7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Қ. Жұмаділов 'Қозыкүрең'

Сабақ жоспары Қ. Жұмаділов 'Қозыкүрең'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күнделікті сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Б»

3.Күні, айы, жылы: 17.04.2014ж

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Г.С.Орынбаева

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов

«Қозыкүрең» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі

Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


ІІІ. Білім тексеру:


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы - тарихи шығармалардың да шебері.

Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

«...Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген - «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты жылдың ішінде «Соңғы көш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.

Қабдеш - тілге аса бай және әр сөздің сиқыры бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы»


Әкім Тарази

2.Әңгімені байыптап оқып шығу.

3.Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құрау.


VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?

  • Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?

  • Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?

  • Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?

  • Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?

  • «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?

VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мәтінен тауып оқу.

  • Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесін мазмұндау.

  • Әңгімедегі Қозыкүреңнің өзін - өзі жаратып, дайындалуын тауып оқу.

  • Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.

  • Әңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.

  • Әңгімеден теңеу сөздерді табу.

VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта шығарма жазу.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал