- Учителю
- Планирование: Сабаққа рефлексивті талдау
Планирование: Сабаққа рефлексивті талдау
Сабаққа рефлексивті талдау
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың Н.Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университеті бірлесіп ұйымдастырған Үшінші (негізгі) деңгейлік бағдарлама аясында Орал қаласында кәсіби шеберлігімді шыңдаудағы екінші кезеңінде мектептегі тәжірибеден өту кезінде өзім сабақ беретін, 5 б сыныбына тізбектелген 4 сабақ өткізген болатынмын. Осы машық барысында өткізген сабақтарымның ішіндегі жаныма жақыны, әрі көңілімнен шыққаны, М. Мақатаевтың «Барлығы да сендерікі» өлеңі тақырыбында өткізілген 4 - ші сабағым болатын.
М. Мақатаевтың «Барлығы да сендерікі» өлеңі тақырыбында өткізілген 4 - ші сабағымда мен «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі бойынша: «Ойлан, жұптас, бірік», Өлең құрылысына қарай талдау, «Кейіпкерге хат» әдіс - тәсілдерді қолдандым.
Бұл сабағымда сыныппен амандасып, оқушыларды ортаға шақырып, шаттық шеңберін құрып:
Қуаныш бүгін ерекше,
Шуағын шашып тұр әлем
Білімнің шығар шыңына
Ұрпағым саған мың сәлем - деген өлең жолдарын интербелсенді тақтадан көрсете отырып, сергіту сәтін өткіздім. Сергіту сәті оқушыларға өте ұнады. Себебі, оқушылар барлығы бір кісідей ат салысты. Барлығы достық көңілмен, жүздері бал -бұл жанып, сергіту сәтінен өте жақсы әсер алды.
Ортаға үш геометриялық фигура тастап, геометриялық фигуралар арқылы сыныпты топқа бөлдім.
Үшбұрыш - нақтылықты, Төртбұрыш - шығармашылықты, Дөңгелек - белсенділікті білдіреді деп оқушыларға айта отырып, алдағы сабаққа психологиялық дайындық жасап алдым. Психолгогиялық дайындықтың да оқушылардың алдағы сабаққа белсенді қатысуына өзіндік әсер етті. Өйткені оқушылар әр геометриялық фигураға қатысты түсіндірілген сөздерге риза болып, жеке, жұптық, топтық жұмыстарда белсенділік танытты.
Оқушыларды осылай топтастырып алып, үй тапсырмасын 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы арқылы тексеріп алдым. Тест жұмысын әр оқушыға жеке таратып, орындап болған соң, жауаптарын интербелсенді тақтадағы көрсетілген талаптарға сай бағалау (критерий бойынша)
13 - 15 = «5»
10 - 12 = «4»
6 - 9 = «3» керектігін түсіндіріп, интербелсенді тақтадағы жауаптарын көрсету арқылы тексердім. Тексеру арқылы оқушылардың үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалғанын, сабақты толық меңгергенін ұқтым.
Тұсаукесер бөлімінде, «Сені не ойландырады?» деген бейнебаянды интербелсенді тақтадан көрсеттім. Мұндағы мақсатым, балаларға ой салу, қолда бар нәрсені қадірлеуге үйрету, өткелі отырған жаңа сабақпен байланыстыру. Бейнебаянды көрсеткен соң оқушыларға диологты әдісті пайдаланып, мынадай «Түрткі сұрақ» қойдым.
Мына бейнебаянды көргенде қандай әсерде болдыңыздар?
Оқушылар өз ойларын, бейнебаяннан алған әсерлерін «Авторға хат» әдісімен кері байланыс парақшасына жазды.
Осы сабақтан алған әсері жақсы болғандықтан болар С деңгейіндегі оқушы Сабен Зәуре авторға хат жазды.
«Құрметті: Мұқағали Мақатаев ата! Біз сіздің «Барлығы да сендердікі» өлеңіңізді бүгін сабақта өттік. Онын алдында «Сені не ойлаңдырады?» деген бейнебаян көрдік. Африкадағы балалардың қалдері өте нашар екен. Тамақтары ойыншықтары жоқ. Олар бас сүйекпен ойнап отырғанын көрдік. Өте қорқынышты екен. Ал біздің ата - бабаларымыз жаудан жерімізді қорғап, барлық қазба байлықты біздерге аманаттап тастап кетті. Оны сіз өз өлеңіңізде айттыңыз. Біздер оны көзіміздің қарашығымыздай қорғап, болашаққа аманат етуіміз керек. Сәлеммен Зәуре» .
Негізгі бөлімінде, М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңін беріп, «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы жұмыстандырдым. Біріншіден, әр топ мүшелері жеке -жеке өлеңмен танысады, өлеңнің мазмұнын түсініп, жұптасып талқылайды, топтық жұмыста өлеңнен алған әсерлерін флипчартқа сурет салады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы білімімен ұштастырып, постер қорғады.
«Ойлан, жұптас, бірік» әдісін өз сабағымда қолданғандағы тиімділіктер:
-
Барлық оқушы мәтінмен жеке жұмыстанды;
-
Жұп болып, түсінгендерін ортаға салып, талдай білді;
-
Топта жұмыс жасауды үйренді;
-
Өз ойларын ашық, әрі еркін жеткізуге дағдыланды;
-
Ынтымақтастық орта қалыптасты;
-
Бірін -бірі тыңдауға үйренді;
-
Түсінгендерін жүйелі, нақты жеткізуге үйренді.
Қорытынды бөлімінде, М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңінің екі оқушы Жолдығалиев Азат пен Құспанов Ізғали тақтаға шығып, өлең құрылысына қарай талдау жасады.Қалған оқушылар өздеріне ұнаған өлең шумақтарын алып, өз беттерінше дәптерлеріне талдады.Сабақ соңында жұмыс дәптерлерін жинап, тексеруге алып кеттім.
4 2 2 3
Сендердікі/- өмір/, қоғам/, заман да/, (а)
1 3 2 2 3
Сән/түзеген /қалаң /менен /далаң да/. (а)
4 2 2 3
Барлығы да /мұра болмақ/әманда / (а)
3 1 3 3
Болашақ деп/аталатын/ Адамға/. (а)
Үш - төрт бунақты (4+2+2+3; 1+3+2+2+3), 11 буынды 4 тармақты 4 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (аааа) жазылған өлең.
«Кейіпкерге хат» әдісі бойынша С деңгейлі оқушы Мұқанғалиева Гүлнұр: «Сәлеметсіз бе? Мұқағали ата! Мен сіздің көптеген өлеңдеріңізді оқыдым. Сонын ішіндегі 5- ші сыныптың оқулығындағы «Фантазия», «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын» деген өлеңдерңіз бізге көп әсерін тигізді. Мен сіздің өлеңдеріңізді жақсы көремін. Болашақта сіз сияқты адамдар көбейе берсін! ».
С деңгейіндегі оқушы Жолдығалиев Азат: «Құрметті: Мұқағали Мақатаев ата! Біз сіздің « Барлығы да сендердікі » өлеңін бүгін сабақта өттік.Мен сіздің тұрақты оқырмаңызбын. Әттең...
Мен сіздің көзіңізді көре алмадым.Өлеңдеріңізді оқыған кезде рахат сезімге бөленемін.Менің айтқым келген сөздерімнің барлығын өлеңдеріңізбен аудармаларыңызға жазып қойыпсыз.Өлеңдеріңізді оқи отырып, түсінгенім еріншек болмай, сабақ оқып, Қазақстанның гүлденуіне үлес қосу керекпіз!»
Б деңгейлі оқушы Хайырлиева Ләйлім: Хат Мұқағали Мақатаев атаға! Мұқағали ата мен сізді 1976 жылы қайтыс болғанңынызды білемін. Әрдайым бәріміз сізді еске алып отырамыз. Сіздің көп деген өлеңдеріңізді оқып шықтық. Бірақ сонын ішінде ұнағаны «Барлығы да сендердікі» деген өлең қатты ұнады. Сіздің қайтыс болғаныңыз өкінішті. Сіз тірі болғанда әлі көп өлең шығаратын едіңіз. Алайда өмір бір рет беріледі. Өлген кісі қайтып келмейді, оралмайды. Менде сіз сияқты ақын болғым келеді. Мен бір өлең шығардым. Ол анама арналады. Ол төрт жолдан тұрады.
Ана түн ұйқысын төрт бөлген жан емес пе?
Балалар, мынаны біліп жүріңдер,
Қарызыңнан құтыла алмайсың үш арқалап барсаңда Меккеге.
Балалар аналарынды аялаңдар! Игі тілекпен: 5 б сынып оқушысы Хайырлиева Ләйлім. Ләйлім Мұқағали Мақатаев атамызғызға еліктеп,өзі де өлең шығарды.Бұл менің оқушымның ең алғашқы қадамы.Ләйлімнің тағы бір қыры көрінгені мен үшін,үлкен жетістік.Болашақта Ләйліммен бұл қырынан жұмыстанамын.
Б деңгейіндегі оқушы Құспанов Ізғали: Құрметті: Мұқағали Мақатаев ата!Біз бүгін сіздің «Барлығы да сендердікі » өлеңізді сабақта өттік.Ата-бабаларымыздың арқасында қазіргідей тыныш ,тоқшылық заманда өмір сүріп жатырмыз.Өзіміздегі бар затты қанағат тұтуымыз керек.
Әттең , сіз тірі болғанда көп өлеңдерді дүниеге әкелер едіңіз!...
А деңгейіндегі оқушы Дарбай Аңсар: «Хат. Құрметті: Мұқағали ата! Сіздің өлеңіңіз маған қатты ұнады. Сіз мейірімді, жақсы адамсыз. Сіз маған ұнап қалдыңыз».
А деңгейіндегі тағы бір оқушы Сатыбалдиев Жалғас: « Мұқағали ата! Сіздің өлеңдеріңіз маған қатты ұнайды.Сіз ұрпақтарыңызға өнегелі ақынсыз! Сіздің өлеңдеріңіз алтыннанда қымбат! Сіз өте зерек ақынсыз!Сіздің «Фантазия», «Барлығы да сендердікі» деген өлеңдеріңіз маған қатты ұнады».
Тізбектелген төрт сабағымның ішіндегі Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі » өлеңі тақырыбында ұтқаным, оқушылардың поэзияға деген махаббатын ояттым.Сонымен, қатар қабілеті төмен оқушылардың өз ойларын қағаз бетіне түсіруі,екі-үш сөйлем болсада, Аңсар мен Жалғастың жазуы мен үшін үлкен жетістік.Ләйлімнің Мұқағали атасына еліктеп, анасына арнап өлең жазуда керемет әсерге қалдырды.Сыныптағы барлық оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парақшасына жазды.
Бағалау бөлімінде, жиынтық бағаны (критерий бойынша) тест тапсырмасына байланысты күнделіктеріне қоямын.Содан соң оқушылар постер қорғаған оқушыны басбармақ пен бағдаршам, мадақтау арқылы бағалады. Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың шығармашылығына реферат жазу. «Барлығы да сендердікі » өлеңін жаттау.Оқушылар күнделігін ашып,үй тапсырмасын жазу.
Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың шығармашылығына реферат жазу. «Барлығы да сендердікі » өлеңін жаттау.Оқушылар күнделігін ашып,үй тапсырмасын жазуды.
Кері байланыс бөлімінде,оқушылардың сабақтан алған әсерін кері байланыс парақшасы арқылы білдім.Кері байланыс парақшасы арқылы ,оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті..................................................
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын.Есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл- Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы » деген ұлағат сөзі шыққан емес.Тізбектелген төрт сабағымды беру барысында, әр оқушының мінез-құлқын, көзқарасын, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамас етуге тырыстым.