбол

Оқушылар бір -бірін қолпаштау арқылы бағалайды.

ІІ.Түсіну

8мин

Сөздікпен жұмыс

Ойын- игра

Ойыншы - игрок

Қақпа -ворота

Қақпашы -вратарь

Оқушыларға түсіндіру -шы,ші жұрнақтары жаңа сөздер құрастырады.

Сөздерді дауыстап оқыту, бір, екібалаға оқытқызу.

Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

Жаңа сөздермен бірге басқа сөздерде аудармасымен тақтада жазылып тұрады.

Оқушылар дауыстап оқиды, сонан соң бір, екі бала орысша және қазақша оқып шығады. Сөздік дәптерге жазады.

Әр топ сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы: қызық ойын, алтыншы ойыншы,темір қақпа, жақсы қақпашы.

Бір -біріне сөз тіркестерін оқиды.

Бағдаршам арқылы бағалайды.

Сөздіктер

Үш түсті бағдаршам

Сергіту сәті

2мин

Дене қимылын көрсетіп, тақпақты айту.

Оқушылар дене қимылын жасайды.

ІІІ. Қолдану

10мин

Оқулық бойынша жұмыс істеу.

56 бет 2- тапсырма

1.Мәтінді оқиды.

2.Орыс тіліне аударады.

3. Үшінші сөйлемді дәптерге жазады.

Буынға бөліп, буынның түрлерін анықтайды.

Оқушылар әр топта тапсырмаларды орындайды.

Дәптерлерімен алмасып, бір -бірін

тексереді.

ІV. Талдау

5мин

Әр топ постерге 57 бетте 3 -тапсырманы орындайды. Сызба бойынша сөйлем құрастыру.

Уақыт біткен соң постерді қорғау керек.

Оқушылар оқулықпен жұмыс істейді.Постерге сөйлем құрастырады.

Топ басшысы немесе тілшісі тақтаға шығып қорғайды.

Сөйлемдерді оқып, аударады.

стикерлер

V. Жинақтау

5мин

5 -тапсырма 57 бет

Диалогті оқып, бір -біріне сұрақтар қояды. «Ыстық орындық» әдісі

Оқулық бойынша диалогті оқиды, үлгі бойынша бір -біріне сұрақтар қояды.Қолпаштау арқылы бағалайды.

VІ.Үй жұмысын беру.

Бағалау

5мин

56-57 бет, сөздік жаттау,4 -тапсырма

-Бүгін не өттік?

-Не қызықты өтті?

-Сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?

-Сендер спортпен шұғылданасыңдар ма?

Бағалау парақтарын толтырады. Өзін-өзі, жұпты,топты бағалайды.

Оқушылар стикерге жазып, тақтада ілілу тұрған плакатқа жапсырады. «Үш бет» әдісі бойынша.

Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып бағалайды.

Плакат «Үш бет»





































07.12.2015 қазақ тілі, 4 сыныпСабақтың тақырыбы:

Жолбарыс

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың жолбарыс туралы жалпы мағлұматтарын кеңейту

Оқыту нәтижесі:

Алған білімдерін болашақта қолдануа білуге үйрету

Әдісі:

Сұрақ жауап, диалог, тапсырмалар орындау

Оқыту әдістері:

СТО стратегиялары; диалогтік оқыту; Венн диаграммасы, ментальді карта, аквариум әдіс

Түйінді идеялар:

Жолбарыс тақырыбын аша отырып, жалпы жануарлардың бөлінуі, үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын анықтау, жыртқыш аңдардың мінезін сипаттау



Мұғалімнің іс-әрекеті

Мен не істеймін?

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар не істейді?

Ресурстар:

Электрондық оқулық, АКТ, таратпа материалдар

Жұмыс түрі/

Уақыт

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

















Тапсырмалар

Сәлемдесу. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Психологиялық ахуал

Топтарға бөлінеді Бір - бірімен амандасып, көңіл күйлерін сұрайды



2 мин

Ұйымшылдық қарым-қатынас нығаяды









Үй тапсырмасы

Аквариум әдісі

Әр топтан 1 оқушыдан ортаға шығады, барлығы шеңбер жасап отырады;

Мәтінді сұрақтар бойынша мазмұндайды

Интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған флипчарт, сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар

Жұппен жұмыс





4 мин

Өзіндік пікір қалыптасады;

Өз ойын ашық жеткізе алады;

Жаңа сөздер

Тақтаға жаңа сөздерді шығарамын,

Оқушылар кезек - кезек қайталайды

Флипчарт№1

2 мин

Лексикалық минимумдары кеңейеді

Мәтінмен жұмыс

Интерактивті тақтада мәтін ұсынамын

Оқушылар тізбектеп оқиды аударады

Флипчарт, таратпа материалдар

2 мин

Оқу техникасы қалыптасады, аудару арқылы сөздік қоры артады, тілдері дамиды

Блум таксономиясының элементі

Тақтаға мәтін бойынша сұрақтар шығарамын

Оқушылар топпен сұрақтарға ауызша жауап береді, көп жауап берген топ ұпай алады

Интерактивті тақтада сұрақтар

5 мин

Өз ойын ашық жеткізе алады;

Белсенділік, нақты жауап,

Алған білімдерін қолдана алады

ВЕНН диаграммасы

Флипчарттан үй жануарлары мен жабайы жануарлар бойынша тапсыманы ашамын

Тақтаға әр топтан оқушылар шығып орындайды

Флипчарт

2

Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмасын ажырата біледі

Сергіту сәті

Ұйымдастырамын

ойнайды



3

Сергиді,қызығушылықтары артады

Блум таксономиясының 3 элементі

Тақтаға талдау бойынша тапсырмалар жазамын

1. «Жолбарыс» сөзіне фонетикалық талдау жаса

2.Жыртқыш аң сөзін септе

3. жануар сөзін тәуелде

3 топ тапсырма бойынша фонетикалық талдау жасайды, септейді, тәуелдейді

Интерактивті тақтада тапсырмалар

5 мин

Алған білімді қолданады, талдайды, өз ойларын жеткізе алады

Диалогтік жұмыс

Оқушыларға сұрақтар көрсетемін:

-Жолбарыс қандай аң?

-Қандай аңдар жыртыш

болады?

-Үй жануарлары мен жабайы жануаларың қандай айырмашылығы бар?

-Саған қандай жануарлар

ұнайды?

-Жолбарыстың түсі қандай?

Берілген сұрақтарға постер жасау арқылы жауап береді













Жасаған постерлерін тақтаға шығып қорғайды

Интер тақта, постер, стикерлер, маркер

8 мин

Өз ойын ашық жеткізе алады;

Белсенділік артады, нақты жауап бере біледі,

Алған білімдерін қолдана, талдайды, жинақтайды алады

Сөйлемдерді орын тәртібімен орналастыр

Тақтада шашыраған сөздер беріледі:

1. жыртқыш жолбарыс аң

2.бардық хайуанаттар

бағына біз

3.жануар ірі жолбарыс

Оқушылар сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрайды, аударады

Интерактивті тақтада берілген сөйлемдер

4 мин

Ойлау қабілеттері артады, тілдері дамиды

Мақал - мәтелдермен жұмыс

Тақтаға мақал шығарамын, оқушылар 3 қайтара оқиды, тақтаның пердесін жауып қоямын

оқушылар естеріне сақтағандарын айтады пердені ашып, тексереміз

Интерактивті тақта

2 мин

Есте сақтау қабілеттері артады, білгендерін жеткізе алады

Ментальді карта арқылы сабақты бекіту

Жолбарыс сөзін жазып қоямын

Жолбарыс сөзіне қатысты сөздерді жазу арқылы ментальді картаны толтырады

Интерактивті тақта

1 мин

Оқып білгендерін қорыта алады

Бағалау

(1-қосымша)

Оқыту үшін бағалау;

Арнайы бағалау критерийлерін қолданып бағалау мұғалімнің бағалауы

Бағалау туралы түсініктемелерді тыңдайды.Оқушылар өз - өздерін критерилер бойынша бағалайды, мұғалімнің бағалауын тыңдайды

А4 форматына шығарылған бағалау парағы

5 мин

Белсенділік, нақты жауап, дәстүрлі емес ойлау, пікіралысты жүргізе білу, этикалық нормаларды сақтау

Үйге тапсырма

Жолбарыс мәтінін мазмұндау, жаңа сөздерді қайталау

Үйде мәтінді мазмұндауға дайындалып келеді

Оқулық, таратылған жаңа сөздер





























07.12.2015 қазақ тілі, 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кітапханаға саяхат.

Сабақтың мақсаты: Кітапханаға саяхатқа барып, көркем шығармалармен танысу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Кітапқа деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, кітапты сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:

1) Интерактивті тақта

2) Кітаптардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау. 3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.



ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Кітапханаға саяхат»

1. Сөздік жұмыс. Тақырып бойынша оқулықта берілген жаңа сөздермен жұмыс.

саяхат - путешествие

мәдени - ағартушылық - культурный просветитель

Баспасөз - пресса шығармаларын жинау - собирать произведений

Сақтау - хранить

Оқырман- читатель

ғылыми-көпшілік - научно-популярный

Шұғылдану - заниматься

Міндет - обязанность

кітап қоры - запас книг

көпшілік - публичность

ғылыми және арнаулы - научный и посвященный

2. «Кітапханаға саяхат» мәтінімен жұмыс.

Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді:

а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.

Көпшілік кітапхана - оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.

Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың барысы:

Кітап - қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.



Кітапханашы оқушыларды кітапханамен таныстырады, кітап туралы мағлұмат береді. Кітапты пайдалану туралы ережемен таныстырады.



Кітап туралы ережелер:

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.

2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.

3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.

4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме - оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.

5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.

6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.



Ұқыпты оқушы.

Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,

Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын

Таза болсын беттері - сызылмасын.

Көрген кісі кітабы кір демесін.



3"В" класс оқушыларының кітап туралы дайындаған бағдарламасы:

1. Кітап туралы даналық сөздер

2. Кітаптың шығу тарихынан

3. Кітап турасындағы мақал - мәтелдер

4. Кітап туралы тақпақтар

5. "Кітап - сенің досың" қойылым

6. Кітап туралы жұмбақтар



Жұмбақтар:

Қабат - қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады.



Мақал - мәтел

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.



Артық ғылым кітабы

Ерінбей оқып көруге.



Кітап білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.



"Кітап - сенің досың" қойылым



Тақпақтар:

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.



Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.



Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,

Келелі күн көз алдыма көп тұрады.



Іздегенде табылады,

Ғылым жұмбақ, тау сындас.

Білім өмір сабағы,

Ғұмыр бойы таусылмас.

Келесі кезекті тақпаққа береміз.



Нақыл сөздер.

1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.

2. Кітап - құдіреті қару.

3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.

4. Кітап - өмір ұстазы.



Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітап асып таспайтын асыл досымыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал