7


  • Учителю
  • Етістіктен өткенді қайталау.

Етістіктен өткенді қайталау.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Пән мұғалімі: Сыныбы: 6 «А» Кайыпканова Айгерим КуанышевнаСабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.Сабақтың мақсаттары: Білімдік мақсат - Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау. Етістік түрлерін ажырата білуге , тіл біл
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Пән мұғалімі:

Сыныбы: 6 «А» Кайыпканова Айгерим Куанышевна


Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.


Сабақтың мақсаттары:

Білімдік мақсат - Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау.

Етістік түрлерін ажырата білуге , тіл біліміне танымдық қабілетін

арттыру, талдау жұмыстарын жүргізуге баулу.

Дамытушылық мақсат - Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру,

іздене білім алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсат - Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа,

еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа , туған жерін сүюге баулу.


Сабақтың барысы.


Мақсат

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білім

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Суреттеңіз

  3. Салыстырыңыз

  4. Байланыстырыңыз

  5. Саралаңыз

  6. Қолданыңыз

  7. Талқылаңыз

Етістіктің толқы анықтамасын береді.

Ерекшеліктерін суреттейді.

Басқа сөз таптарымен салыстырады.

Етістіктің құрамын айтады.

Етіс түрлерін айтады

Сөйлемдер құрайды

Тұйық етістіктің емлесін айтады.

Түсіну


Ассоциация




Оқушылар мұғаліммен біріге отырып

ассоциация құрайды.

Қолдану

Топтармен жұмыс.

Етістікке 14 тақырып берілген.


1-топ. Мақал-мәтелдер жазу.

2-топ. Жұмбақтар

3-топ. Жаңылтпаштар.

Сол сабақтар бойына жинаған материалдарын оқушылар ортаға салады

Етістікті тауып, мағынасын ашып, сөйлейді.

Талдау


Топтарға венн диаграммасын құрату

  1. Дара, күрделі

  2. Болымды , болымсыз

  3. Салт, сабақты

1-топ

2-топ

3-топ.

Жинақтау

Жеке тапсырмалар беріледі.

  1. Өлең шығару

  2. Өтірік өлең

  3. Әңгіме жазу

  4. Метаграмма

  5. Сөзжұмбақ

  6. Тест жазу


Өткен сабақтарда берілген тапсырмалар бойынша әр оқушы өз шығармашылық жұмыстарын ортаға салады.

Баға

Оқушыларға шағын эссе жазуға тапсырмалар беріледі.

  1. Мен етістікпін

  2. Жалқау мен Етістік

  3. Етістік маған ұнамайды.

Үйде осы бағытта ойланып, эссе жазуға тапсырма беру.


Шағын эссе жазу. Үлгерген оқушылардың эсселерін талқылау.

Ой-пікірлерін білдіру.

Үйден осы тақырып туралы терең

ойлану, эссе жазу.

Өлеңдер.


Бес бақытым.

Бірінші бақытым-анам,

Өмірдегі панам.

Екінші бақытым-Отаным,

Қалайша оны сатамын?

Үшінші бақытым-бауырым,

Күн шуақты қауымым.

Төртінші бақытым-ата-әжем,

Жақсылыққа бастайтын,

Құрт пен айран ұсынып,

Әр сөзімді қостайтын.

Бесінші бақытып-достарым,

Табылатын жанымнан.

Сезініп сыр айтарым,

Биік тұрар арыңнан.

Не жаман?


Біріншіден не жаман-білімсіз болсаң сол жаман.

Екіншіден не жаман-ерегіскен қыз жаман.

Үшіншіден не жаман- үмітің өшсе сол жаман.

Төртіншіден не жаман- темекі шеккен ұл жаман.

Бесіншіден не жаман- бос сөйлесең сол жаман.

Алтыншыдан не жаман- арамды аластамаса сол жаман.

Жетіншіден не жаман-жетесіз болсаң сол жаман.

Сегізіншіден не жаман-сары уайым келсе, сол жаман.

Тоғызыншыдан не жаман-тілін сүймеген сол жаман.

Оныншыдан не жаман-Отанын сатқан, сол жаман.

Орындалмаса мұратың,

Қалмаса жақсы бір атың,

Бәрінен де сол жаман.


Сайдулла Арайлым.

Өлеңдерден етістіктерді және сан есімдерді табады.


Сіңліме.


Мерейім, менің Мерейім,

Мерейлі болсын мерейің.

Мерейлі болсын деп сені,

Мерей деп қойдым мен сені.


Мерейім, менің мерейім,

Үстем болсын мерейің.

Шуағымды төгейін,

Биіктерден көрейін.

Рахман Эльянора.

Көктемде.


Көктем келіп, шуақты,

Аспанда құстар шулайды.

Қураған талға жан бітіп,

Бүршік жара бастады.


Жер бетіне шөп шығып,

Жасыл кілем жайылды.

Ұйқыға кеткен жануар.

Оянуға дайын ды.


Ойнап жүрген балалар

Жеңіл киім киінген.

Қуанып ата-аналар,

Қарайды түрмен сүйінгенн.


Алғашқы құстар қонып ап,

Сайрайды әсем салып ән.

Төңірек түгел жадырап,

Ән тыңдайды салып жан.


Әбдіқайым Ұлжалғас.

Өлеңдерден етістіктерді және сын есімдерді табады.

Сөз жұмбақ.

Е


Т


І

С

Т

І

К


  1. Қазақстандағы өзен. (Ертіс)

  2. Етістіктің бір түрі. (етіс)

  3. Тонның атауы. (ішік)

  4. Уақытты көрсететін зат. (сағат)

  5. Ел рәміздерінің бірі. (Ту)

  6. Септік атауы. (ілік)

  7. Құс. (көкқұтан)

Сәйпідін Бердібек.


МЕТАГРАММАЛАР.


  1. Егер К-ден бастасаң,

Мұқиттарда жүзеді.

К-ні алып тастасаң,

Үй күзетіп үреді.

(Кит-ит)


  1. Егер С-дан бастасаң,

Тіршіліктің көзімін

С-ны алып тастасаң,

Ішіп алып өлемін.

(Су-у)


  1. Егер Т-дан бастасаң,

Жер бетінің затымын.

Т-ны алып тастасаң,

Жейтін тағам боламын..


(Тас-ас)


Қалила Марғұлан.


  1. Егер Б-дан бастасаң

Бас киімің боламын.

Б-ны алып тастасаң,

Жазда пісіп толамын

(Бөрік-өрік)


  1. Егер Т-дан бастасаң,

Заңғар биік боламын.

Т-на алып тастасаң,

Балықтың бәрін жоямын.

(Тау-ау)


  1. Егер О-дан бастасаң,

Қауіпті іс боламын.

О орнына Ө қойсаң,

Мүше болып қаламын.


(От-өт)


Байғожина Малика.

Өтірік өлеңдер.


Инелікті сатып алдым.

Маса, шыбын атып алдым.

Күні бойы аңға шығып,

Бір жыл бойы жатып алдым.


Құмырсқаны арқандадым,

Оны бағып талтаңдадым.

Тасбақаға жете алмай,

Жан-жағыма жалтаңдадым.


Сәйпідін Бердібек.

Ерте,ерте , ертеде ,

Бәлкім одан ерте ме?

Ара бопты ызыңдауық,

Ұрысқақ әрі дызылдауық.

Бір күні ұрысыпты құмырсқамен,

Таласыпты бір дәнге дұрыс па екен?

Ашулары неге сонша қатты екен,

Бір дән үшін неге досты сатты екен?


Әбдірейім Ғазиза.

Құмырсқаға мініп,

Мен қатыстым жарысқа.

Аяңымен жүріп-ақ,

Жетіп алдым барысқа.


Тышқандар тұс-тұстан барлады,

Піл байғұс зәресі қалмады.

Теректің басына шығып ап,

Түсе алмай жыл бойы зарлады.

Кеңес Нұрмұхамед.


Өлеңдерден етістіктерді және есімдіктерді табады.

Мақала.


Тілімізді құрметтейік.


Біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Қазіргі кезде көптеген елдерде қазақ тіліне қызығып, оны үйреніп жүрген адамдар қанша ма? Ал біздің кейбір қара көз қыздарымыз бен қара домалақ ұлдарымыз өз тілін дұрыс білмей тұрып, басқа тілде сөйлеп жүрсе, кейбіреулері орысша мен қазақшаны араластырып сөйлейді. Бұл деген қазақ ұлтына ұят нәрсе.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-деп ақын атамыз айтқандай, сен қанша өзге тілді білсең де, өз ана тіліңді қадірлеуің керек. Алдымен соны жетік меңгеріп алып, оны құрметтесең, өзіңнің де, тіліңнің де мерейін үстем еткен болар едің.

Сол сияқты біз де өз тілімізді толық меңгеріп, қазақ деген ұлттың, қазақ деген тілдің мәртебесін көтеріп, өз жұртымыздың, еліміздің 50 елдің қатарына қосылуына кішкене болса да үлесімізді қосайық!


Рахман Эльянора.


Әңгіме.


Көгілдір көктем.


Көктем келді. Күн жарқырап, барлық нұрын жерге төгіп тұр. Төңірек түгел жадырап, айнала әсем түрге енген. Жан-жануар, адамзат, барлық тіршілік иелері іске кіріскен.

Ақ көрпесін сілкіп тастаған қара жер түрлі-түсті көйлегін киіп алыпты. Жер бетіне көк шығып, алғашқы гүлдер шешек ата бастаған. Жалаңаш қалған ағаштар да бүр жарып, жапырақ жайып, жасыл киімдерін киіпті.

Әдемі әндерін салып, қиқулап, шиқылдап, саңқылдап жыл құстары да келді. Адамдар да егін даласына аттанды. Көктем қандай әдемі, сұлу еді.

Нұртас Жадыра.

Мәтіндерден етістіктерді және зат есімдерді табады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал