7


  • Учителю
  • Минералды заттар тақырыбы бойынша қазақ тілінен сабақ жоспары.

Минералды заттар тақырыбы бойынша қазақ тілінен сабақ жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Минералды заттар.Дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты: Минералды заттар туралы түсінік беру.Дауыссыз дыбыстардың емілесін түсіндіру.Қазақ тілі сабағына қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау,.

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: слайдтар, кестелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, химия, география

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру.

Қазақ тілінде неше дауысты дыбыстар бар

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді

ІІІ Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

2. «ББҮ» кестесі3. Мәтінмен жұмыс

Тұздың пайдасы мен зияны

Минералды заттар - тамақтың өте қажетті құрамдас бөліктері. Тамақта олардың жетімсіздігі әр түрлі аурулар туғызады. Егер жануарларды минералды заттардан әдейі айырса, олар көп ұзамай өледі. Өсімдіктер тұздарды топырақтан алады. Натрий, калий, хлор тәрізді макроэлементтердің ең маңызды қызметтерінің бірі - олар қандағы тұз құрамы мен осмостық қысымын тұрақты деңгейде қалыпты ұстап тұрады, ал қан мен талшықтарда сақталатын су-дың мөлшері едеуір мөлшерде осыған байланысты. Ағзада су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз байланысып, қабысып жатады. Ағзада су - тұз алмасуына жүйке және гор-мон жүйелері әсер етеді. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері негізінен несеп пен тер арқылы ағзадан шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл тең-десіп отырады.



Адамның тұзға деген қа-жеттілігі, біріншіден, жасанды емес тамақ өнімдерінің құрамындағы тұздардың есебінен (шамамен күніне 3-5 грамм); дайындаған кезде тамаққа қосылатын тұздың есебінен (шамамен 3-5 грамм) және ақыр соңында, тамақтану үстінде адамның өзі асқа себетін тұздың есебінен қанағаттандырылады. Сонымен, адамның күндік рационында орта есеппен 10-15 грамм ас тұзы болуға тиіс. Денеге көп күш түскенде, әсіресе жылдың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда істейтін жұмысшыларға, алыс қашықтыққа жүретін немесе жүгіретін спортшы-ларға, марш жасайтын жауынгерлерге тамақтағы тұз-ды қосқанда тәулігіне тұз тұтынуды 20 грамға дейін (бірақ одан көп емес) арттыру керек.



Тұзды артық тұтыну ағзада судың көп мөлшерде ұсталуына жәрдемдеседі, сол арқылы жүрек пен бүйрекке керексіз ауыртпалық түседі. Тамақпен бірге тұзды шамадан тыс тұтыну әсіресе осы органдары ауыратын адамдарға көбірек зиян тигізеді. Жүрегі жеткіліксіз істейтін және бүйрегі ауыратын адамдарға диетада ас тұзын күрт азайтқан жөн. Өйткені, ауру жүректің қажетті мөлшердегі қанды бүйректен өткізуге шамасы жетпейді де, тұздар ағзада ұсталып қалады. Бұл жағдайда натрий тұздарының кідіруі ерекше қауіпті, өйткені бұл ағзада шамадан артық судың жиналуын туғызады. Осыған байланысты әдетте аяқтың басының сәл ісінуі мен бет талшықтарының ісінуінен құр-сақ тұсының жаппай суға толуына дейін көлкілдеп ісіну пайда болады.

1.Жаңа сөздермен танысу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сұрақтар дайындау.



4. Үш жақты күнделік



Жаңа сөздер, терминдер

Туындаған сұрақтар

Баға







5.Грамматикалық бөлік.

Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки - тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

- дауыссыздардың жасалатын орны - ауыз және көмей қуыстары;

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;

- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;

- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) - дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) - дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) - дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады.

Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) - сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз - сіз, тұз - түз).

Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)- тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.

Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных - көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.

Дауыссыздардың жіңішкеруі орыс.</</u> мягкость согласных - тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am - em, үн - үн, тор - тер, аз - әз.

Жаттығу жұмыстарын орындау.

ІҮ.Үйге тапсырма

Грамматиканы жаттау.

Ү. Бағалау





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал