- Учителю
- Урок по теме: ' Өз елімді мақтан етемін. ' (7 класс) .
Урок по теме: ' Өз елімді мақтан етемін. ' (7 класс) .
Cабақтың тақырыбы: Өз елімді мақтан етемін
Сабақтың мақсаты: Тақырыпты , жаңа сөздерді меңгерту
І.Білімділік: Өткен тақырыты пысықтау, берілген материалды меңгерту,сөз тіркестерін мағынасын ұғындыру,дұрыс айтылуын қадағалау
ІІ.Дамытушылық:берілген тақырыпта сөйлеу білігін дамыту,өзіндік ой пікірлерін дамыту,сөйлеу қабілеттерін арттыру.
ІІІ.Тәрбиелік:Тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық қасиетті сақтауға, халық мұрасын қастерлеуге,еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру
Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту
Типі:
Әдіс- тәсілдері: сұрақ -жауап, баяндау, жазу,іздену, пікір таласу
Жұмыстың түрі: топтық, ұжымдық , дара
Пәнаралық байланыс: тарих,ағылшын тілі,
Көрнекілік-құралдары:: тақырып, слайдтар, музыка,видео материал кестелер.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру-уәждемелік кезеңі: амандасу, түгендеу.сабақ мақсатымен таныстыру.
-пс -қ дайындық , ыстық алақан бір- біріне жақсы тілектер айтады.
-Тіл дамыту сұрақ- жауаптар қою/2мин\ Ясько Е жүргізеді.
Топқа бөлу , топтың атымен таныстыру, спикерді таңдау. Бағалау парағын тарату.
Үй тапсырмасын тексеру :Кім үздік полиглот ?
1)Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2) Отанды сүю - отбасынан басталады.
3) Өз елім - өлең төсегім.
4) Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
5) Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.
1) Ел іші алтын бесік.
2) Жері байдың елі бай.
3) Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
4) Өз елің - алтын бесігің.
5) Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
6) Туған жердің жуасы да тәтті.
Жаңа сабақ : Өз елімді мақтан етемін( ребус арқылы шығару)
Кіріспе сөз
Жаңа сөздермен жұмыс: ( қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, астын сыз , фонетикалық талдау)
Тәуелсіздік-қандай? -.
Син: тәуелсіздік-бостандық- дербестік:
Мәртебе- не? Зат есім
Ынтымағы- не?
Син: ынтымақ- бірлік-татулық
Талай-талай-қандай? Сын есім
Син: талай-талай- бірнеше- көп
Жетістігі-не? -і тәуелд. жалғау
Жетістік-табыс
Дамыған -қандай? Сын есім түбір Етістік
әлеуметтік-сын есім
-
Акро өлең жасау : Отан , Халық
Сергіту сәті
-
Мәтінмен жұмыс
-
Топқа бөліп, оқыту
1 топ
Біздің Отанымыз -тәуелсіз Қазақстан.
Тәуелсіздік -республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.Егеменді ел болып,халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды,белгіледі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Ең бастысы тату- тәтті ынтымағы мол халқымыз бар.
Туған жерімізде талай- талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр
2 топ
Қазақстанның ең үлкен жетістігі - Ұлтаралық келісім,бейбіт өмір.Қазақстан мемлекеті-дамыған елдердің қатарына жатады.Қазақстанның өз армиясы бар.
Бізідің елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтардың бәрі бар. Біздің республикамызды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі.
. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
-
Клоуз тест жасау ( тақтада флипчарт )
-
Миға шабуыл Сұрақтарға жауап беру ( сиқырлы қоржын )
1-топ
3- деңгей : жаңа сөздермен тәуелсіздік , еркіндік сөз тіркестерін құрастыру
2-деңгей : 1.әрбір, борышы, азаматтың, аман-сақтау, халықтарымыздын, бейбітшілігін.
2.дүниеде, бұл,бір, бар, Отанымыз,ғана. \2-сөйлем құрастыру\
І деңгей: берілген абзацты әңгімелеу
Біздің Отанымыз -тәуелсіз Қазақстан.
Тәуелсіздік -республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.Егеменді ел болып,халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды,белгіледі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Ең бастысы тату- тәтті ынтымағы мол халқымыз бар.
Туған жерімізде талай- талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр
ІІ-топ
3- деңгей : жаңа сөздермен ынтымақ ,талай-талай сөз тіркестерін құрастыру
2-деңгей : 1.әлемнің. астам, Қазақстанды, жүзден, таныды, елі.
2.дамыған, қатарына , Қазақстан, елдің, жатады.
І деңгей: абзацты әңгімеле
Бізідің елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтардың бәрі бар. Біздің республикамызды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі.
. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Бекіту, Қорыту
Бес жол өлең стратегиясы
1 топ Ел 2 топ Қазақстан
1зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 синоним
5 сөйлем құрау
Бағалау парағы бойынша бағаланады.
Рефлексия Даналық ағашы.
Осымен сабағымыз аяқталды , сау болыңдар!
Біздің Отанымыз -тәуелсіз Қазақстан.
Тәуелсіздік -республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.Егеменді ел болып,халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды,белгіледі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Ең бастысы тату- тәтті ынтымағы мол халқымыз бар.
Туған жерімізде талай- талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр
Бізідің елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтардың бәрі бар. Біздің республикамызды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі.
Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.