7


Урок по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





1-2-сабақ



Сабақ тақырыбы:



Жексенбіні жақсы көремін





Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік:





Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жексенбі күні туралы танымдық ақпарат беру.

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, тілдесімге баулу.

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.





Сілтеме:





Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.





Жетістік критерийлері:





Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): жексенбі күні туралы жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрады, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тілде- сім барысында тиімді қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында достарымен жексенбі күні жөнінде тілдік қарым-қатынас құра алады.





Негізгі түсініктер:





Жексенбі, кеш тұрамын, түгел, көбірек, асықпай, себеп, дайындаламын, кейде.





Сабақта қолданылатын материалдар:





Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, желім қағаздар.





Оқыту әдістері:





Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, жұптық жұмыс, «Кім жылдам?» ойыны, сергіту жаттығуы.





Дереккөздері:





Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.





Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті





Оқушыларға психология- лық ахуал туғызу





Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.





Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар қояды. - Балалар, жексенбі қандай күн? Жексенбі күні сендер не істейсіңдер?

Сұрақтарға жауап береді.





ІІ. Мағынаны тану





1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерак- тивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.





Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс сауатты жазу үшін 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.





Жазылым. Диаграмманы толтырады.

Айтылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды, өлеңді толықтырып айтады.



3. Грамматика. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстарды меңгертеді. Дыбыстарды қалай меңгергенін білу үшін кесте толтыртуға болады.

Дауыссыз дыбыстарды меңгереді.







Мысал





Дауысты дыбыстар





Дауыссыз дыбыстар





үнді



ұяң



қатаң



жексенбі



е, і



н



ж, б



к, с





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.







Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 4-тапсырманы орындатады.





Жазылым. Мәтіндегі қатаң, ұяң, үнді дыбыстан басталатын

сөздерді үш бағанға бөліп жаза- ды.







Б) Айтылым. Жазылым. «Дыбыстарды қайталау» ойынын ұйымдастырады

(5-тапсырма).





Айтылым. Жазылым. Әр жұп- тағы оқушылар бірге бірнеше сөйлем құрайды.



В) Тілдесім. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Ойын шартын орындайды.







4. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс сауатты жазу үшін 9-тапсырманы орындатады.





Жазылым. Төмендегі тірек сөз- дерді қатыстырып, бес сұраулы сөйлем құрап жазады.





Ә) Сыр сандықтағы сөздер.

Сыр сандыққа салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.



5. Мәнерлеп оқу. Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айдарында берілген өлеңді оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа

байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды, жаттайды.







6. Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырады (8-тапсырма).





Әр оқушы дауыссыз дыбыстан басталатын өзі білетін ертегі кейіпкерлерінің атын жазады.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІІ. Ой

толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жағдаяттық тапсырманы орындайды.





IV. Бекіту





«Жексенбі күні» тақырыбында кластер құрғызады.





Кластер құрады.





V. Бағалау





Формативті бағалау. Мұғалім оқушылар- дың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.





Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.



Оқушының аты-жөні

Баға

1

Асқар

4

2

Ару

5



VI. Үйге тапсырма

«Қызықты жексенбі» тақырыбында мәтін құрау.







VII. Рефлексия





Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді.





Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желім қағаздарға жа- зып, тақтаға іледі.

</<br>








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал