7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему 'Дара және күрделі сөздер'

Урок по казахскому языку на тему 'Дара және күрделі сөздер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дара, күрделі сөздер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мэдениетін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту. Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, корытындылау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау.

а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

3)Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздер құрамы жағынан дара жэне күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден түратын негізгі жэне туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жол-дас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі бүл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас: түбірі- жол, -дас-жүрнак; аял-да-ма: түбірі - аялда, -ма -жүрнақ) түрады.

Екі немесе одан да көп түбірден кұралган сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке-шеше, ауыл-аймац, ашу-дас, Қостура, бозторгай, қараторы, он үш сиякты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймақ (ауыл жэне аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостура (қос~екі, тура-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына карай төрт түрлі болады:

біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні),

қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ),

қысқарған сөздер (АҚШ, Б¥¥),

тіркесті сөздер (шұбар ат, кара көк, жүз бес).

Сөйтіп күрделі сездер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, косарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін тексеру мақсатында Абай шығармашылығындағы күрделі сөздер қолданысын оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану жэне пракгикалық білім дәрежелерін одан эрі кеңейту, оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, тілін дамытып, дамыта оқытамын.


Мәтіндермен жұмыс. Оқушыға Абай өмірі мен шығармаларынан үзінді беріледі.

1. "Ақын" 2. "Данышпан" 3. "Ғүлама"

Абай келбеті Абай жері Абай өмірі

Тапсырма. 1. Мэтін мазмұнын айту.

  1. Мэтін ішінен күрделі сөздер іздеу.

  2. Қосымша мэлімет айту.

Абай шығармашылығынан.

Абайдың табиғат лирикасы төңірегнде:
Жаз Күз Жазғытұры


  1. Мэнерлеп оқу.

  2. Күрделі, дара сөздерді табу.

  3. Септік жалғаулы сөздерді табу.

  4. Көптік жалғаулы сөздерді табу.

Тәуелдеуге:
Ауыл Жылқы Ел

(Әр қатардан 1 оқушыдан талдайды).

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп, дамыта оқыту технологиясын қолданып болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 75-жаттығу жүмысының шарты төмендегідей: Төмендегі сөздердің кайсысы дара, кайсысы күрделі (»өздер екенін ажыратып айтыңдар.

Келесі тапсырма: 76-жаттығу жүмысының шарты: Күрделі сез түрлеріне мысалдар тауып жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

э) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: 77-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Берілген күрделі сөздерді катыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал