- Учителю
- М. Әуезов Көксерек (7- сынып)
М. Әуезов Көксерек (7- сынып)
Сабақтың тақырыбы: |
Көксерек әңгімесіндегі көтерілген мәселе | ||
|
| ||
Мақсаты: |
Адамдар мен көк бөрінің іс - әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану. | ||
Оқыту нәтижесі: |
Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады. | ||
Түйінді идеясы: |
Хайуанатқа жасаған қиянатың, Адамзатқа жасаған опасыздық Қадыр Мырзалиев | ||
Әдіс-тәсілдер: |
Топқа бөлу, топтастыру, КУБИЗМ, «Дөңгелек үстел»стратегиясы, «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі, сергіту сәті, постер қорғау | ||
Уақыты |
Ресурстар |
Сабақтың мазмұны |
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті | ||
5минут |
«Адамдар» және «Қасқырлар» кеспе қағаздары Видео-ролик |
Ұйымдастыру. Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта - ықыласымыз бен назарымызды тақтаға аударсақ. Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минут |
«Көксерек» фильмінен үзінді көрседі. Шығарма мен көркем фильм арасындағы байланыс туралы ойларын ортаға салады. Оқушылар кеспе қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді. |
20минут |
А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер |
КУБИЗМ КУБИЗМ әдісі бойынша 6 тапсырмасын екі топқа бөлемін. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады. СУРЕТТЕ - Көксеректің портретін суреттеңіз |
Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы. Жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және постерге дайындық. Жасаған жұмыстары бойынша постер, бағалау.
|
3минут |
Қызыл өрік |
Сергіту сәті |
Билейді, бойларын сергітеді. |
7минут |
А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер |
«Дөңгелек үстел» стратегиясы 1.Қасқыр туралы не білеміз? Қасқырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
|
Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады; әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек. |
7минут |
А3, А4 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер |
- Әңгіме қалай аяқталды? - Қалай ойлайсыздар, Құрмаштың әжесінің қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп болды? - Жазушы неге үндейді? «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі |
- Құрмаштың әжесінің қарғысымен - Бұл әже қарғысы - ... Оқушылар жауап береді. Шығармада көтерілген мәселені өлең жолдарымен, нақыл сөздермен, көркем тілмен түйіндейді. |
Бағалау |
Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды |
| |
Кейінгі тапсырмалар |
Шығарма «Көксерек - табиғаттың тағы перзенті» |
Қостанай облысы Аманкелді ауданы Байғабыл ауылы
«А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі