7


  • Учителю
  • ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ- ге ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.

ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ- ге ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КГУ «Урицкая средняя школа отдела образования акимата Сарыкольского района»







Баяндама


11 сынып

ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ- ге

ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ

ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.



Мұғалімі Жанзақова Л.Ж















Сарыколь, 2015г.


Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың сапасын арттыру мұғалімнің оқыту әдістерін дұрыс таңдаумен тікелей байланысты. Оқыту әдістерін тілді сапалы оқытып үйрету мақсатына сәйкес іріктеуде келесі жайларды ескеру керек деп есептеймін: материалды біртіндеп, жеңілден қиынға қарай меңгеру, өтілген грамматикалық материалды игеру деңгейін үнемі тексеріп, бағалап, жетілдіріп отыру, үнемі қайталап, қателермен жұмыс жүргізіп отыру. Демек, оқушылардың білім деңгейі мұғалім тәжірибесі мен оқушылардың ынта-жігерінен тұрады.

Әсіресе, қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық құрылысын практикалық жақтан әрі тұжырымды, әрі нақты түсінікті етіп баяндап, талдап берудемұғалімнің рөлі өте зор. Өйткені, 2007-2008 оқу жылынан бастап орыс тілді мектептерде қазақ тілі пәні ҰБТ түрінде қорытынды аттесттауға еңгізілді.

ҰБТ -ны жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана да алуы керек. Осы себептен ҰБТ -ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезеңде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен ҰБТ -ға дайындауда ешбір нақты бекітілген әдіс жоқ. Оқушыларды қалай дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жаңашылдығына, ізденушілігіне, жауапкершілігіне, жан- жақтылығына, мұғалімнің өз іс- әрекетін жаңаша құра білуіне байланысты деп ойлаймын.

ҰБТ дегеніміз - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

Жыл сайын ҰБТ өткізу келесі жағдайларды туғызады:

  • Білім беру мәселеріне қоғамның назарын аудару;

  • Оқуда оқушы мен оқытушының жақсы нәтижелерінің себептерін жоғарылату;

  • Білім сапасы бағасының әділдігін және нақтылығын орнықтыру;

  • Білім беру ұйымның қызметін әділ бағалау;

  • Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын басқару.

ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11- сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар:

  • Оқушылардың білім алу себептерін айқындау ;

  • Пәндік оқыту үрдерісін ұйымдастыру;

  • Тиімді технологияларды қолдану.


Тесттің элементтік талдауы :

  1. Оқушыларды топқа бөлу. Топтық жұмыс - топ интерактивті тақтамен 1-ші нұсқаны бірлесе талдайды.

  2. Оқушыларды жұпқа бөлу. Оқушылар жұппен жұмыс істейді: әр компьютерге 2 баладан отырғызылады. (Ереже дәптерлерін пайдалана алады)

  3. Жеке жұмыс: әр оқушы ереже дәптерін пайдалана отырып, өз бетінше тапсырманы орындайды, соңынан мұғалімге келіп, түсінбеген сұрақтарына кеңес алады.

  4. Бірнеше (3-4) бала шақырылып, тест тапсырмалары талданады, қате жауаптардың себебі анықталады: назарсыздық, байқаусыздық па, сұрақты түсінбеу ме немесе тақырыпты білмей ме?


Қорытынды:

  1. Егер оқушы грамматикалық тақырыптарды орта деңгейде білсе, 15 сұраққа дұрыс жауап бере алады;

  2. Оқушыларды сұрақты түсіне жаттықтыру керек;

  3. Елтану материалдарына көбірек көңіл бөлу керек:

(8-11 сынып оқулықтары бойынша материалдарды

қамтиды)

  1. Кез келген сабақта ҚР елтану материалдары бойынша сөйлесіп отыру (3-5 минут) бұл оқушылардың жадын жаттықтырады.

  2. Тест тапсырмаларын шеше отырып, оқушылар өз білімін әрі теориялық жағынан, әрі практикалық жағынан толықтырады;

  3. Оқушыларды назарлыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, уақытты бағалай білуге баулу керек;

  4. Әр оқушы өз күшіне сенуі керек (психологтың көмегі арқылы);

  5. Оқушыларда ереже дәптерлері жеке болса, білімдері сапалы болады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал