7


  • Учителю
  • Жетістікке жеткен жеті модуль

Жетістікке жеткен жеті модуль

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ұдайы шығармашылық пен ізденімпаздықты талап ететін ұстаздық мамандықты таңдаған әрбір адам әр сабақтың алдында «нені қалай дайындау керек?», «нені қалай берсем тиімді де түсінікті болады?», тағы сол сияқты сұрақтар мазалайтыны анық.ХХI ғасырдың жаңа тұлғалы мектептер
предварительный просмотр материала

Жетістікке жеткен жеті модуль

Кембридж университеті және Қазақстандағы Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесіп дайындаған бұл нұсқаулықтан мен бетпе - бет және қашықтықтан оқыту кезеңдерінде өзіме көптеген тыңғылықты мәліметтер, деректер немесе дәлірек айтқанда қалай оқу керектігі туралы жаңа идеяларды, әдіс - тәсілдерді алдым. Бұл нұсқаулықпен танысу барысында оқушылардың қалай оқу керектігі туралы түсінігімді қайта қарап шықтым. Осы жаңа форматтағы оқу үдерісі арқылы оқушының өз ойын еркін айтатын, өзіндік дәлелдерін нақты айтатын, өзіне сенімділігі берік, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған, бірнеше тілдерді меңгерген, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген оқушы ретінде нәтижеге қол жеткізетініме қашықтықтан оқыту кезеңіндегі мектепте өткізген өз сабақтарымнан да көріп, оған толық сенім арта алатыныма тағы да көзім жетті десем қателеспеймін. Жалпы менің түйгенім, бұлай оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды білімменен сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын "... не болар еді?", "қалай өзгертуге болады?", "егер де ... сен не істер едің?" деген сияқты сұрақтарға оқушылар өздерінің ойын пікірталаста еркін айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндер - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: "Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы" деп текке айтпаған. Ал курс барысында ауданның әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән - жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алады. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Демек, үш айлық курс бағдарламасында әр аймақтан келген мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық. Сыни ойлау - оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалыптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын. Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз - баланы ойлауға үйрету. Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Сыни ойлауға оқыту - жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлау, бұл - американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: "Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал, өзім істесем, үйреніп алам". Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту,үйрету қажет деген сөз. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып - толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету, кез - келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру. Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нәрсе - сұрақтың дұрыс қойылуы.
Сыни тұрғыдан ойлау - технология емес, ол - терең филосфия. Болашақ үшін қызмет етіп жатырмыз деп, бүгінгі кызметін атқармайтын адамдар көп. Ал, біздің бағдарлама болашақ үшін емес бүгінгі күн үшін қызмет етеді. Сол арқылы болашаққа жол салады. Сыни тұрғыдан ойлауға жүгінсек алынбайтын қамалдарды аламыз деп ойлаймын. Ең бастысы - біз осы мақсатты оқушының қажеттіліг мен қабілетіне сәйкестендіріп шеше алдық па? Осы жағын дұрыс ойланып жасасақ, өзіміздің дұрыс жолда екенімізді білеміз. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры артады. Ынтамақтастық атмосферасы орнап, оқушылар бірін - бірі тыңдауға, өзіндік пікірін ашық айтуға дағдыланады. Топтық жұмыста оқушылар бір - бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір - бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады, мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болады, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір - біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады, бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді. Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді. Жас ерекшеліктеріне сай оқытуды бір сынып ішіндегі әр жылдардағы оқушылар деп түсіндім. Психологиялық қабылдау жағынан әр түрлі шығар, бірақ өзімде бұл тақырыпта жұмыс жүргізбедім. Бір сыныпта оқығасын айырмашылығы да байқалмайтын сияқты. Меніңше бастауышта жас ерекшелігі айқын көрініп тұрады, яғни алты жастағы бала мен алты жарым жастағы баланың қабылдауы мен дамуында айырмашылық болады деп ойлаймын. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы - мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса - мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін - ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы - көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді. Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімін, сабақ басталғаннан аяқталғанға дейін болады, басқаша сабақ өтпейді ғой. Тек әдісті мұғалімнің орынды пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Мұнда сұрақтар деңгейіне қарай ажыратылады. СТО - да да бір - бірінен сұраққа жауап алады емес пе? Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сөйлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада пайда болады. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының өз бетімен жұмысы, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндіг, іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену, оқушының ой - өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу - таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор. Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушыларда жауапкершілік қалыптасады. Бірақ өзім үшін кейбір жағдайлар әлі де қиындау соғып жатқаны жасырын емес. Практика барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым. Психологиялық ахуал - сабақтың табысқа жетуіне немесе кері әсер етеді. Мен үшін ең тиімді сабақ ол - нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс - әрекетінен көрініс табады. Менің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларыма қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймын. Дарынды балалардың ойлау ерекшеліктері: көп көлемде берілген білімді ұмытпауы, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, өзіндік пікірі, шешімдер шығара алуы, тыныш отыра алмау, пысықтық, ізденімпаздық. Мұғалімнің мақсаты: әрбір оқушының дарындылығын табиғи саласын анықтап, оның өсіп - жетілуіне қолайлы жағдай жасау. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты - әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында жұмыстар жүргізу.Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. Сонымен қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті. Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе деймін. Әр адам бір тұлға есептеп, пікірін, ойын бағалау керек. Үлгі бойынша жұмыс жасауды ұмыту керек. Өзім жақсы әсер қалдырды. Кембридждік тәсілдің оқушыларға да, мағанда болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім". Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл - ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі - оқушының ұстазы. Педогогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан - жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген "Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының" маңызы зор. Бұл курстың маңыздылығы ой бөлісіп, әдістеме алмасуда мүмкіндік туғызуында және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндіктер тудыратындығы. Оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін. Ал енді осындай тұлғаны тәрбиелеуде Кембридж ұсынып отырған жеті модульдік бағдарламаның барлық бағыттарын қолдану тиімді болады деп ойлаймын. Екінші кезеңде сабақтарымды Блум таксономиясына салып, жеті модульді кіріктіріп өткен кезде өзім ерекше бір сезімде болдым, себебі оқушылардың менің пәніме (химия) көзқарасы өзгеріп, белсенділігі артты. Бірінші сабақтан кейін - ақ мен бұл бағдарламаның жақсы нәтижеге қол жеткізуге себепші болатынына көз жеткіздім. Сабақтарымда бұрын жиі қолданбаған топқа бөлудің әртүрлі әдістерін қолдандым, бұл жаңалық оқушыларыма өте ұнады. Дәстүрлі сабақ тек мұғалімнің монологымен,мұғалімнің рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогымен,өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен,өз ойын еркін жеткізумен жалғаспақ.Үлгерімі орта, өзіне, біліміне сенімділігі таяз, ұялшақ оқушылар топта басқа оқушылармен диалогқа түсе отырып өзгере бастады. Сол секілді мен сыни тұрғыдан ойлануға, талантты және дарынды оқушыларды анықтауға, көшбасшыны анықтауға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылармен диалогқа түсе отырып олардың қандай екенін, бүгінгі күнде қандай көңіл күйде сабақта отырғанын байқайтын болдым. Бұл мен үшін үлкен жаңалық, себебі осы курсқа келгенге дейін тек өзімнің сабағымды өтсем сол жеткілікті деп ойлайтынмын. Жоғарыда аталған жеті модуль мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты орнатуға, бірігіп шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталғанын өзімнің және оқушыларымның көзқарастарының өзгерісінен байқадым. Мүмкін болса, әр сабақта АКТ-ны қолдану тиімді де, қызық. Тапсырмаларды беру мен нәтижесін тексеруде немесе интерактивті тақтаның көмегімен сонымен қатар АКТ-ны қолдану арқылы оқушылар тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, тиімді қарым-қатынас жасауды үйренді. Оқушылардың білімін "бес" деген бағамен шектемей,оларды формативті бағалап, өзін - өзі бағалауына бағыт беру дұрыс деп ойлаймын. Мен осы айлық курстың әр кезеңінен өткен сайын өзіме "қалай оқыту керек?" - деген сұраққа нақты жауап бере алатын болдым деп қуанамын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал