7


  • Учителю
  • 'Қайсарлық пен батылдық' 10 сынып

'Қайсарлық пен батылдық' 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №15

Мектеп: №4 Мерзiмі: 13.01,2016ж.

Мұғалiм: Абыханова Шарай Конджасаровна

Сынып: 10 «а» Оқушылар саны: 28 Тақырып: Қайсарлық пен батылдық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: қайсарлық, батылдық, табандылық, төзімділік.

Мақсаты: Оқушыларды қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
оқушылардың бойындағы ерік - жігер, табандылықтарын дамыту;
Міндеттері:

  • «қайсарлық»,«батылдық» ұғымы туралы түсіндіру;
    - ерік - жігер, табандылықтарын дамыту;
    - қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

Интерактивті тақта,

слайд,

бейнежазба,А4 форматты қағаздар, фломастерлер мәлiметтер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

2.Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберге тұрып, М. Шахановтың «Ерлікке шақыру» атты әнін аудиокассетадан тыңдайды.

Ескерту



3.Үй тапсырмасын тексеру: 15-сабақ,60-бет.М.Кемеловтың ізімен хатын мазмұндау.

Сұрақтар: 1.Мәтінді оқығанда қандай ой түйдіңіз?

2.Байдың жан тыныштығын таба алмауының себебі неде деп ойлайсыз?

3. Балалар өз өмірлеріңдеқайсар,батыл адамдарды кездестірген кездерің болды ма?

4.Үнемі алдарыңа мақсат қойып,өз ерік-жігеріңізді жетілдіріп,шыңдап отырасыңдар ма?


4.Әңгімелесу

Ерекше амандасу: Топ болып, бір - бірімен саусақтарын біріктіру арқылы жұлдызша жасау, амандасу, сәттілік тілеу.
Топқа бөлінудің астарын түсініп, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алады. Топқа бөлуде бұл есімдердің жайдан - жай алынбағанын сездіру үшін жекелеген кейіпкерлерге қатысты қосымша сұрақ қоюға болады.
сұрақ
1. Б. Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ берілмеді. Неге?
күтілетін жауап: «Момышұлы» болғандықтан. Ал батыр атақ үшін «Момышов» болудан бас тартты. Тәуелсіздік алған соң «Халық қаһарманы» атағы берілді.
2. Көтібар есімін айтқанда балалар күлуі мүмкін, сондықтан есімнің қойылу сырын түсіндіру қажет
- Неге батырға осы есім қойылды?
күтілетін жауап: дүниеге келгенде Саңырық әулиеден балаға ат қоюын өтінеді. Әулие есік алдындағы әйелдерден:
- Келін не бала туды?- деп сұрайды.
- Көті бар бала туды,- дейді. Әулие:
- Құдай аузыңа салған шығар, аты Көтібар болсын,- депті.


Оқушылар өздерінің ойларын айтады


5.Дәйексөз: Ерге керек төзімділік күш - қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Ж. Баласағұни.

Оқушылар дәйексөздердің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөздерді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөздерді дәптерлеріне жаздыру.


6.Пікірлесу

-Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың? Олардың шешімін қалай табасың? (бір оқушының жауабы)
-Өмірде болатын қиыншылықтарды болған оқиғаға байланысты әр түрлі қабылдаймын. Әрине кейде тосылып та қаламын, бірақ еш уақытта асығыс шешім қабылдамаймын.

-Жиі тәуекелге барасың ба?
-Жиі тәуекелге барамын деп айту қиын, дегенмен қысылған кезде тәуекел етемін.
-Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?
-Жеке басыма түскен істе әрине ойланамын, достарымның шешіміне ойланбастан кірісіп кететін кездерім болады.
-Адам неліктен көзсіз батылдыққа барады?
-Менің ойымша көзсіз батылдыққа бару жастықтың салдарынан болса керек.


7. Тапсырма
- « Ерлік деген не?» тақырыбында сұхбат жүргізіңдер де, ортақ

белгілерін табыңдар.
- Оқушылалдың сұхбат жүргізуге құрған сұрақтары
- Сіздің аты -жөніңіз
- Ерлік дегенді қалай түсінесіз?
- Сіз өз өміріңізде ерлік жасап көдіңіз бе?
- Өз ауылымызда өмірі ерлікке толы кісі бар деп айта аласыз ба?


8.Оқу ақпараты бойынша әңгімелесу

-«Мен нені таңдадым», «қолымнан не келеді?», «не істеуге тиіспін?» деп ойлап көрдің бе?
-Мен биыл 10 сыныпта оқимын, енді бір жылдан кейін мектеп бітіремін.

-Менің алдымда толған таңдау алайын анасын ба, мынасын ба дегендей, әлі бір тоқтамға келе қойған жоқпын.
өмірі ерлікке толы жандардың өмірі сізге сабақ бола ма?

-Әлде оны аңыз сияқты қабылдайсыз ба?
-Әрине, өмірі ерлікке толы жандардың өмірі кімге де болса сабақ. .

-Ерлік ерге сын демекші, бұндай азаматтарды өз ауылымызда болады.


9.Бәріміз шеңбер құрып айтамыз)
Жігер деген- МЕН
Күш деген -МЕН.
Махаббат деген - МЕН.
Кешірім деген -МЕН.
Құдірет деген -МЕН.
Жастық деген -МЕН.
Денсаулық деген -МЕН.
Ақылдылық деген -МЕН.
Жарқындық деген -МЕН.
Бар ғажайып деген -МЕН.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда.


10.Үй тапсырмасы: 16-сабақ,62-бет. Мәтінмен жұмыс «Оқып үйренейік» айдарында берілген Қ.Қайсеновтың естеліктерінен үзіндісін мазмұндау


Соңғы тыныштық сәті

Балалар енді бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық!

Қатысқандарыңызға рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал