7


  • Учителю
  • Факультативтік курстың сабақ жоспары 'Бүгінгі жастар сөзіне көңіліңіз тола ма'

Факультативтік курстың сабақ жоспары 'Бүгінгі жастар сөзіне көңіліңіз тола ма'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 5 сынып «Сөз өнері» факультатив сабағының жоспарыСабақтың тақырыбы: «Бүгінгі жастар сөзіне көңіліңіз тола ма?». Сабақтың мақсаты: Жастардың қазақ тілінде сөйлеу , парасат пайымын меңгерту, қазақ тілінің пікірлесуде мәдениет тірегі екенін ұғындыру. Оқушыларды өз ойын се
предварительный просмотр материала

5 сынып «Сөз өнері» факультатив сабағының жоспары


Сабақтың тақырыбы: «Бүгінгі жастар сөзіне көңіліңіз тола ма?».
Сабақтың мақсаты: Жастардың қазақ тілінде сөйлеу , парасат пайымын меңгерту, қазақ тілінің пікірлесуде мәдениет тірегі екенін ұғындыру. Оқушыларды өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білуге, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімдеп тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, үлестірме карточкалар.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезені.

А) сәлемдесу

ә) оқушылар дайындықтарын бақылау, назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу.

1. «Сөз өнері» жайында жарнамалау арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Оқушылар өздері жаңа сабақтың мақсатын қояды.

2. Оқушылардың білімін тексеру: «Бабалар сөзі-тәрбие көзі» . Қария мен бала арасындағы диалог берілген. Баланың жауабы дұрыс па, әлде қате ме, соны табу. Әр топ өз дұрыс деген ойын ортаға салу.

1 топтың сұрақтары: Елді кім, үйді кім бүлдіреді? - депті қарт.

- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

Дұрыс жауабы: Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.

Әкім - ақылсыз болса - ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария.

- Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

Дұрыс жауабы: - Жоқ балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

2 топтың сұрақтары:

- Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.

- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті.

Дұрыс жауабы: - Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді, - депті қарт.

- Шындықты не бұзады? - депті қарт.

- Ата, шындықты тіл бұзады, - депті жігіт.

Дұрыс жауабы: - Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт.

3. Жиренше шешеннің сөздерінің мағынасын ашу.


4. Пікірталас: «Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі көтерілді ме?»

1 топ- қолдаушы

2 топ- даттаушы

5. видеосұхбат : «Бүгінгі жастар сөзіне көңіліңіз тола ма?».

Сұхбат бойынша оқушылар өз ойларын талқыға салады.

Бағалау

Кері байланыс стикерге жазу арқылы ұсыныс-пікірлерін жеткізу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал