- Учителю
- Урок казахского языка в 8 классе
Урок казахского языка в 8 классе
8- сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша білімдерін толықтырып, бекіту, құрмалас сөйлемді ажырату;
Дамытушылық: түсініп оқу, тыңдау, сөйлеу, сұрақтарға жауап беру, өзара сөйлесу, өз ойын еркін жеткізу, құрмалас сөйлемді құрастыру, ойлау, іздену, практикалық дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеу, сөйлеуге, игеруге талпындыру;
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: практикум
Әдіс- тәсілдері: мұғалімнің сөзі, сұрақ- жауап, жатқа оқу, ассоциация әдісі, сәйкестендіру әдісі, «Полиглот» ойыны, ізденіс, жұппен жұмыс, 5 жолдық өлең, 3 минуттық эссе
Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу
- кезекшінің сөзі
- с/т, с/м туралы сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сабағымыз ерекше с абақ, себебі ол тілдер апталығында өтіп жатыр, тіл мерекесіне арналады. Бұл сабақ практикум түрінде өтеді, яғни білетіндеріңді ортаға салып, іс жүзінде қолданасыңдар. Іске сәт!
II Бекіту ( практикум)
1.Эпиграфпен жұмыс: Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай әрі таза тіл - қазақ тілі.
2. Ассоциация әісі:
қазақ тілі
3. Сәйкестендір:
1) Жаксы сөз ... 1) Жылан інінен шығады
2) Басқа пәле ... 2) жеті түрлі білім біл
3) Өнер алды ... 3) жарым ырыс
4) Жылы -жылы сөйлесең... 4) қызыл тіл
5) Жеті жұрттың тілін біл... 5) тілден
Өзіңді тексер!
1- 3; 2- 5; 3 - 4; 4 - 1; 5 - 2
«Полиглот» болайық! Орыс тілінде баламасын тап!
4. Ойлан, тап!
Осы мақалдардың ішінен қайсысы жай сөйлем, қайсысы - құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемдердің айырмашылығы неде?
5. Сөйлемді аяқта!
1. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, сондықтан ....
2. Қазақ тілінде көп сөйлеу керек және ...
3. Мен қазақ тілінде сөйлесем, ...
6. Кел, сөйлесейік!
Тақырып: Көп тіл білу - өмір талабы
7. 5 жолдық өлең жаз!
1-қатар: Тіл
2- қатар: Қазақстан
3- қатар: Казанка селосы
8. Қосымша материал:
3 минуттық эссе: Мемлекеттік тіл - менің тілім
III Үйге: 2 салалас, 2 сабақтас құрмалас сөйлем жаз ( бүгінгі сабақ туралы), ереже, -бет, мақалды жаттау
IV Қорытынды: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы неде?
Қазақ тілі қандай тіл?
V Бағалау кезеңі:
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Казанка орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен құрмалас сөйлем
8- сынып
(тілдер мерекесіне арналған ашық сабақ)
өткізген: Н.Б. Қожахметова
Казанка селосы 2012 жыл