7


  • Учителю
  • А. Құнанбаев (1845-1904) «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

А. Құнанбаев (1845-1904) «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Алданаева Құралай Тлегенқызы


Пән

әдебиет

класы

7-класс

Тақырып

А.Құнанбаев (1845-1904) «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі


Мақсаты

Ақын туралы қысқаша мәлімет беру, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру арқылы, ақын өлеңінен суреттеу, құсбегілік өнерге баулу, адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу, ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрету, топта бірлесе жұмыс жасай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, критерий бойынша бағалауға дағдыландыру, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алу, өзін-өзі реттеу, қалай оқу керектігін ұғынуға, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Қалай оқу керектігін түсінеді; сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді; топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, өзін-өзі бағалай алады; өз жұмысын өзге оқушылардың жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттейді; АКТ-ны қолданып тапсырманы орындай алады.


Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

дифференциация

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг өткізу. Топтарға бөлу(сурет қиындыларын құрастыру арқылы бөлінеді).

Сабақ басында психологиялық тренингке қатысады. Топқа бөлінеді. Топтағы көшбасшылар қасындағы оқушылардың үй жұмыстарын тексереді, маршрут картасы бойынша әр оқушы өздері белгілеп отырады

Тренинг өткізу арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау, осы арқылы білім алуға деген құлшынысы артады.

Үй жұмыстарына дайындығын өздері стикерге жазып «бағаларға» жапсырады. Яғни өзін-өзі бағалайды.

Мұғалім бақылайды.

Қызығушылықты ояту

Жұмыс түрлерімен таныстыру. Баланы сабаққа белсенділікпен қатыстыруға тырысу. Оларға өз тарапымнан сәттілік тілеймін. Мақал-мәтел айту арқылы тақырыпты ашу.

Сабақ барысында бір-біріне жақсы ниетпен тілектер айтады. Барлығы белсенді қатысады. Өз қабілеттерін көрсетеді, өзгенің іс әрекетін бақылап, өзін бағалап отырады.


Бірін-бірі бағалайды. Мұғалім «Үш шапалақ» әдісімен ынталандырып отырады.

Әр оқушы өздерін тексеріп, өзін-өзі реттеп отырады.

Мағынаны тану

Тақтаға тапсырмаларды беріп, ақын туралы қысқаша деректермен таныстыру. Саятшылық туралы мағлұмат беремін. Бүркіттің жасына тоқталамын(балапан,қантүбіт,тірнек,тастүлек,мұзбалақ,

Көктүбіт, қана,жаңа, майтүбіт, барқын, баршын, шөгел, кәрі бүркіт), оны қалай бағу керектігі жөнінде түсінік беру.

Топқа бөлініп үй тапсырмасын жұпта одан соң топта тексереді. Бірге жұмыс жасауға ұмтылады. Бірін-бірі оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді. Оқушылар өлеңді құрылысына қарай талдап, қандай тәсіл қолданғанын табады.(шендестіру тәсілі, 12 буынды қара өлең ұйқасы) Аудармаларын табады. Мысалы, Лермонтовтан,Крылавтан,Пушкиннен т.б.

Жекелеген оқушыларға, топтарға көмек. Ынтымақтастық пен серіктестікті тудырып, басқаның ойымен есептеседі. Өзін-өзі реттейді. Сергіту сәті.

«Үш шапалақ» әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды.

Стикерлер, оқулық, интерактивті тақта

Рефлексия

Сабақ соңында бірнеше сұрақтар беру. Абай кім? Аудармалары қанша? Лермонтовтан неше өлең аударған?

Сазгерлігі туралы не білеміз?

Венн диаграммасы бойынша Махамбет пен Абайды салыстыру.

Рефлексия жүргізу.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.

Қалам, оқулық, түрлі- түсті бояулар, стикер.

Сабақты қорыту, үйге тапсырма

Сабақты Н.Назарбаевтың сөзімен бекіту. Өлеңді жаттауға, сурет салу. Абайдан қалған ұрпақ туралы іздену. Абай-сазгер тақырыбына зерттеушілік жұмысын жазу.

Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне жазып алады.


Бағалау

Оқушылардың өзін-өзі бағалауларымен санасып, жақсы қатысқан оқушыларды «фиерверг шапалақ» әдісімен марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал