7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Менің арман мектебім

Урок по казахскому языку на тему Менің арман мектебім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сынып 9

Күні

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту. Мектеп туралы жалпы түсініктерін анықтау.

Оқушылардың тақырып аясында ауызекі сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыру

Оқушыларды тіл өнеріне, сыйластыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Түйінді идеялары: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, ойыны, өзін-өзі бағалау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта (Power Point презентациясы), магнитті тақта, түрлі-түсті стикерлер, ватман, маркерлер, үлестірме кеспелер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Кезеңдері Жоспар 7 модульді іске асыру Қосымша

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Ауызекі сөйлесу - Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Қане, балалар сабақты бір-бірімізге жақсы сөз айтудан бастайықшы! (2 мин)

- Өте жақсы, жарайсыңдар!

Ал енді екі топқа бөлінейік. Сендерге мақалды жинау керек.

1 топ Мектеп -кеме,білім-теңіз.

2 топ Ақыл - тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын кен. (1 мин)

Бізде екі топ болып шықты.

Келесі тапсырма: Әр топ өзіне ат қояды, спикерді (топ басшысын) таңдайды. мақал-мәтел топтың ұраны болады.

Әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады. (1 мин)

Жақсы.

Ал енді сұхбатты тыңдайық, сұхбатты мұқият тыңдаймыз.

Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай ?

Кәнеки, кім бізге айтып береді? Дұрыс балалар, мектеп туралы.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Менің арман мектебім қандай болу керек? »

Дәптерлерді ашамыз бүгінгі күннің,тақырыбын жазамыз.

- Ендеше, сабақтың мақсаты қандай? (Осы сұрақтарға жауап іздеп, табу)

- Балалар, бүгін сабақта сендер өздеріңді бағалай аласыңдар. Мен сіздереге бағалау дискрипторлады дайындап келдім. - Алдарыңда бағалау парағы жатыр, сол парақтарда спикер өз тобының оқушыларын бағалайды.

. (2 минут)

- Сабақ барысында сендер, 3 тапсырма орындайсыңдар, сол бойынша 3 баға қоясыңдар. Соңғы қорытынды бағаны топ басшысы (спикер)қояды.

1 тапсырма

1 топ

Алдарыңда мәтін жатыр. Мәтінді түсініп оқып,әрі қарай өздерің жалғастырып жазыңдар.

(3 минут)

2 топ

- Алдарыңда флипчарт жатыр, сол флипчартта Венн диаграммасы сызулы, бір жақта «Қазіргі мектеп», екінші жағында «Менің арман мектебім» деп жазулы тұр. Екі жақтың өзіне тән ерекше белгілерін жазып, ортасына ұқсастықтарын жазыңдар. (3 минут)

2 тапсырма

1 топ

Өз арман мектебінің мұғалімі қандай болу керек деп ойлайсыңдар? Осы тақырыпқа диаманта (жеті тармақты өлең шығару)

§ 1 жол: тақырып (зат есім)

§ 2 жол: анықтауыш (2 сын есім)

§ 3 жол : іс-әрекет действие (3 көсемше причастия)

§ 4 жол: ассоциации (4 зат есім)

§ 5 жол іс-әрекет: действие (3 көсемше причастия)

§ 6 жол: анықтауыш ( 2 сын есім)

§ 7 жол: тақырып (зат есім)

















2 топ

Арман мектебімнің шәкірттері қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

РАФТ-стратегиясы бойынша жұмыс жасайсыңдар.

Р-роль- мұғалім

А-автор-шәкірттер

Ф-форма-ақыл/пікір/эссе

Т-тақырыбы- «Арман мектебімнің шәкірттері қандай болу керек?»

Қорыту

3 тапсырма

«Менің арман мектебім қандай болу керек?» жоба қорғау.Алдарыңда флипчарт жатыр, сол флипчартта жұмыс істейсіңдер. Содан кейін жоба қорғайсыңдар (5 минут)

Рефлексия: Ал сабағымызды қорытындылайық.

«Найзағай» ойыны арқылы пазлдарды жинаймыз,әр оқушы сабақ туралы өз ойды жазып,оқып, тақтаға іледі,содан кейін бізде бір сурет шығады.

Үй жұмысын беру «Менің арманымдағы мектеп» тақырыбына презентация жасап келу. (1 минут) Оқыту мен оқуда АКТ қолдану. (Power Point презент-сы)

Бағалау кезеңі Спикерелер бағалау парақтарын оқушылардан алып, соңғы қорытынды бағаны қоясыңдар, түсініктемелерді айтасыңдар..

(5 минут) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

































































Мектеп

-

кеме



,білім

-

теңіз.









Ақыл -

тозбайтын

тон,

Білім - таусылмайтын

кен.

























Менің арман мектебім тыныш көшеде орналаспақшы. Мектептің жанында әдемі бұрқақ,кіріберісі өте ыңғайлы, кең. Мектепте жарық,кең,қазіргі заманға сай аудио -, бейне техникамен жабдықталған сынып бөлмелері болады.Оқу үрдісі тиімді ,жетістікті болу үшін әр сынып бөлмесінде керекті әдебиеттермен жабдықталған шағын кітапханалары болады...

















Менің арман мектебім тыныш көшеде орналаспақшы. Мектептің жанында әдемі бұрқақ,кіріберісі өте ыңғайлы, кең. Мектепте жарық,кең,қазіргі заманға сай аудио -, бейне техникамен жабдықталған сынып бөлмелері болады.Оқу үрдісі тиімді ,жетістікті болу үшін әр сынып бөлмесінде керекті әдебиеттермен жабдықталған шағын кітапханалары болады...

















































































Бағалау парағы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал