7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку на тему: 'Алматы қаласының экономикасы. Ырықсыз етіс' (для студентов колледжей)

Поурочный план по казахскому языку на тему: 'Алматы қаласының экономикасы. Ырықсыз етіс' (для студентов колледжей)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________ М.Ерманова


Сабақ жоспары № 23


Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________

Тобы: ПО-17


Сабақтың лексикалық тақырыбы: Алматы қаласының экономикасы

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Ырықсыз етіс

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Студенттерге еліміздің оңтүстік астанасы - Алматы қаласы туралы, оның экономикасы туралы мағлұмат айту, ырықсыз етіс туралы білімдерін толықтыру;

Ә) Дамытушылық: Студенттердің сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелік: Студенттерді еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау

Оқыту құралдары: Мультимедиалық проектор, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Студенттермен сәлемдесу.

2. Студенттерді түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Студенттерге сабақтың мақсатын айту


Грамматикалық тақырып: Ырықсыз етіс

Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндей көрінеді.

Жұрнақтары: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н.

Мысалы: егін ор+ыл+ды, үй таза+лан+ды.

1. «Алматы қаласының экономикасы» мәтінін оқу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сөздікпен жұмыс.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Жаттығулармен жұмыс.

1.1-жаттығу. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.


қосалқы кәсіпорын

орын орнату

өнім бөлшектер

тұрақты өңдеу

шағын алу

қарым-қатынастар жүйе

металл орталығы

1.3 - жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңдар. Сөйлемдегі бастауышты ырықсыз етіс түрінде жазыңдар.


1. Ертіс және Жайық өзендері арқылы көпірлер ... . 2. Жиналыс туралы оған алдын ала ... . 3. Көшелерге көптеген жарнамалар ... . 4. Осы мейрам қарсаңында зейнеткерлерге пәтер ... . 5. Бөлмеде жарық ... . 6. Отбасы дастарқанға жиналып, шай ... .


1.4 - жаттығу. Берілген сөздерді етістің түрлеріне қарай бағанға бөліп жазыңдар.

Үлгі:


Өзгелік етіс

Өздік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс

оқыт

көрінді

тазаланды

сөйлес


Жеңілді, аяқталған, әкелісті, өңдетті, жүргізген, жуынды, тапсыртқыз, ақылдастым, сөйлестік, жасырынды, сұрат, жинасты.


ІV. Қорытындылау:

Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.


V.Үйге тапсырма беру:

80 бет, 1.6-жаттығу. Берілген етістіктердің шақтарын, етіс формасын анықтаңдар.


Пән оқытушысы: Б.Мукашева




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал