7


1001 мақал, 1001 жұмбақ5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«1001 мақал , 101 жұмбақ»

Сыныптан тыс білгірлер сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:

1. Мақал - мәтелдердің қуатты тәрбие құралы екендігін таныту; Оқушыларды сөз өнерін, тіл мәртебесін жоғары бағалай білуге және тапқырлыққа, жылдамдыққа үйрету

2. Шешендікке, сөз мәдениетіне, оқушылардың өз ойын жүйелі айтуға, танымдық қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ауызша ой -өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Көрнекілігі: Тіл туралы слайд, шарлар, кеспе қағаздар

жауап беруге арналған суреттер,заттар белгілер.

Сайыстың шарты: 5-7 сынып оқушыларына дайындап келген мақал-мәтелдерді айтып жарысады.

Сайыс 3турдан тұрады. І тур1-2-бөлімінде әр сынып өздеріне параллель сыныптармен мақал-мәтел сайысына түседі. Әр сыныпқа 5 минуттан уақыт беріледі, осынша уақыт ішінде жылдам, көп және нақты мақал айтады.

ІІ тур Әр топқа кезекпен мақалды оқимын, қағаздың қиындысынан жауабын табу.

ІІІ тур Әр топтан оқушы шығып еденде жатқан шарды жарады.Шардың ішіндегі сөздерді оқып үш тілге аударады.

Бүгінгі сыныптан тыс 5,7-сыныптар арасында өткелі отырған «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайысымыз мақал-мәтел айту және жұмбақ шешу жарысы болғандықтан сіздерге алдымен мақал-мәтел деген не?Жұмбақ деген не? Соған кішкене түсінік бере кетсек.

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Қазақтың мақал-мәтелдері -көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.

Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген -білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.

Ал жұмбақтар бұл да ертеден келе жатқан халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда адам өмірі мен мен тіршілігі, табиғат құбылыстары туралы қысқаша, көркем астарлы түрде айтылады. Жұмбақтар адамның ақылын дамытады, тапқырлыққа үйретеді.

Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

Онерхан Жархынгүл Онерхановна

Бекенова Панар Орынбековна

Ендеше сайысымызды бастайық. Бәріңізге сәттілік тілеймін!

  1. мақал, 101 жұмбақ

І тур

  1. Мақалшылар сайысы (15 минут)

  2. Өздерінің дайындап келген мақалдарын айтады.

5 сыныптар -3 оқушы

7 сыныптар -3 оқушы

  1. Жұмбақшылар сайысы (15 минут)

  2. Жұмбақтың жауабын сурет және заттар арқылы шешу.

5 сыныптар -3 оқушы

7 сыныптар -3 оқушы

ІІ тур

Мақалды жалғастыру (5 минут)

5 сыныптан -1 оқушы

7 сыныптан -1 оқушы

ІІІ тур.Әр топтан оқушы шығып еденде жатқан шарды жарады.Шардың ішіндегі сөздерді оқып үш тілге аударады.

Жұмбақтар

1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі)

2. Жылт-жылт еткен

жылғадан өткен. (Су)

3.Отқа жанбас,суға батпас (Мұз)

4.Екі ағайынды,

Екеуі де бірін бірі көрмейді. (Көз)

5.Қабат-қабат киінген,

Төбеден шашы түйілген. (Пияз)

6.Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы-жазы тау жақта. (қар)

7.

Өзіңмен бірге өседі,

Өзіңмен бірге төсегі.

Көргенде оны жіп дейсің,

Бірақ та киім тікпейсің. (Шаш)

8.Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды. (балық)

9.Өшірді,сүртті,

Өзгені құртты,

Өзін де құртты.

(өшіргіш)

10.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Мақал-мәтелдер

Жалғасын тап

Әр топқа кезекпен мақалды оқимын, қағаздың қиындысынан жауабын табу.

  1. Ер жігіт ел үшін туады.......(Ел үшін өледі)

  2. Әдепті бала-арлы бала.......(Әдепсіз бала сорлы бала)

  3. Білекті бірді жығады,........(Білімді мыңды жығады)

  4. Атаңның баласы болма.........(Адамның баласы бол)

  5. Қыз өссе елдің көркі...........(Гүл өссе жердің көркі)

  6. Жері байдың .........(Елі бай)

  7. Жақсыдан үйрен........(Жаманнан жирен)

  8. Ердің атын..........(Еңбек шығарады)

  9. Отан-оттан да (ыстық)

  10. Ақыл азбайды…………(білім тозбайды)

  11. Шардың ішіндегі сөзд (мектеп, школа, school),. (дәптер, тетрадь, note book, (кітап, книга, book), (қалам, ручка, a pen)



Сайыстың жеңімпаздарын анықтап марапаттау.

</<font color="#000000">«Анамыздың ақ сүтінен боймызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен Б.Момышұлы атамыз. Ендеше өз тілімізді қастерлейік дей отыра бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз.Жеңісті күндеріміз көп болсын! Рақмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал