7


  • Учителю
  • Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы ұлттық рух ғылыми жоба

Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы ұлттық рух ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Мазмұны



Кіріспе ......................................................................................................... 8



Негізгі бөлім



  1. Өлең болып өрілген ақын өмірі ........................................................11



  1. М.Мақатаевтың балаларға арналған шығармаларының

тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері ............................................18



  1. Мұқағали жырдарындағы халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл

сөздері және оның тәрбиелік мәні ......................................................21



Қорытынды .....................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................35























































Кіріспе





Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі - М.Мақатаев.

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармаларына өзі дүниеден қайтқаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

М.Мақатаев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде жазған балаларға арнап жазған туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.





Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар Мұқағали қаламынан шыққан әр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз. Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді дамытушылардың бірі де бірегейі, ол - Мұқағали. Ақын шығармашылығынан адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты молынан кездестіреміз.

Мұқағали дүниетанымы өзі өсіп-өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның поэзия әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының ерекшеліктері жан-жақты қырынан қарастырлғанымен, балаларға қатысты өлеңдері сошалық ерең зерттелінбеген.

М.Мақатаевтың балаларға арнап жазылған өлеңдерінің ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігі мен қызықтығы осында болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы материалдар азғантай. Балалар әдебиетінің соңғы кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көзқарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар әдебиеті мен оның өкілдері, олардың әдебиетке енгізіп жатқан ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің жұмысымыз өзімізге аздап қиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз ақынның балаларға арнап жазған өлеңдері болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың ұлттық рухта жазылған өлеңдеріне кеңінен тоқталып, оны көркемдік, тақырыптық жақтарынан зерттеу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар сала отырып, нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйесін ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін ғылыми жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.

- Зерттеуде Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу;

- Балалар поэзиясына қойылатын көркемдік талаптарды ойға ала отырып, ақынның жеткен жетістіктерін саралау;

- Ақынның балаларға арналған әдеби мұрасын талдап, көркемдік мәнін, мазмұндық тұстарын жан-жақты ашу.

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!



11



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал