7


  • Учителю
  • Поурочное планирование по казахскому языку 6 класс

Поурочное планирование по казахскому языку 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Таза ауамен демалайық

Сабақтың мақсаты:

1. Жаңа тақырып бойынша мәлімет беру, жаңа сөздермен танысып, білімдерін кеңейту, грамматикалық тақырыпты қайталау арқылы білімдерін пысықтау. Таза ауамен демалайық тақырыбындағы білімдерін толықтыру, сөздік қорларын молайту.

2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту , тілге қызыңушылықтарын арттыру,ойын еркін айта білуге жетелеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

3. Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс.

Көрнекіліктері: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер, плакатта жазылған ереже.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)

- Рақмет, балалар, отырыңдар.

Кезекшімен сұхбат.

Кіріспе сұрақтар қою.

Бір-біріне тілек айту.

Бағалау критерийі түсіндіріледі.Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі.

«5»-10-12 ұпай

«4»-5-8

«3»-3-5

«2»-3-тен төмен

Табиғатқа байланысты суреттер көрсету.Табиғатқа не жататынын сұрау.

Осы кезде оқушыларға кеспе қағаздар беріледі. «Сөздерді өрбіт»:аңдар,ағаштар,жыл мезгілі,қыс,көктем,жаз,өзен,көл,тау,Қазақстан,жануарлар,құстар,адам,туған жер.

Жарайсыңдар,бүгінгі сабағымыз да табиғатпен байланысты.

ІІ.Араб сауаты әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау(3 минут)

(Т...за ...уам...н дем...л...й...қ )

Жарайсыңдар, яғни «Таза ауамен демалайық» деген сабақтың тақырыбы шықты.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Балалар, біз бүгін сабақта не істейміз?



Сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты қандай проблемалық сұрақ туындайды?

- Проблемалық сұрақ?- Ауа таза болу үшін не істеу керек?

Олай болса, жаңа сөздер мен сөз тіркестерді оқып, есте сақтайық. (5 минут)

Жаңа сөздермен жұмыс:

- сөздікке көшіріп алу; - аудармасын жазу;

- хормен, жеке қайталау.

Таза ауа - чистый воздух Жарамсыз - непригодный

Дем - дыхание

Жұту - дышать Ойлайсыңдар-думаете

Үнемі - постоянно

неғұрлым-поскольку,насколко соғұрлым-настолько

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырамыз.Ал енді балалар сендерге уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде жаңа сөздерді іштей қайталап, есте сақтаймыз , жатқа айтасыңдар.(фишкалар)

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді түртіп алу әдісі бойынша мұқият, оқып шығамыз, таныс емес сөздердің астын сызып, аудармасын сөздіктен қараймыз. (122 бет)(5 минут).

Сұрақтар құрастыру ( 5 минут)

Тексереміз, бағалаймыз.

Сергіту сәті

Осы орайда балалар,мен сендерге «Қазақстанның Швейцариясы»атанған Көкшетау өңірі,оның ішінде Бурабай көлі туралы айтпақшымын.Суреттер көрсетіліп,қысқаша әңгіме өрбітіледі.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны:

1.Бурабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер жазылмаған.

2.Табиғаты ерекше,ауасы өте таза.

3.Көлдің қасында көптеген демалыс орындары жоқ.

4.Көлдің айналасы-қарағайлы,қайыңды орман.

Ұйқасын тап:(ағылшынша аудармасын айтады)

Шаг-қадам,

Человек-адам.

Ребенок-бала,

Степь-дала.

Шерсть-жүн,

Ночь-түн

Сад-бақша,

Деньги-ақша

Буынды жалға: ас,қа,ал,ма

Жазбаша жұмыс:

Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.Оқушыларға 5 минут беріледі.Жұмысты аяқтаған соң дәптерлерін алмастырып,дұрыс жауабымен салыстырылады.Әр дұрыс жауап бір ұпай.

Сабақты қорытындалау:

Ауа тазалығын сақтау үшін не істеу керек?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Жинаған ұпай сандары бойынша бағаланады.



Үйге тапсырма:Модуль тақырыбы бойынша нәтиже сабаққа дайындалу.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»ММ

«№43 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ























Ашық сабақ





Тақырыбы: Таза ауамен демалайық







Мұғалім:Шошаева А.С.

Сынып:6 а

Пән:қазақ тілі























2015-2016 оқу жылы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал