7


3 сынып сабақ жопарыыыы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық!

Сабақтың мақсаты: амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін жөне тақырып аясындағы сөздерді орынды қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: амандасу, танысу үлгілерін орынды қолдану, өзін таныстыра алу, өзгелермен таныса алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.

Тұлғалық: өзара және үлкендермен сыпайы қарым-қатынас қалыптастыру, сыныптастарымен достық қарым-қатынас орнату.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Оқушыларды пән мақсатымен таныстыру, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын ояту.


III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы сурет бойынша Қарындаштың «Сенің атың кім?», Сен неше жастасың?», «Сен нешінші сыныпта оқисың?», «Сенің досың кім?» деген сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылар 2-сыныпта өткендерін еске түсіреді, қайталайды. 2-тапсырмадағы сөйлемдерді аудиотаспадан тыңдау арқылы I - тапсырмадағы сұрақтардың дұрыс жауабымен танысады. Әсіресе «Сенің досың қандай? деген сұраққа ерекше назар аударылады. ІІ тапсырмада оқушылар «Сенің досың қандай? деген сұраққа байланысты «ақылды», «көңілді», «күшті», «әдемі» деген сөздерді қайталайды. Аталған сөздерді өз достарына қатысты қолдана алуға жаттығады. Оны орынды қолдануға жаттықтыруда «Есте сақта! айдарына сүйенуге болады. 4-тапсырмада оқушылар әр суреттің астында берілген тірек сөздермен танысады, оларды бірге қайталайды, содан кейін осы тірек сөздер арқылы Максим мен Даша туралы әңгімелейді. Мысалы: Максим тоғыз жаста. Ол үшінші сыныпта оқиды. Ол күшті. Даша сегіз жаста. Ол екінші сыныпта оқиды. Ол әдемі. 5-тапсырмада берілген сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар ақылды, күшті, әдемі, көңілді деген сөздерді жіктік жалғауында орынды қолдана білуге жаттығады. Мұнда да «Есте сақта!» айдарына сүйенуге болады. 6-тапсырмада оқушылар сөйлесу үлгісімен танысады. Осы үлгі бойынша өзара диалог құрып сөйлеседі.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика - грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал