7


Урок на тему Оқу құралдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «Оқу құралдары» тақырыбы төңірегінде сөйлей білу,тақырып бойынша өтетін сөздерді,сөз тіркестерді дұрыс қолдана білу.

Міндеттері: 1Білімділік:Оқу құралдары туралы жаңа сөздерді меңгерту,толық түсінік беру,грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауын арттыру.

3.Тәрбиелік:оқушының өз оқу құралдарын ұқыпты қарауға және оны күтіп ұстауға тәрбиелеу,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздікпен жұмыс,сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс,тапсырмалармен жұмыс,топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары,интерактивті тақта,бағалау жетондары.





I Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу.

-Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап калайық!-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Балалар, бүгін бізде казақ тілі сабағы нешінші сабақ?

-Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

-Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

-Бүгін нешесі?

Дәптерімізге бүгінгі күнді жазып қояйық.

II Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақта балалар ,біз күнделік туралы өткен болатынбыз.Осыған орай үйге «Мектеп,білім»туралы мақал мәтелдер жазып, жаттап келіңдер деген болатынмын.Әр топтан оқушылардан кезектеп сұрау,бағалау.

1





Өте жақсы, балалар,ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын барлығымыз қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап алайық.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіп тұрып оқушыларға айтқызу,жазылу ережелерін еске түсіру.

Мысалы: «Ә» әке,дауысты,жіңішке дыбыс,сөздің соңында жазылмайды.

«Ұ,Ү,Ө,І,Ң,Ғ,Қ,Һ»

Өте жақсы, балалар.

-енді, балалар, барлығымыз мына карточкаларға караймыз,барлығымыз келіп, нөмірленген карточканы алып , екі топқа бөлінеміз.

1 топ -

2топ -

Барлығымыз қолымыздағы карточкаларды жинап сурет шығарамыз.

1 топ-«Кітаптар»суреті

2 топ «Қарындаштар» суреті шықты.Өте жақсы, балалар. Мұғалім жетондарды беріп бағалатып отырады.

Балалар жауап береді «Оқу құралдары»

Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты «Оқу құралдары.»

Жаңа тақырыптың мақсатымен,барысымен таныстыру.

Мақсаты: Оқушылардың «Оқу құралдары»тақырыбы төңірегінде сөйлей білу.Тақырып бойынша өтетін сөздерді,сөйлемдерде дұрыс қолдану.

Оқушылар екі топқа бөлінгендіктен екі топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі және әр орындалған тапсырмаларға сай бағаланады.Бағалау жұлдызша-5,төртбұрыш-4,үшбұрыш-3деп оқушыларға беріліп отырады.

Оқушыларға жаңа тақырыпты жазғызу.

Балалар біз сендермен 1,2,3 сыныптарда өткен болатынсыңдар.Оқу құралдарына не жатады?

1-тапсырма.Сөздікпен танысу,жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазу.

Жаңа сөздермен сөз тіркесін құру,

Топтарға жетон таратылады.Бағалау.

2

2-тапсырма.Е. Елубаевтың өлеңін рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Әр оқу құралының қызметі қандай екенін айту.

Мәтінмен жұмыс.Мәтінді мәнерлеп екі топтан 2-3 оқушыдан тізбектеп оқу.

Менің оқу құралдарым.

Мен төртінші сыныпта оқимын.Менің оқу құралдарым бар.Олар:

кітап,дәптер,күнделік ,қылқалам,түрлі-түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек.Менің сөмкемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар. Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.





Екі топ мәтінге 5 сұрақ жазады.

Және өздерін сұрақтарға жауап береді.

Топтарды бағалау.

3-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

«Кім шапшаң?» ойыны әр топтан кезектеп оқушылар тақтаға шығып берілген « өшіргіш»сөзіне септік жалғауларын жазады.

Ас

І с

Бс

Тс

Жс

Шс

Кс

Бағалау.

Сергіту. Барлығымыз тұрып билейміз.

Бір оңға,бір солға





3









4-тапсырма.Кітап туралы ережелерді оқып, көшіріп жазу.Есте сақтау.

Бұл тапсырма қазіргі заман талабы болғандықтан ,5 сынып ағылшын тілін үйреніп жатқандақтан 3 тілді меңгерту мақсатында оқу құралдарын үш тілде айтады және сәйкестіреді.

Сәйкестіру.Әр топтан оқушылар шығып қазақ және ағылшын сөздерді сәйкестіреді,ауызша орысша баламасын айтады.





Сөмке copybook ( тетрадь)

Қылкалам chalk (чок) мел

Қарындаш bag сумка

Қаламсауыт pencil карандаш

тақта pencil box пенал

бор biackboаrd доска

дәптер brush (браш) кисточка

күнделік diary дневник

Оқушыларды бағалау.





5-тапсырма.Ребус шешу.

Әр топка екі ребус беріледі ,оқушылар топпен шешеді.

«Кітаптар» тобы Ребустың шешуі «Күнделік»

«Қарындаштар» тобы Ребустың шешуі «Қоңырау»





4





6-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Тәуелдеу.Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға жазады.

1 топ «Кітаптар» тобы жекеше түрде «Дәптер»сөзін тәуелдейді

2-тап «Қарындаштар»тобы көпше түрде «Дәптер» сөзін тәуелдейді





Рефлексия.Бүгінгі біздің тапсырмаларымыз осымен аяқталды, балалар.Енді барлығымыз өздеріңнің пікірлеріңді білдіресіңдер .Кімге қандай тапсырма көбірек ұнады? Ол үшін мына сөмкені ұнаған тапсырмаға қоясыңдар.

Қорыту: Балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?

-Оқу құралдарына не жатады? -Күнделік не үшін керек?

-Оқу құралдарын қалай ұстау керек? -Дәптер не үшін керек?

-Оқу құралдары не үшін керек? -Қылқалам не үшін керек?

Үйге тапсырма: -Жаңа сөздерді жаттау.

-Оқу құралдарына байланысты жұмбақтар жазып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал