7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Зат есім'-5сынып

Сабақ жоспары 'Зат есім'-5сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Алматы қаласы.

Грамматикалық тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

1.Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра өту,зат есім туралы мағлұмат беру, сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

2.Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру,ой-өрісін кеңейту,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын дамыту.

3.Отанды сүюге,елін құрметтеуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, іздендіру,оқушылардың презентациялары, топтық, жеке жұмыс түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә)кезекшімен сұхбаттасу

1.Балалар, қазақ әдебиетінен қандай тақырып өттік? ( Жануарлар, олардың төлдері). Қазір кроссворд шешіп, сабақтың тақырыбын білеміз.

Кроссворд шешу 5.Бұзаудың енесі

6.Жануарлардың 1.Қойдың төлі жайылатын жері

2.Түйенің төлі 7.Жылқының пірі

3.Түйе- байлық

Қой мырзалық

Жылқы- сәндік

Сиыр-.......

4.Ол қойды бастаған

Қойды артына тастаған

з


а


т

е


с

і


м

Мұғалім: міне, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есім- грамматикалық тақырып, ал лексикалық тақырыбымыз- Алматы қаласы.

І I.Сабақтың мақсатынын қою

III.Жаңа сабақты түсіндіру үшін мынадай тапсырма орындаңдар

1.Сөйлемді толықтырыңдар


Кабинетте.......ілулі тұр

Қайда? Қандай......гүлдер өсіп тұр

Мектепте........... бар

Алтаты.........қала.

( оқушылар өз сөйлемдерін атады да, мұғалім содан кейін мынадай сөйлемдерді экранда көрсетеді )


Қазақ тілі кабинетінде әдемі перде, әр түрлі гүлдер және Абайдың портреті ілулі тұр.

Мектепте Ұлы Отан соғысына арналған мұражай бар.

Алматы-әсем, сұлу қала. Оңтүстік астанасы.


2.Оқушыларға оқытқызу және « Зат есім» деген тақырыпты орыс грамматикасымен салыстыра отырып түсіндіру

3.Дәптерге бүгінгі күнді жазып, осы сөйлемдерден зат есімдерді теріп, екі бағанаға бөліп жазу

Қім? Не?


4.Сөздер ішінен зат есімдерді теріп жазыңдар.

Қалам, ағаш, қызыл, жүгірді, әдемі, мұғалім, сызғыш, терезе, он бес, алыс, дәрігер, ата, компьютер, сіңлі , орындық,бор, аспазшы, ит, тоқылдақ.

5. Сөздік жұмысы.

алаң - площадь қойылым - постановка

қонақүй- гостиница сүйікті - любимый

азық-түлік - продукты жасау - делать

ескерткіш - памятник сату - продавать

саябақ - парк мұражай - музей

сауда-торговля

өнім - продукция4

Лексикалық тақырып: Алматы қаласы (слайд )

  1. Оқушылардың дайындаған презентацияларын көру.

  2. Мұғалім: көрген презентациялардан деңгейлік тапсырма орындау.

3. Деңгейлік тапсырма:

3 деңгей:

Зат есімдерді жазыңдар

2 деңгей

Сөз тіркестерді жазыңдар

1деңгей

Алматы туралы әңгіме жазыңдар

А) оқушылар тапсырма орындаған кезде мұғалім Алматы туралы өлең қояды, экранда слайдтар көрсетіледі.

IV. Сергіту сәті.

Қолды белге қояйық

Басты оңға бұрайық

Басты солға бұрайық

Бір отырып, бір тұрып (2 рет)

Біз демалып қалайық.

V.Cабақты бекіту.1.Оқулықпен жұмыс:

60-бет. 1.Ережені оқу, 2.Алматы туралы мәтінді оқу, оған сұрақ қою.

3-ші тапсырманы жазбаша орындау

VI. Қорытынды

Біз бүгін қандай тақырып өттік?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтіріңдер

VII.Үй жұмысы:

60-бет. «Алматы метросы» деген мәтінді мазмұндау.

4-ші тапсырманы жазбаша орындау.

VIII. Оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал