7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему 'Менің әуес ісім-киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау. Септік жалғаулары'

Урок по казахскому языку на тему 'Менің әуес ісім-киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау. Септік жалғаулары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өтетін күні

Сабақтың № _

Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім-киім тігу,зергерлік бұйымдар жасау .Септік жалғаулары.

Мақсаты :

Білімділік :

1.Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Грамматикалық сауаттылығын арттыру.
3 Септік жалғауларды пысықтау, оларды қолдана білуге дағдыландыру

Дамытушылық:
1. Пәнге деген қызығушылығын ояту.
2. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру.
3. Танымдық тапсырмалар арқылы ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:
1. Тілімізді құрметтеуге, Елжандылыққа, шапшаңдылыққа, әдептілікке баулу.
2. Ойын нақты, көркем, әсерлі етіп жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, деңгейлеп оқыту, пікірталас, саяхат сабақ

Технология: модульдік оқыту, деңгейлеп оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік әдісі (әңгіме, түсіндіру, кітаппен жұмыс); көрнекілік әдісі (демонстрация), практикалық әдісі (сұрақ- жауап әдісі)

Сабақтағы оқушылардың іс- әрекеті: жеке, топпен, жұппен, іздену, кесте толтыру

Сабақтың құрал- жабдықтары, көрнекілігі: сызбалар, қосымша әдебиеттер, техникалық құралдар, фотосуреттер, презентация

Пәнаралық байланыс:____ әдебиет, еңбек______

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Оқулықпен жұмыс

5. Бекіту, Сабақты қорытындылау

6. Үй тапсырмасын беру

7. Бағалау

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. Сөйлесім.

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

3.Сөйлесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды сұрақ -жауап арқылы қайталау.


ІІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:

Киім тігу мен зергерлік бұйымдарды жасауда адамға. ерекше қабілеті байқалады. Екеуі де ертеден . келе жатқан қолөнер түрлері. Тігінші киім тігетін шебер болса, зергер - асыл тастардан әшекей бұйым жасайтын шебер.


☺2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін жалпы сұрақтар қою:

«Ой қозғау».Өз ойыңды ортаға сал. Нақыл сөздерді түсіндіріңдер. (Слайд)

1.Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

2. Ұлттық киімдердің ерекшелігін білесіңдер ме?

3.Мектепте еңбек пәнінде сендер не істейсіңдер?

☼3.Сөздік жұмысы. Оқылым. Айтылым. Жазылым

1.Сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөз таптарын ажырату.

Үлгі

Шебер

Зергер

бұйым

зергерлік бұйымдар

қолөнер

әшекей

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: (мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар сөздерді мұғалімнен кейін дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды:)

3. Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау

4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу

4.Мәтін бойынша жұмыс.

1.Мәтінді түсініп оқып, ат қойыңдар. 144-бет Қазақ тілі «Атамұра» 107 бет Зергерлік өнер.

2.С ұрақтарға жауап беріңдер.

3.Оқушыларды үш топқа бөлу. «Өнер», «Қолөнер», «Киіз үй». Енді әр топ өз атаулары бойынша теориялық ұғымдарды қорғайды. Мысалы: ӨНЕР- адамның рухани азығы.Қолөнер- қолмен жасалатын өнердің бір түрі. Киіз үй - киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспанасы.


6.Электронды оқулықпен жұмыс ІІІ ОРТА ДЕҢГЕЙ. 3- бөлім.

1қадам. Менің сүйікті ісім.

7.Грамматикалық тақырып

СЕПТІКТЕРді қайталау


І топ

Септіктер, жалғаулары, сұрақтары


ІІ топ

Сөз тіркесін септеу

Зергерлік бұйым

ІІІ топ Септік жалғауларын жалғаңдар.

Киім тігу мен зергерлік бұйымдар (Т.С) жасауда адам(Б.С). ерекше қабілеті байқалады. Екеуі де ерте(Ш.С) . келе жатқан қолөнер(І.С) түрлері. Тігінші киім тігетін шебер болса, зергер - асыл тастар(Ш.С)әшекей бұйым(Т.С) жасайтын шеберлер.



V. Жаңа білімді бекіту: Оқылым. Сөйлесім.

1-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңдар.

  1. Қазақ халқының киімдері (қандай?)... болған.

  2. Қазақтар сыртқы киімдерді (неден?) тіккен.

  3. Шапан қазақ халқының (қандай?) киіміне жатады


2-тапсырма . Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табыңдар.

қолайсыз

кожа животного

ыңғайлы

холод осени

қаһарлы

неудобный

қорғану үшін

чтобы защититься

жауын-шашын

удобный

мал терісі

крепкий

күздің суығы

дождь


3-тапсырма. Венн диаграммасын толтыру

ЗЕРГЕР


ТІГІНШІ





3-тапсырма. Диалогты түсініп оқып, толықтырып сөйлесіңдер.

-Сіз .................... қайдан аласыз?

- Мен ................... сатып аламын.

- Қандай ......... сатып аласың?

- Ал сіз ............... қайдан аласыз?

- Мен ................... базардан аламын.


4-тапсырма.

«515» әдісі 5 минут ішінде 15 идеяны алдыға тарату керек

І топ. «Егер біз тігінші болсақ....» (үлгілерінің суретін салу, таныстыру)

Көйлек .Юбка .Шалбар.

ІІ топ.«Егер мен зергер болсақ....» (үлгілерінің суретін салу, таныстыру)

Сырға. Жүзік. Алқа . Білезік .



5-тапсырма. «Бес жолды өлең» Әр топ өзінің тапсырмасы бойынша

VІ. Үйге тапсырма. 4-тапсырма,144-бет

VІІ.Бағалау.«Екіге жасыңды төккенше, беске теріңді төк». Оқушы білімін бағалау.


VІІІ. Қосымша әдебиеттер: Электрондық оқулық . «Шың»

.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал