7


  • Учителю
  • Трудные вопросы грамматики казахского языка

Трудные вопросы грамматики казахского языка

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Түсінік хат


«Өнер алды -қызыл тіл» дейді ғой халық.Сол өнердің де, білімнің де алды , негізі, қоғамдық қарым-қатынастың құралы болып табылатын тілде талай-талай алуан түрлі сыр бар. Сырт қарағанда оны бірден байқай қою оңай емес.Өйткені сөйлескенде айтылып жатқан сөздердің бәрін талдап, тексеріп жатпаймыз. Тереңірек талдасақ, біздің ана тіліміздің сөздік қоры бай, мағынаға мол, оралымды тіл екенін көреміз.

Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармаларының негізгі талабы- мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».

Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.

Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті.11-шы сынып

оқушылары ҰБТ тапсырады. Осы ҰБТ-де жоғары көрсеткіштер алу үшін,

«Практикалық қазақ тілі» атты таңдаулы курсы ұсылып отыр.Бұл бағдарлама оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мақсатымен құрастырылып отыр. Жұмыс жоспарында: фонетикалық,морфологиялық, синтаксистік қызметін танытуға негізделген тақырыптар жүйеленген.

Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістері мен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де

жиі қолданылады.

Мысалы: қалыптасқан әдістер:

а) сұрақ-жауап;

б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;

в) аударма

г) сөйлем және сөзді толықтыру;

д) мәтін бойынша әңгімелесу;

е) тест сауалдарымен жұмыс;

ж) мақал- мәтелдер жарысы;

з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.

Жаңама жаңғыртып оқыту әдісі

а) пікір-сайыс (дебат) әдісі

б) коммуникативтік әдісі

в) драматизация әдісі

г) іскерлік әдіс

д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі

е) жобалы сабақ өту әдісі

ж) саралап оқыту әдісі т.б.

Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да үнемі ізденіс үстінде болу керек. Заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді. Себебі, ҰБТ-укезінде жоғары көрсеткіштер беру үшін, әрі оқушыларды жақсы дайындау үшін бұл әдістің пайдасы зор. Сонымен қатар өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту үшін де тиімді.


Курстың мақсаты :

Оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын меңгертіп , қазақ тілде дұрыс сөйлеуге, сауатты жаза білуге, грамматика ерекшеліктерін басшылыққа ала білудің практикалық жолын үйрету.

Курстың міндеттері:

1.Мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту.

2.Грамматика бойынша білімдерін тереңдету.

3. Қазақ тілінің даму жүйесі мен нормаларын меңгерту.

4.Жалпы сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байыту.

5. Курс нәтижесін сараптау.


Күтілетін нәтижелер :

1.Қазақ тілінде дұрыс сөйлей, сауатты жаза білу дағдылары қалыптасады.

2.Өз бетінше қарым-қатынас жасай біледі.

3. Меңгерген материалдар арқылы ҰБТ-де жоғары сапа көрсете алады.

4.Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру.


Таңдаулы курс 34 сағатқа есептелген.

Бұл курста оқушы құзыллығына көп көңіл бөлінеді.

Курс бұл практикалық-бағдарлау бағытында жүргізіледі.Мұндағы сабақтың оқыту әдістері әр түрлі: лекция,тренингтер,пікір-сайыс, семинарлар т.б.

Меңгерілетін материалдардың көлемі 11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Апталық сағаты-1сағат, жылдық сағаты- 34 сағат .

Болжамы:

"Практикалық қазақ тілі" курсының бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды оқушылар меңгерсе, онда қазақ тілінің грамматикасын, дұрыс және сауатты жазуы, ҰБТ-да жоғары балл алуына жағдай жасалады.


Диагностика:

Курстың бірінші сабағында оқушыларға кіру сауалнамасы ұсынылады.Ал курс соңында нені меңгергенін білу мақсатында бағалау беріледі.

Оқу материалын меңгеруге қойылатын талаптар.

1.Дайындық деңгейіне қойлатын талаптар:

Сөздердің грамматикалық мағынасын ажырату.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін білу.

2.Нені білу қажет?

Тіл білімінің салаларын,олардың зерттейтін обьектілерін білу;

Қазақ тілінің грамматикасын меңгеру;

Сөздердің мағынасын түсініп,орынды қолдана білу.

3.Нені үйрену керек?

Қазақ тілінің грамматикасын біліп, қарым-қатынас жасай білу керек;

Қазақ тілінде дұрыс сөйлей, сауатты жаза білу керек;

Алған білімдерін пайдаланып, тест жұмыстарын жоғары деңгейде шығара білу керек.

Тақырыптық жоспар



Тақырыптың аты

Өткізілу түрлері

Жалпы сағат саны

Лекция

Тәжірибе

Тренинг

1

Кіріспе.Фонетика.Үндестік заңы

2

+

+


2

Сөз таптары .Зат есім

2

+

+


3

Зат есімнің жалғаулары.Тәуелдік жалғау.Зат есім бойынша тест

3

+

+ +

+

4

Сын есім .Оның түрлері.Практикалық жұмыс

2

+

+


5

Сын есімнің шырайлары. Сын есім бойынша тест

2

+


+

6

Сан есім . Оның мағыналық түрлері.Практикалық жұмыс

2

+

+


7

Есімдік . Оның түрлері.Практикалық жұмыс

2

+

+


8

Етістік .Етістіктің шақтары. Практикалық жұмыс

2

+

+


9

Етіс

1

+

10

Етістіктің райлары

1


+


11

Есімше және көсемше

1

+

12

Үстеу. Шылау. Тест

2

+

+


13

Еліктеу сөз .Одағай

1

+

14

Қаратпа сөз.Қыстырма сөз

1

+

15

Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері

1

+

16

Сөйлем мүшелері

1


+


17

Құрмалас сөйлем.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

3

+

+

+

18

Сабақтас құрмалас сөйлем

3

+

+

+

19

Төл сөз және төлеу сөз

1

+

20

Қорытынды жұмыс. Тест

1


+


Жұмыс дәптері

(кестелер, тапсырмалар,жаттығу жұмыстар, тесттер үлгілері)


Зат есім

Заттың атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады .

Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?


Түрлері (типы)

мысалдар

Мағынасына қарай (по значению)

Жалпы (нариц)

Бала, адам,дала

Жалқы (собст.)

Қарағанды, Есіл, Әлібек

Тұлғасына қарай

(по способу образования)

Негізгі (непроизводные)

Ел, жер, қала

Туынды (производные)

Әнші,қойшы

Құрамына қарай

(по составу)

1Дара (простые)

Жігіт, жылқы

2 Күрделі (сложные)

Біріккен (слитные)

Қолжазба,белбау

Қос сөз (парные)

Ата-ана, қыз-келіншек

Тіркес сөз (словосочетания)

Аяқ киім, сиыр еті

Қысқарған (сокращенные)

см, Пединститут

Туынды зат есімнің жұрнақтары


жұрнақтар

мысалдар

-Шы,-ші

Етік-ші , жазу-шы, балық-шы

-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік

Бала-лық, дос-тық, жеңіл-дік

-лас,-лес,-дас,-дес,тас,-тес

Жер-лес, кур-дас

-ғар,-гер,-қар,-кер

Тәлім-гер, талап-кер


Деректі зат есім

Көзге көрінетін заттар: гүл, алма, теңіз, су



Дерексіз зат есім

Көзге көрінбейтін, оймен танылатын заттар: ақыл, алғыс, арман, ой

Жалпы зат есім

Бірнеше затқа ортақ атаулар жалпы есімдер деп аталады. Мысалы: көл, бала, тау, арал.


Жалқы зат есім

Белгілі бір затқа ғана берілген атауларды жалқы есімдер деп атайды. Мысалы : Алакөл, Асан, « Ұлан», Мұхтар Әуезов.

Етістік

Заттың қимылың, іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз .

Сұрақтары : Не істейді ? не істеді ? қайтті ?


Түрлері

Мысалдар

Тұлғасына

қарай

негізгі

оқы,жаз,бар,кел,бер

туынды

Тұзда,гүлде,ойна,ойла,кешік

Мағынасына қарай

негізгі

Ал,қал,көр,сөйле,әкел

көмекші

Бол,әкет,тұр,шық

Объектіге

қатынасына қарай

салт-(табыс септігінде тұрған сөзбен байланыспайтын етістік)

Бар,кел,отыр,жүр,тұр

сабақты( табыс сепгігінде тұрған сөзбен байланысатын етістік)

Жаз,ал,бер,айт,аш,жап

Іс-әрекеттің

орындалуына қарай

болымды

Бар,кел,оқы,жаз

болымсыз

Барма,барған жоқ,келген емес

Құрамына қарай

дара

Жаз,оқы,ойына,гүлде

күрделі

Барып кел,кіріп шық,келіп кет, алып бар,алып қайт


Тұйық етістік - «у» жұрнағы жалғануы арқылы жасалады .

Болымсыз етістік - ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары және жоқ, емес сөздері арқылы жасалады.


Туынды етістіктің жасалуы (способы образования)


Жұрнақтар

Мысалдар

-да,-де,

-ла,-ле,

-та,-те

Ой

Шеге

Іс

ой+ла

шеге+ле

іс+те

-дас,дес,

-лас,-лес,

-тас,-тес

Ақыл

Бір

Көмек

ақыл+дас

бір+лес

көмек+тес

-а,-е

Ат

Түн

ат+а

түн+е

-қар,-кер

-ғар,-ғер

Бас

Ес

бас+қар

ес+кер

-ар,-ер

Ақ

Көк

ағ+ар+у

көг+ер+у

Сын есім

Жаттығу жұмысы

Мысалдар

Негізгі

сын есім

туынды сын есім

дара сын есім

күрделі сын есім

сапалық сын есім

қатыстық сын есім

1

биік

+


+


+


2

таулы



3

қара торы



4

қара



5

қой көзді



6

әсемпаз



7

аппақ



8

ардақты



9

ашық



10

кішірек



11

ауыспалы



12

биік-биік



13

пайдалы



14

ұзын



15

сұр ала



16

қызғаншақ



17

семіз



18

суық



19

тамаша



20



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал