7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: 'Бұрандалы біріктірулер'

Сабақ жоспары: 'Бұрандалы біріктірулер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сызу, 9 - сынып


Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы біріктірулер

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Бұрандалы біріктіру түрлерімен және олардың қолданылатын

орындарымен таныстыру. Сызбада ажырата білуге үйрету.

дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін дамыту арқылы

шығармашылық қабілеттерін шыңдау, пәнге деген қызығушылығын

арттыру.

тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,

өздігімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: А4 форматы, сызу дәптері, қарындаштар, сызғыш,

өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.


Сабақтың жоспары:


1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Машықтану кезеңі

5. Сабақты қорыту

6. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы:

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал - жабдықтарын тексеріп, оқушыларды түгелдеу, жаңа сабаққа назарларын аудару;

2. Өткен тапсырма бойынша үй жұмысын , А4 форматқа салынған сызба тапсырманы тексеріп ескертулерін, түзетулерін айту;

3. Жаңа тақырып:

Бұрандалы тетікбѳлшектер бекіту тетікбѳлшектері деп аталады. Оларға жататындары - болттар, винттер, шпилькалар, гайкалар және т.с.с. Бекіту бұйымдарының әр түріне ѳз стандарты сәйкес келеді, бірақ оқу сызбаларында оларды кѳрсетпеуге де болады.

а э 5.16-сурет. Бұрандамалы біріктіру (а) және оған арналған бекіту тетікбѳлшектері (ә)

Бұрандамалы біріктіру тесігі бар тетікбѳлшектерді біріктіру үшін қолданылады.

Бурандама (болт) дегеніміз - басы деп аталын жағына қарама-қарсы ұшында бұрандасы бар ѳзек тәрізді бұрандалы бұйым. Бұрандамаларды басының пішініне қарай алты жақты, жартылай дѳнгелек басты, жасырын басты және т.б. деп ажыратады. Ен кең тарағаны - алтыжақты басты.

Бұранда диаметрі 12 мм, ірі адымды, ұзындыгы 60 мм болтты шартты белгілеу үлгісі: Болт М12х60; егер ұсақ адымды болса - Болт М12x1,25x60.

Сомын (гайка) - ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен бұрамасұқпаның ѳзегіне бұрау үшін жасалған тетікбѳлшек. Сомындар пішіндері әртүрлі болады, бірақ ең кѳп қолданылатыны - алтыжақты. Тетікбѳлшектерді біріктіру кезінде гайкалар астына шайбалар қыстырылады, ал біріктірілген тетікбѳлшектер ѳздігінен бұралмау үшін серіппелі шайбалар, шплинттер (5.16, а, ә-сур.), штифтер және т.б. қолданылады.

Тығырық (шайба) - ортасында дѳнгелек тесігі бар сақина тәрізді тетікбѳлшек. Бұраманы белгілеу мысалы: Гайка М12, тығырықты - Шайба 12

Бұрамасұқпа (шпилька) деп бір ұшында біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне бұралынатын, екінші ұшында бұрама бұралатын бұрандалары бар цилиндр тәрізді ѳзекті атайды.

Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшынын ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін 1,25d; жеңіл қоспалардан, мысалы, пластмассадан жасалған тетікбѳлшектер үшін 2d-га тең болады.

5.19-сурет. Бұрамсұқпалы біріктіру (а) және оған арналған бекіту тетікбѳлшектері (ә)

Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшының ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін l,25d; женіл коспалардан, мысалы, пластмас-садан жасалган


тетікбѳлшектер ушін 2d-га тен болады. Ұзындығы 100 мм, бұранда диаметрі 16 мм, ірі адымды бұрамасұқпаның шартты белгіленуі: Шпилька МІбхІОО.

Бұрамалы біріктіру - тетікбѳлшектерді бірімен-бірін біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне винтті бұрап біріктіру немесе винт, шайба және гайка кѳмегімен бұрап біріктіру.

Бұрама (винт) - бір шеті бұрандалы, екінші шетінде тіреуіш басы бар, целиндр тәріздес өзек. Бұрамалар басының өлшемдері мен пішіндері стандартталған.


Машықтану кезеңі: Бұрандама және бұрамасұқпаның сызбасын дәптерге және А4 форматына орындау. Жұмыс барысы жіті қадағаланып отырылады. Негізгі тапсырманың орындалуы, жіберілген қателіктер нақтыланып көрнекілі түрде көрсетіліп дұрысталады. Ескертулер дер кезінде жасалып,қателер жөнделеді.


Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы, оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдері сыналып сабақ бекітіледі және орындалған жұмыстар бағаланады.


Үй тапсырмасы: А4 пішімге жиек сызықтары мен негізгі жазуды толтырып графикалық жұмысқа дайындалып келу;



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал