- Учителю
- Открытый урок по казахской литературе на тему 'Көксерек' (7 класс)
Открытый урок по казахской литературе на тему 'Көксерек' (7 класс)
Сабақтың тақырыбы: «Көксерек - табиғаттың бір перзенті » (М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін бекіту сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына , идеясына, тақырыбына талдау жасату.
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Кубизм» әдісі, «Анықтама беті» , іс - әрекеттер кешені, топттық жұмыс, проблемалық сұрақтар , ойын түрлері т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар, бейнефильм, тақырыптық
суреттер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. «Менің бүгінгі көңіл - күйім...» тренингін ұйымдастыру
2. Оқушыларға сұрақ қоям.
- Сіздер туған күн өткізгенді ұнатасыз ба?- Асыға күтесіз бе?
- Ал туған кешінің ең тәтті тағамы не? - Торт пісіру үшін маңызды қоспалар болып табылатын нелер?Ендеше қант,ұн, жұмыртқа болып үш топқа бөліне қояйық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыптар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда шығарманы қорытындылаймыз. Алдымен бүгінгі сабағымызға байланысты « Анықтама бетін» ашамыз.
Анықтама: Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
Туған жылы - 1897
Туған жері - Семей облысы, Абай ауданы.
Әңгімесі (таңдаулы) - «Көксерек» - 1929ж.
Тақырыбы: Қасқыр - Табиғат - Адам.
Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев
Құрмаш рөлінде: Қамбар Уәлиев.
Әлем әдебиетінде:
Ш. Айтматов - «Жан пида» романы;
Джек Лондон - «Ақ азу» хикаяты;
О. Сүлейменов - «Бөлтіріктер» өлеңі.
Проблемалық сұрақтар қойылады :
1.Қараадырда қандай мазасыздық болды?
2.Көк күшікті кімдер алып келді?
3.Көксеректің ауылдағы өмірі қандай болды?
4. Көксерек ұяластарымен қалай табысты?
5. Көксерек пен ақ қасқырдың істеген жауыздықтары қандай?
6. Үйден қашқаннан кейін Құрмашпен қандай жағдайда кездесті?
7. Құрмаштың қазасына кім кінәлі ?
8. Көксерек жазасын қалай тартты?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Фильмнен үзінді көрсету.
Осы фильмнен көргендеріңізді, тақтадағы сөздерді пайдаланып «Тақырыптың түйінді сөздері» ойынын ойнап көрейікші.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Топтық жұмыс.
І ТОП: Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасау.
Оқиғаның басталуы - Қараадыр - қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.
Байланысы - Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
Дамуы - Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.
Шарықтау шегі - Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі, мейірімі.
Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы. Тағылардың тағылық істері.
Шешімі - Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
ІІ ТОП: ІV «Кубизм» стратегиясы
Зерттеңіз. Шығарма жазудағы мақсаты, тақырыбы, идеясын ашып көрсету.
Шығарма жазудағы жазушының мақсаты: Табиғатты қорғау, Әрбір табиғат перзенті өмір сүруге құқылы екенін ұғындыру.
Шығарманың тақырыбы: Адам мен табиғат арасындағы байланыс пен қайшылық.
Шығарманың идеясы: Табиғаттағы байланыс үйлесімде болу керек екендігін, адамдар табиғаттың заңдылығын бұзса, апатқа әкелетіндігін ұғындыру.
. Суреттеңіз. Көксеректің портреті .
. Салыстырыңыз. Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?
(Айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды,сұсты, жасымайды.)
( Қолдан тамақтанады, өз иесіне бауырбасады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді)
. Қолданыңыз. Көксерек туралы ел не дейді?.
( -Кәпір,қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды!
-Ұры, Асырасаң да мал болмайды, тұқымы жау емес пе! т.б)
. Дәлелдеңіз. Көксеректің Құрмашқа бас салуының себебі неде?
(Біріншіден аш, екіншіден адамдарға деген өшпенділік және ол бөрі,тағы аң оның иесі болмайды).
. Топтау. Шығармадағы басты кейіпкерлер қасиетін ашу.
. Талдау. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
ІІІ топ: «Табиғат және Адам»
Венн диаграммасы,тірек - сызбалар сияқты талдау әдістерімен өз
болжамдарын,жобаларын ұсынады.
Формативті бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
«Дананың кілттері» ( Тони Райан тәсілі ). Бірқатар ойлауды талап ететін
тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген іс-әрекет (кілттер) кешені .
-
«Керісінше» кілті - сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз (тақырып бойынша) ешқашан жасамайтын іс- әрекеттеріңіздің тізімін жазыңыз».
-
«Егер» кілті - тақырыпқа байланысты «егер » деп басталатын бірнеше сөйлемдер тізбегін жазып шығу.
-
«Әліпби» кілті - тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеп шығу.
Топтар бір - бірлерін смайликтер арқылы бағалайды.
Рефлексия.
.
Бағалау.
Мен көп білдім
Мен көп білген жоқпын
Мен аз білдім
Табыс критерийлеріне қол жеткізу жұмыстары
3
2
1
«Көксерек»әңгімесі туралы
3
2
1
Топта жұмыстану
3
2
1
Үйге: 1. «Көксерек - табиғаттың бір перзенті» тақырыбында эссе жазу;
2. Ш. Айтматовтың «Жан пида» романымен,Джек Лондонның «Ақ азу» хикаятымен,О. Сүлейменовтің «Бөлтіріктер» өлеңімен танысу.
Кері байланыс.
1.Қараадырда қандай мазасыздық болды?
2.Көк күшікті кімдер алып келді?
3.Көксеректің ауылдағы өмірі қандай болды?
4. Көксерек ұяластарымен қалай табысты?
5. Көксерек пен ақ қасқырдың істеген жауыздықтары қандай?
6. Үйден қашқаннан кейін Құрмашпен қандай жағдайда кездесті?
7. Құрмаштың қазасына кім кінәлі ?
8. Көксерек жазасын қалай тартты?