7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Тақырыбы: Күн тәртібім

Сабақ жоспары Тақырыбы: Күн тәртібім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібім. Есімшенің тәуелденуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күн тәртібі кестесімен таныстыру; Есімшенің тәуелденуі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Мәтін арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; Есімшенің тәуелденуі қолданыста пайдалануға жаттықтыру;
Тәрбиелік: Уақытты дұрыс үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, суреттер.
Сабақтың типі: білім беру, ауызекі тілде сөйлету
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру)
II. Жаңа сабақ
1.Сабақ сөздік жұмысымен басталады:

а) ояну-просыпаться
шешіну-раздеваться
серуендеу-гулять
орындау-выполнять

кесте-график
ауысым-смена
біраз-немного
ұйықтар алдында-перед сном

б) жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрау
2. Тірек сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды сөйлету:
- Сен сағат нешеде оянасың?
- Таңертеңгі асты нешеде ішесің?
- Мектепке дейін немен барасың?
- Мектепте сабақ нешеде аяқталады?
- Қай уақытта үйге келесің?
- Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?
3. Таблица арқылы тәуелді септеу туралы түсіндіру.
Тәуелдік жалғаудың I,II жақтарынан кейін Тәуелдік жалғаудың III жағынан кейін
III. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құраңдар. (Күн тәртібі бейнеленген суреттерге қарап әңгіме құрайды)
2-тапсырма. Сурет бойынша өз күн тәртібі туралы әңгімелеу.
3-тапсырма. «Менің күн тәртібім» мәтінін оқып, мәтін желісі бойынша әр оқушы өзі туралы әңгіме жазады, бір-екі оқушыға дауыстатып оқытуға болады.
4-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрап,орыс тіліне аударыңдар.Сөйлемдер құраңдар.

Күн демаламын
бесінші ас
уақытты жинаймын
күн тәртібімнің тапсырмасы
төсегімді ауысым
таңертеңгі дұрыс пайдалану
үйден тәртібім
бірінші алыс емес
біраз пәтерде
үй кестесі


5-тапсырма. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.
Он екіде, сыныпта, пәтерде, отбасымда, уақытта, тәртібімнің, кестесін, төсегімді, асымды, мектепке, үйден, ауысымда, үйге, теледидар, кітап.
Жай септіктегі сөздер Тәуелді септіктегі сөздер
... ...
IV. Сабақты қорыту:
Сөйлемдерді етістіктермен аяқтау арқылы:
Мен таңертең ....
Беті-қолымды ....
Тісімді жақсылап ....
Сосын таңғы асты ....
Мектепке көлікпен ....
Сабақтан бірде ....
Үйге екіде ....
Түскі асымды ....
Демалып біраз ....
Содан ертеңгі сабақты ....
Сағат онда ұйқыға ....
V. Үйге тапсырма: 67-бет. 5-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
VI. Оқушылардың жауабын, білімін бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал