7


  • Учителю
  • «Үлкен-кіші және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарыс

«Үлкен-кіші және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Эстафеталық ойын жарысы

Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту.
Түрі: жарыс сабақ
Қатысатын командалар: 5 сынып оқушылары, капитан командалары, жоғары сынып оқушылары.
Керекті құралдар: ту, арқанды жіп, футбол добы, таяқшалар, баскетбол добы, секіретін жіп, т. б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.

1-ші жүргізуші:
Чемпион болу оңай ма?
Шынықсаң шымыр боласың,
Арман болған талайға.
Сауығып айдай толасың,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Спортты серік ете біл,
Жарысқа түсіп қалайда.

2-ші жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Үлкен-кіші және біз , спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Үлкен-кіші және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!

1-ші жүргізуші:
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Сайысқа қатысуға ортамызға
Спорт саңлақтарын шақырамыз.

2-ші жүргізуші:
Жарысқа қатысқалы отырған жоғары сынып оқушылары мен 5 сынып оқушыларын жарыс алаңына шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
І топ -
ІІ топ -
ІІІ топ -

1-ші жүргізуші:

Құрметті халайық!

Жарысты байқап көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.


2-ші жүргізуші:
Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
1. Интернат меңгерушісі - Төкешов Қайрат Төкешұлы
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Абдикаримова Айзада Берлібекқызы
3. Дене тәрбиесінің мұғалімі -


1-ші жүргізуші:
Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру / топ атын, ұранын таныстыру.
2. Өз туыңды тік!
3. Арқан тарту
4. Капитандар сайысы (қол күрес)
5. Кім шапшаң?
6. Аралас жаттығулар
7. Қара жорға биі


Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!


1. Таныстыру: Әр топ атын, ұранын таныстыру.
2. «Өз туыңды тік!» Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.
3. «Арқан тарту ». Ойын шарты:
Әр топтан оқушылар шығып бір-бірімен арқан тартысады.
4. «Капитандар сайысы » (Қол күрес)
Ойын шарты: Әр топтан бір оқушы шығып қол күрестіреді.
5.« Кім шапшаң?»
Ойын шарты: аяқ арасына допты қыстырып, секіріп барып, тапсырманы орындау, жүгіріп келу.


6. «Аралас жаттығулар» ойыны.

Ойын шарты:

1 - Таяқшамен жүгіріп барып, жүгіріп келу;

2 - Футбол добын аяқпен итеріп барып, жүгіріп келу;

3 - Баскетбол добын алып барып, жүгіріп келу;

4 - Келесі жоғары сыныптың оқушысы жүгіріп барып 10 рет аджимания жасау

5 - секіртпемен секіріп барып, жүгіріп келу;
6 - қолмен кішкентай допты теннис таяқшасымен апару, жүгіріп келу;

7 - Келесі жоғары сынып оқушысы жүгіріп барып , 30 рет секіртпемен секіру, жүгіріп келу.

7. «Қара жорға» биін нақышына келтіріп билеу.

2-ші жүргізуші:
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Қара жорға билесін, - дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз.
ІІІ. Қорытынды бөлім.

1-ші жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз! - дей келе әділ қазы алқасының қорытынды бағасы дайын болғанша Жеңіс Бекболаттың орындауындағы «Жаса Қазағым»баға қорытынды
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Дұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал