- Учителю
- Ашық сабақ. Ы. Алтынсарин. 5 Сынып
Ашық сабақ. Ы. Алтынсарин. 5 Сынып
Күні:
Пәні: Әдебиет
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларынан жан-жақты білім бер, талдау жасау. «Өзен» өлеңінің идеясын тауып, талдау.
Тәрбиелік: Ұлы ұстаздың қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
-амандасу;
-кезекшімен әңгіме;
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
«Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқыту, «Қызғыш құс» өлеңін жатқа сұрау.
Бекіту сұрақтары:
1.Махамбет өлеңдерінің тақырыптары қандай?
2.Махамбет қай көтерілістің өкілі?
3Жалынды ақынның өмірі туралы не біліесіңдер?
Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз, ойымызды ортаға салайық.
І. Не білеміз?
1
Ұлы ұстаз. «Ыбырай кім?» деген сұрақ төңірегінде ойымызды жинақтайық.
Аудармашы
Шебер жазушы
Тұңғыш ағартушы
Фольклоршы
Этнограф ғалым
2. «Бізге мәлім деректер»:
А) Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы.
Шыққан тегі
Шежіре сыр шертеді.
Тастемір
Жаңбыршы батыр Балғожа би
Алтынсары
1. Қошан 1.Ыбырай Оспан
2. Хакімжан 2. Абдолла
3. Мариям 3. Нағима
Хронологиялық кесте
1841 жылы
20 қазанда
Қазіргі Қостанай облысының Алтынсарын ауданында дүниеге келген
1850 ж
Орынборда қазақ-орыс мектебінде білім алады.
1857 жылы
Жазда мектепті үздік аяқтап шығады.
1860 жылы
Торғайға мектеп ашу мақсатында ауысады.
1864 жылы
Өзі арман еткен мектебін Торғай жерінде ашады.
1876 жылы
Петербург, Қазан қалаларында болып, орыстың ағарту жұмысының жүйесімен танысады.
1879 жылы
Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» жарыққа шығады.
1889 жылы
Ауыр науқастан қайтыс болады.
Биыл 2011 жылы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл туған күнін тойлаудамыз.
ІІ. Нені білгіміз келеді?
«Өзіндік ізденіс - білім негізі» бөлімінде Ыбырай Алтынсариннің шығармаларымен танысамыз.
ІІІ. Ақынның өлеңін оқып талдау.
Өлеңнің идеясы: туған елінің табиғаты және ауасы, тыныс-тіршілігі, оны түрлі қолданғыш сөздерарқылы жастарға жеткізу болатын.
«Өзен» өлеңді құрылысына қарай талдау.
3 2 2 4
Таулардан // өзен ағар // сарқыраған, - 11
3 2 2 4
Айнадай // сәуле беріп // жарқыраған. - 11
1 2 2 2 1 3
Жел соқса, // ыстық соқса, // бір қалыпта, - 11
3 1 1 2 4
Аралап // тау мен тасты // арқыраған. - 11
Өлең 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ, 11 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.
ІҮ. Не білдік?
-
Түйін сөз.
Оқушылар ойы.
-
Мұғалім сөз.
«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», - деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырайдың арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді.
Кімде - кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Ыбырайдың өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.
Ү. Үйге тапсырма:
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы. «Өзен» өлеңін жатқа мәнерлеп айту.
ҮІ. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушылардың білімдерін бағалау.
Ыбырай Алтынсарин
Шежіре сыр шертеді.
Тастемір
Жаңбыршы батыр Балғожа би
Алтынсары
1. Қошан 1.Ыбырай Оспан
2. Хакімжан 2. Абдолла
3. Мариям 3. Нағима
Ыбырай(Ибраһим)1841ж.қазіргі Қостанай обл.,Затобол ауданында дүниеге келген.Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. 1857-1859жж.
хатшы болады. 1864ж.Торғайда мектеп ашты. 1868-1874жж.Торғай уездік басқармасында іс жүргізушісі.Ол қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы, этнограф, фольклорист,қоғам қайраткері. 1889ж. қайтыс болады.
I-деңгей.
1.Ыбырай неге әкімшілік қызметтен гөрі мұғалім болуды армандады?
2. «Қазақ хрестоматиясын» жазуға не себеп болды?
Кестені толтырыңдар
Кім ?
Не іздеді?
Не істеді?
Қандай адам?
Ыбырай педагог,
білім
үйренді
білімқұмар
Қыпшақ Сейітқұл
I-деңгей.
Ақылы
Мақсаты Қайраты
Білімі
Әңгіменің мазмұнын мына бөліктер арқылы беріңдер.
1.Сейітқұлдың ойы
2.Қабырға өзенің бойына қоныстануы.
3.Егін салу.
4.Артық астықты малға айырбастау
5.Сейітқұл елінің көбеюі
6.Сақтану шаралары.
7.Базар ашу.
8. Сейітқұл жұртының бай болуы.
II-деңгей.
-
«Салақтық» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
-
Ол не себептен ауруханаға жатады?
-
Ол қандай жұмысқа орналасады?
-
Кәрім қандай жағдайға ұшырайды?
-
Кәрім неден жан тапсырады?
«Салақтық» әңгімесінде Ыбырай қандай жаман әдеттен жирендіреді?
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде жазушы қандай кәсіппен айналысуға шақырады?
III-деңгей. Кестені толтырыңдар.
Кейіпкерлері
Іс-әрекеттері
Қандай адам?
Менің пікірім
Шығарманың аты
Кейіпкерлері
Не
суреттеледі?
Немен аяқталады?
Қазіргі заманмен салыстыр
жағымды
жағымсыз
Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқи отырып, нені үйрендім,
қандай асыл қасиеттерді бойыма сіңірдім?
еңбек етсең емерсің
адалдық
Ы.Алтынсарин әңгімелерінен қандай тәрбие аламыз?
Жақсы мен жаманды
қалай айыра білеміз
Адам болам десек
IV-деңгей. Өзіндік жұмыс. Жалғасын тап.
1.Әдепті бала .............................,әдепсіз бала.................................
2.Сын..........................................,мін.................................................
3.Әдепсіз өскен..........................,тәртіппен өскен.