7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі' (7 сынып)

Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі' (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Теміржанова Меруерт Әсетқызы Сынып: 7 Сабақ: 6 Күні: 18.09.2015ж.

Сабақтың

тақырыбы:

Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі

Сілтеме:

Қазақ әдебиеті 7 сыныпқа арналған оқулық, электронды оқулық, ғаламтордан алынған мәліметтер.

Жалпы мақсаты:


1. Білімділік: Жеке тұлғаға шешендік сөздердің құдіретін таныту.
2. Дамытушылық: Қазақтың билері, олардың шешендік сөздері жайында сын тұрғысында ойланту арқылы оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Төл әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу және ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге етуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Оқушылар білуге тиіс:

- өз ойын сын тұрғысынан еркін жеткізеді;

-шығармашылық ізденіске бағытталады;

- мәтінді мазмұнына қарай модельге салады.

Дереккөздер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық Р. Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын. Алматы: «Атамұра», 2012

2. Оқыту әдістемесі.Р. Құтқожина Алматы «Атамұра», 2012


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Білу












1. Амандасу. Сынып ішін ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері:
Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі.


- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?
- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?
- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:

- Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын.

1. Амандасу. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, жақсы көңіл күй арқылы ынтымақтастық ортаны құрады.


- Жылылықты сеземіз.

- Жақсы көңіл күйді, қуанышты көріп тұрмыз.


Сабақты біз бастайық,

Ойды ортаға тастайық.

Білімге зиян келтірер,

Бөтен сөзді қоспайық.

1 минут


2 минут


2.Топқа бөлу. Топтарға бөлінуді ұйымдастыру. Сыныптың оқушылары үш топқа бөлініп, әр топқа бидің аты беріледі.

"смайлик" арқылы бөліну.


2. Сыныптың оқушылары үш топқа бөлініп, араларынан билер тағайындалады. Топқа бөлінеді.

1 минут


3. Мұғалім: - Балалар, Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас... - деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?

Ендеше, өткен жолы өткен шешендік сөздер тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.


- Балалар , бүгін сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер?


Оқушы: -Сөз өнері, шешендік туралы


1 минут

Түсіну


Миға шабуыл арқылы сұрақ қою


1. Мақсаты:

- Бейне үзіндіні тыңдап, Академик Василий Радловтың айтылатын пікірінен түйген ойларың ортаға салғызу


2. Сұрақ - жауап кезеңі:


- Қазақ елінің атақты билерін атайық?

- Билерге тән басты қасиеттерді ата?


3. Кіріспе: Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды. Ауыз әдебиетіндегі басқа жанрлардай емес, авторлы шешендік сөздерде қиял- ғажайып нәрселер болмайды, реалистік оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым- қатынастар әңгімеленеді әрі көркем келеді.

1. 7- сыныптың әдебиеті бойынша электрондық оқулықтан бейне үзіндіні тыңдайық.


Тапсырма: -Үзіндіні тыңдап, Академик Василий Радловтың айтылатын пікірінен түйген ойларыңды ортаға саласыңдар


2. - Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде - Қазыбек би, Кіші жүзде - Әйтеке би, сондай - ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
3. - Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
Мұғалімнің кіріспе сөзін мұқият тыңдайды.


30 секунд


2 мин. 30 сек.


1 минут

Қолдану


Оқулықпен жұмыс: Топтарға Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздерін логикалық модельге салады.

«Модельді» құрастырып, қорғайды.

Қол шапалақтау әдісі бойынша бағалау.


І топ:

1. "Төле би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.


ІІ топ:

1. "Қазыбек би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.


ІІІ топ:

1. "Әйтеке би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.

5 минут


10 минут

Сергіту сәті

"Қара жорға" әнімен қимыл жасау.

"Қара жорға" әнімен қимыл жасайды. Оқушылар бір сергіп қалады.

1 минут

Талдау


Шығармашылық жұмыс:


І топ: "Билердің сөзі- халық мұрасы" деген тақырыпқа ой толғаңыздар.


ІІ топ: "Қазыбек би" мәтінің ІІ - бөліміндегі

(22- беттегі) мәтін бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.


ІІІ топ: Берілген модель бойынша Әйтеке би туралы мәлімет беріңіздер.

Шығармашылық жұмыс жасайды. Оқушылардың көркем сөйлей білу дағдылары мен тіл байлығы, дүниетанымы дамиды.

15 минут

Жинақтау




Бағалау

Балалар ойымызды жинақтайық. Би шешендер мен шешендік сөздер жайындағы ойымызды жинақтау үшін, даналардан шыққан сөздер арқылы білімімізді бекітейік.

1. Алтын, күміс жиған- бай емес, сөз білген адам- бай.

Ж.Баласағұн

2. Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз.

А.Йүгінеки


3. Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау.

Цицерон



2 жұлдыз, 1 тілек

2 минут

2 минут

Үй жұмысы

1. 22- беттегі Қазыбек бидің толғауын жаттап келу.

2. Толғау бойынша "Болашағым жарқын болсын десең..." ойтолғау жазу.

1. 22- беттегі Қазыбек бидің толғауын жаттап келеді.

2. Толғау бойынша "Болашағым жарқын болсын десең..." ойтолғау жазады

1 минут




Шешеннің



ең ұлы


қасиеті-


қажет



нәрсені ғана


айту емес,


сонымен бірге



қажеті жоқ


нәрсені


айтпау.



Цицерон










Адамды



екі нәрсе


қартайтпайды:


бірі-



жақсы мінез,


екіншісі-


жақсы сөз.


А.Йүгінеки





Алтын,



күміс


жиған-


бай емес,



сөз білген


адам- бай.


Ж.Баласағұн






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал