7


  • Учителю
  • Қазақ тілі, 5- сынып Мақал - мәтелдер

Қазақ тілі, 5- сынып Мақал - мәтелдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақал - мәтелдер

Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың мақал - мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету, мақал - мәтел тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру;

2) Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіру;

3) ана тілін ардақтап, бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.



Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, іздендіру, ой қорғау, ассосация, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақтың мақал - мәтелдері», үлестірмелі кеспелер,



Пән аралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу;

2) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Сынып оқушыларын ІІ топқа бөлу:

І топ Зейінділер

ІІ топ Зеректер



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тұрақты тіркестер, 123 - жаттығу

ІӨтілген тақырыпты сұрақ - жауап әдісі арқылы бекіту

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Ой қозғау

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

- Балалар, мына берілген сөздер тобын не дейміз?

- Ендеше балалар, мақал мен мәтелдің не екенін еске түсірейікші

І - топ ІІ - топ

Тұрақты тіркестер сияқты мақал - мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал - мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал - мәтелдер де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді

Мақал - тәрбиелік мәні бар, ақыл - нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.

Мысалы: «Отан- оттан да ыстық»

Осылайша мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, бірінші бөлімде шарт немесе себеп - салдары, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.

Мәтел - ой - пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.

Мысалы: Үй артында кісі бар.

Мақал - мәтелдерді орынды қолдану сөздің әсерлілігін күшейтеді әрі ойды айқын да нақты жеткізуге көмектеседі.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

Мақал

Ұқсастығы

Мәтел



Оқулықпен жұмыс

1.«Кім тауып жаза алады»

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып жазыңдар.

1.Қолы қимылдағанның....

2.Көп жасаған білмейді,.....

3.Кәріге құрмет,...

4.Біреуге ор қазба,..

5.Жақсы қыз...

Жақсы жігіт...

2. «Кім жылдам?»

І топ ------------------------------------------ ІІ топ

Мәтелдерді теріп жазу ----------------- Мақалдарды теріп жазу

128 - жаттығуды орындау (ауызша)



3.«Тиісті сөз» кедергісінің тапсырмасы

1.Көз қорқақ,... батыр.

2.Әке-асқар...,

Ана -...бұлақ.

3.Тіспенен түйгенді...шешеді.

4. «Әзіл сұрақ» мақал-мәтелдің жауабын табу.

1.Сиырдың сүті қай жерінде?

2.Қандай бала сүйкімді?

3.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

4.Түкіріктен көл тола ма?

5.Білгенің қанша,білмегенің қанша?

6.Кімге жау жуымайды?

5. Төмендегі сөздер бар мақал- мәтел тауып жаз.

Жақсымен, асың,жылы,қорқытадықкөл,бөрік,екі,дос.

6. Жаңа сабақты бекіту

«Шаттық шеңберін» құрып бір - бірімізге тілек тілейік.

1. мақал дегеніміз не?

2. Мәтел дегеніміз не?

3. Айырмашылығын атаңдар?



7. Сабақты қорыту



1. Бағалау

2. Үй тапсырмасын беру: Кері тәрбие беретін мақал- мәтелдер бар ма? Болса тауып жаз және осы туралы пікіріңді айт.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал