- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
Урок по казахскому языку на тему Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
Қазақ тілі |
6 «Ә» сыныбы |
Күні: 26.11.16 | |
Тақырыбы: |
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер. | ||
Мақсаты: |
Білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағұлмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту. Дамытушылық: сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу. | ||
Оқу нәтижесі: |
Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін ары қарай жалғастыру. | ||
Түйінді идеялар: |
Әр сабақта оқушылардың қызығушылығын оятып, қызығушылықтарын арттыру арқылы сабақты жүргізу. Картотекалар қолдану арқылы оқушы білімін нығайта түсіу. | ||
Уақыт - 45 мин |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. |
Сабаққа дайын болу, мұғалім аты-жөнін айтқан кезде қолын көтеріп, сабаққа қатысып отырғанын көрсету. | |
10 мин |
Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырмалар тексеріледі. |
Оқушылар кезек-кезек үй тапсырмасын айтып шығады. | |
10 мин |
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сан есім туралы оқушыларға түсіндіру. Картотека арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалақты түсінгенін тексеру. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, картотекадағы тапсырмаларды орынайды. | |
10 мин |
Кітаппен жұмыс. 105-жаттығу |
Жаттығуды дәптерге орындайды. | |
5 мин |
Қортындылау. Бүгін өткен тақырыпқа байланысты оқушыларға сұрақтар қою. |
Сұрақтарға жауап береді. | |
3 мин |
Бағалау. Оқушылардың үй жұмысы мен сыныптағы белсенділігі ескеріле отырып, баға қойылады. |
| |
2 мин |
Үй тапсырмасы беріледі. Жаттығулардың қалай жасалатындығы түсіндіріледі. |
106,107-жаттығуларды орындау. |