7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку для русских групп

Поурочный план по казахскому языку для русских групп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технологиялық карта №

Пән: қазақ тілі

Курс: 1-курс орыс топтары

Сабақтың тақырыбы: Әке мен бала. Көркем әдебиет стилі

Сабақтың мақсаты: Түсініп оқу, оқылған мәтіннің негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап ала білу. Көркем әдебиет стилі туралы түсінік қалыптастыру.

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Көркем әдебиет стилі туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақ тілінде сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Үлкенді құрметтеуге,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: теориялық

Оқыту технологиясы: СТО элементтері

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Әдебиеттер тізімі: оқулық, дидактикалық материалдар



Сабақтың құрылымдық жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Топ білім алушыларымен амандасамын.

Топты түгендеймін.



Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту / мотивация/

Отбасыларыңда неше адам бар?

Әкең мен анаңды қалай сыйлайсың?

Отбасы- тіршіліктің тірегі, - демекші отбасының бала өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз отбасымен байланысы бар.



Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу

Бүгінгі тақырыбымыз Ыбырай Алтынсариннің "Әке мен бала" әңгімесінің негізінде болмақ. Және де тілдік тақырыбымыз "Көркем әдебиет стилі"



Жаңа білімді меңгерту

а) Мәтінмен жұмыс





Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

-Анау тағаны, балам, ала жүр, -деп.

-Бала әкесіне:

-Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, -деді.

-Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біткеннен соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліпкөтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге жерге түскенін аламын депбір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың, - деді.



Әңгіме кімдер туралы?

Әкесі жолда не көрді?

Баласының жауабы қандай?

Әкесі ақшаға не сатып алды?

Жерге түскен шиені баласы не істеді?

Әкесі балаға не деді?



ә) Сөздік жұмыс

таға - подкова

ескі -старый

шие - вишня

ұста - кузнец



б) Тілдік бөлім

Көркем әдебиет стилі - әдеби шығармалар арқылы бізге өте таныс стиль. Біз өзімізді еліктіріп әкеткен қызық кітаптардың жан-дүниемізге әсер етеді. Сондай-ақ автордың сезімі мен ойын жеткізеді. Көркем әдебиет стилінде образды, экспрессивті-эмоционалды сөздер мол қатысады. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады. Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлік беру үшін айрықша құрылады.



Литературно-художественный стиль речи, который применяется в художественной литературе. Этот стиль воздействует на вооброжение и чуства читателя, передает мысль и чуства автора, использует все богатство лексики. В художественном произведении слово не только несет определенную информацию, но и служит для эстетического воздействие на читателя при помощи художественных образов. Чем ярче и правдивее образ, тем сильнее он воздействует на читателя. Средство художественной выразительности разнообразны и многчисленны.



Сөздік жұмыс

Көркем әдебиет стилі - литературно-художественный стиль

шығарма - произведение

бейне - образ

художественный образ - көркем бейне



Өз бетімен жұмыс

Осы сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құраңдар.

(Оқушылар дәптерлеріне орындап, дауыстап оқиды. Бір оқушы шығып тақтаға құраған сөз тіркесін немесе сөйлем жазады.)



Мәтінде қандай мақал-мәтел кездесті? Дәптерлеріңе жазыңдар.





Жаңа білімді бекіту

"Адасқан мәтін" стратегиясы бойынша әңгіменің мәтініндегі сөздердің ауысқан орындарын тауып, орнына қойып оқиды, аударады.



Білім, іскерлік және дағдыны бағалау

Сабақта белсенді қатысып отырған білім алушылар бағаланады.



Үйге тапсырма

Ереже жаттау.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу, жаттау.



Рефлекция



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал