7


  • Учителю
  • Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер

Сынып: 5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көп мағыналы сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.

Дамытушылық:Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;

2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Пысықтау сұрақтары

1. Сөз деген не? Белгілі бір ұғым берілген атау.

2. Сөз мағынасы деген не? Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. Сөздің қандай мағыналары болады? Тура және ауыспалы мағыналары.

4. Сөздің тура мағынасы деген не? Негізгі, бастапқы мағынасы.

5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Келтірінді мағынасы.

58 - жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Достарың мен жолдасарыңының болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың. «Көп көтерген жүк жеңіл»,-дейді халық мақалы.

Сен бірде ауырып, оқуға бара алмай қалдың делік. Бірнеше күн өткеннен кейін зерігіп, жалғызсырай бастайсың. Көңіліне сағыныш ұялап, достарыңды көргің келеді. Бұл сезімің түсінікті де:өйткені ешкімде жалғыз өмір сүре алмайды. Ал достарың көңіл күйіңде сұрауға келгенде, төбең көкке жеткендей қуанасың.

Достан жасырар сырың жоқ. Ол қашан да жан-күйінді бірден түсінеді. Егер сенің осындай досың болса, оны қадір тұтып бағала, ұсақ-түйекке бола онымен ренжіспе, орайы келгенде оған жәрдем етуге әрқашан да әзір бол. Адалдық -достықтың ұлы заңы.

Тапсырмалар:

1қатар

*жүк, күн, жан, ұлы сөздерінің әр түрлі мағыналарын ашатындай сөз тіркестерін құрап жазыңдар.

2 қатар:

*Мәтін мазмұнына сүйене отырып, өз досың туралы шағын мәтін құрап жазыңдар.

3 қатар:

*Дос, жолдас сөздеріне анықтама беріп көріңдер.

ІІ. Жаңа сабақ.

Көп мағыналы сөз

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.

Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.

Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.





Мысалы:

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

Адамның басы;

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

Шөптің ең жоғары жағы;

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

айуанның басы;

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

ағаштың ең жоғары жағы;

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

жәндіктің басы

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

бұлақтың басталған жері;

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

өзеннің басталған жері.

III. Салт-дәстүр: Оқушыларға суреттер беріліп, сурет бойынша мәтін құрастыру керек. Мәтінін ішінде көп мағыналы сөздер болуы керек.



Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

IV. Жаттығулар жұмысы

51 - жаттығу. Оқып шығып, көп мағыналы сөздердің бәрі де бір сөз табына қатысты болатынына көз жеткізіңдер.

Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағаналарын анықтап, кестені толтырыңдар.55- жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар.

1. Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі.

</ 2. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. 3. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады.

4. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды; ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды.

5. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.

  • Адамның қандай қасиеттері айтылған?

  • Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

  • Ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, сөйлем құраңдар.

V. «Коллаж» әр топқа суреттер берілді.

Бірінші топ: салт-дәстүрлер;

Екінші топ:ұлттық ойындар;

Үшінші топ:ұлттық тағамдар.

VI. «Буындық лото» ойыны.

Сөз құрау.

Бе, жа, ас,кө

Бас, кілт, құлақ, бел

VII. Бекіту:

1. Балалар бүгін біз сабақта қандай тақырып өтік?

2. Көп мағыналы сөз дегеніміз не?

3. Көп мағыналы сөздердің омонимдердің қандай айырмашылықтары бар?

4. Сабақтан алған әсерлерінді жүрекке жазып беріндер. Урок казахского языка на тему Көп мағыналы сөздер (5 класс)

VIII. Үйге тапсырма беру. 60 - жаттығу.

IX. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал