- Учителю
- Сабақ жоспарлары қазақ тілі
Сабақ жоспарлары қазақ тілі
_____________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ.
Сабақтың мақсаты:
-
Зат есімнен өткенді қайталау. Табиғат құбылысы мен таза бұлақ туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.
-
Оқушыларды адал қызмет қылуға, еш уақытта жалқанбауға, мұратына жетуге мақсат қоюға тәрбиелеу.
-
Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, оқушылардың сөздік қорын молай молайту, ауызекі сөйлеу мәнерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: аудару, сұрақ - жауап, баяндау, іздену, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер мен қосымша материалдар, сөздік.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
-
</ Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу.
-
Кезекшімен сұхбаттасу.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Ереже қаттау;
-
Жаңа сөздер жаттау;
-
4 - тапсырма 186 бет. «Аққулы көлде» мәтінінен бес етістікті теріп алып, бұйрық рай формасын жасаңдар.
-
Сабақтың мақсатын айту.
-
Жаңа сабақ:
-
Мәтінмен жұмыс.
1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
-
Тастақ жерден шығып жатқан бұлақтың суы қандай еді?
-
Бұлақтың қасында жатқан таста қандай жазу болған?
-
Бұл жазудан жолаушы қандай ғибрат алған?
-
Жаңа сөздермен жұмыс.
-
Сөздерді мәнерлеп оқу;
-
Әр түрлі сөз тіркестерін құру.
Шыныдай/ как стекло
Тынбай/ непрерывно
Кеңею/ расширяться
Жалқауланбау/ не лениться
Мұрат/ цель
Жету/ достигнуть
Тоқталып қалма/ не останавливайся
-
Тақтамен жұмыс.
-
2 - тапсырма. Бұйрық райда тұрған етістіктердің астын сызыңдар.
-
Сабақты қорытындылау:
-
3 - тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар.
-
Сабақты бекіту:
-
4 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіріңдер.
-
Үй тапсырмасы:
-
Ереже қайталау;
-
3 - тапсырма 188 бет. Кестені сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған туынды зат есімдермен толықтырыңдар;
-
Жаңа сөздермен жұмыс.