7


Тіл - барлық білімнің кілті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тіл - барлық білімнің кілті





















«Тілдерді меңгеру-жарқын болашақтың бағдаршамы» апталық барысындағы «Тіл-барлық білімнің кілті» атты кеш.



Мақсаты:

Ана тілі туралы түсінік бере отырып, оқушыларды елжандыққа, туған тілін қастерлеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету, ата - баба дәстүріне адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылған газеттер, суреттер, гүлдер, шарлар, буклеттер.

Ұйымдастыру:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өтуде. 22- қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіруге қуаныштымыз.

Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады, атадан балаға жеткен үлкен құбылыс. Ол талай тарих сынынан өтті. Сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі өркениетте өз орнын алған. Тірлігіміздің айғағы. «Тілдерді меңгеру-жарқын болашақтың бағдаршамы» атты апталықтың ұйымдастырылуымен «Тіл-барлық білімнің кілті» атты сайыс түріндегі кешімізді ашық деп жариялаймын. Қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте мемлекеттік мәртебеге ие болып, содан бері жыл сайын 22 қыркүйекте тойлап келеміз. 2009 жылы 20 жылдығы Республика көлемінде аталып өтті. Ал 1997 жылы 11 шілде де Тіл туралы заңымыз қабылданды. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге қалыптасады.Тіл халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тілдің шұбарлануына әрбір адам қарсы тұруы тиіс. Орыстың әйгілі ғалымы Васелий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергені сондай, ондайды біз Еуропадан француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер әнгіме айта қалса, сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда, шешен де тапқыр деп , әділ бағасын берген екен.

Өткелі отырған кешіміздің ашылу сөзін Мектептегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Демеуова Бақыткүл апайымызға береміз.

Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Бұл сайысқа 5 - 10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысуы тиіс. Енді, сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

Кеш шарттары:

  1. Топты таныстыру. (Үш тілде)

  2. Әдеби монтаж. (Белгілі қазақ, орыс, ағылшын ақындарының өлеңін жатқа

айту)

  1. Өз өнері. (Ән, би, флешмоб)

  2. Халық ауыз әдебиеті «Шешендік өнер» сахналық көрініс.

  3. Үй тапсырмасы: «Жас тілші» (Әр сыныптан бір тілші ақпарат құралдары арқылы «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында сұхбат жүргізу. Ең үздік деп танылған оқушы «Жас тілші» атанады)

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің әділғазы алқаларымен таныс болыңыздар. Бақыткүл апай, Бақытжан ағай, Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сермаханова Мәуе, Қызғалдақ қыздар клубының жетекшісі Қосыбаева Алтын.

Қадірменді әділ қазылар әрбір бөлімнен кейін өнерлерін бағалап, ұпай беріп отырасыздар.

Тіл өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп тұра алмас, бірі қалып,

Басқа тілде емес өз ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық.

Сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Келесі бөліміміз «Таныстыру». Бұл шарт бойынша бағаларды әділ қазылар айтып жіберсеңіздер.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Жүргізуші: Келесі бөліміміз «Әдеби монтаж». (Белгілі қазақ, орыс, ағылшын ақындарының өлеңін жатқа айту).

Биші қызы сыныптың,

Ортаға шық ілгері.

Қарсы алыңдар қол соғып,

Мың бұралып билейді.

Жүргізуші: Келесі бөлім «Өз өнері» (Ән, би, флешмоб)



Жүргізуші: Қазақ халқының ел ішіндегі түрлі даушарды сөзбен билік айту арқылы реттеп отыратындығы, бір ауыз сөзге дана халықтың да тоқтай білгендігі. Керек болса билердің ханға да ықпалының бірдей жүретіндіктері тілге тиек болады. Сонымен бірге олар қазақ ұлтының Ұлы мұраттары мен ұлылығы, намысы мен ынтымағы үшін, тәуелсіздігін қорғау, тұтастығын сақтау, тілі мен дінін құрметтеу, қорғаныс қабілетін күшейту жолында күш-қуатын, білім-білігін сарқа пайдаланған, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген сол бір заманның жарқырап туған жарық жұлдыздары, мемлекет қайраткерлері, қазақтың «Үш биін» ортаға шақырамыз.

Біздің келесі бөліміз Халық ауыз әдебиеті «Шешендік өнер» сахналық көрініс.

Осы сайысымыз бойынша ұпай сандарын берсеңіздер.



Жүргізуші: Үй тапсырмасы: «Жас тілші» (Әр сыныптан бір тілші ақпарат құралдары арқылы «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында сұхбат жүргізу. Ең үздік деп танылған оқушы «Жас тілші» атанады)



Жүргізуші: Әділ қазылар ұпай сандарын беріп жіберіңіздер.



Туған тілім - бабам тілім, өз тілім!

Туған тілім - анам тілім, өз тілім!

Туған тілім - далам тілім, өз тілім!

Туған тілім - адам тілім, өз тілім!

Қорытынды: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік - шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. (Б. Момышұлы.)

Тіл басты байлығымыз, сәніміз, ұлы мұрамыз. Осы

қымбат қазынамыз ғасырдан ғасырға жасай берсін!

Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін

ардақтайық оқушылар!



Арал ауданы, Қарашалаң елді-мекені

№ 75 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ибраева Перизат.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал