7


Ашық сабақ: 'Батик'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ашық сабақ: «Батик»Мақсаты:Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге д
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ: «Батик»

Мақсаты:Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Міндеті:Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу. Сырлы өнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық,іскерлік, адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады«Ba - tik» - Ba сөзі х. б. мата, ал tik - тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді.«Ambatik» - матаға сурет салу, нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз. Көптеген әлем халықтары үнділер, қытайлар, египеттіктер, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан. Бірақ ол ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалысады, ал Индонезиялықтар үшін ол жай ғана зат. Ява және Бали, Индонезия аралдарының тұрғындарына бұл күнделікті дәстүрлі киім. Индонезияда батиктің қашан пайда болуы жайлы нақты деректер әлі күнге дейін пікір талас тудыруда. Ал батиктің Явада кеңінен таралған уақыты ХҮІІ ғасырда деп болжамдар айтылуда. Батикті адамдар алғаш рет киім ретінде пайдаланылған. Олар бастапқыда матаны түйіндеп байлау арқылы суреттер, кескіндер, сызықтарды салуды ойлап тапты. Қытай елінде ҮІІ ғасырда матаны түйіндеу әдісі жақсы дамыған. Түйінді батик өнері. Түйінді батик матаға сурет салудың ең оңай түрі болып табылады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал