7


  • Учителю
  • Урок по казахскомк языку на тему 'Подлежащее и сказуемое'

Урок по казахскомк языку на тему 'Подлежащее и сказуемое'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты:

а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін;

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:

  1. Бастауыш та,баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса,араларына сызықша қойылады.астық - біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым - аға шопан. Ерлік - бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)

  2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Бұл - үлкен қуаныш Ол - қазір звено бастығы.

  3. Бастауыш заттанған сын есімнен,сан есімнен және есімшеден болып,баяндауыш зат есімнен болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Қыздардың үлкені - Майра,кішісі - сайра. Үш - тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан - Қарағанды.

  4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып,баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше,бастауыш зат есім,баяндауыш тұйық етістіктен болса,араларына сызықша қойылады.Менің ұмтылған тілегім - қалайда пайдалы адам блып шығу. Қой бағу - қиын кәсіп.

  5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса,араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес - жиырма бес.

  6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты ,сондай-ақ зат есім,сын есім,есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін,бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл - жазушының байқағыштығын көрсетеді.жақсы - ісімен жақсы.Көрмес - түйені де көрмес.

  7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін,соңынан сызықша қойылады. Жүз - жиырма беске бөлінеді.Жүз жиырма - беске бөлінеді

Жаттығумен жұмыс: 41-жаттығу. Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге талдау жүргізу.

Ердің сыншысы -елі.

1.Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар: нүкте және сызықша. Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.Сызықшаның қойылу себебі бастауыш та, баяндауыш та есім сөздер.

2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай хабарлы сөйлем. Себебі , ой баяндай жеткізіліп тұр.

3.Құрамына қарай жай сөйлем . Себебі, үш сөзден құралып, бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр.

4.Сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаймыз.

Ол үшін , ең алдымен, сөйлемнен баяндауышты табамыз. Себебі баяндауышсыз сөйлем болмайды , баяндауыштың орыны шартты түрде тұрақты.

Сыншысы кімі-елі -дара зат есімді -тәуелдік тұлғалы -баяндауышарқылы бастауышты табамыз.

5.Елі кімі -сыншысы -дара зат есімді тәуелдік тұлғалы бастауыш. Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз.

6.Сөйлемдегі сөздерді байланыстыру түрлері мен тәсілдеріне қарай талдаймыз. Ердің сыншысы, ердің елі -матасу,себебі бағыныңқы сыңарлары ілік септігінде,басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғауында келіп, матаса байланысып тұр. Тәсілі жалғаулықты.

7.Құрылысына қарай -еркін тіркестер. Себебі бағыныңқы сыңарларын кез келген басқа сөздермен алмастыруға болады. Мысалы елдің сыншысы, халықтың сыншысы, әдебиет сыншысы , театр сыншысы.

8.Тұлғасына қарай есімді тіркестер.Себебі басыңқы сыңарлары -есім сөздерден болып тұр.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.


Үйге тапсырма: 42-жаттығу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал