- Учителю
- 'Сөз мәйегі - мақал-мәтел' (5-сынып)
'Сөз мәйегі - мақал-мәтел' (5-сынып)
Мерзімі: Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: «Сөз мәйегі - мақал-мәтел»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу;
дамытушылық: Ана тіліне қызығушылығын арттыру. Ұжымдық жұмыс жасауда белсенділіктерін арттыру;
тәрбиелік: Ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ұжымдық жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер жазылған қағаздар, үлестірмелі карточкалар, слайд
Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, сурет
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушылар түгенделіп, оқу кабинетінің тазалығы тексеріліп, оқушылардың назары сабаққа аударылады.
Шаттық шеңбері.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Мақал-мәтелдерге байланысты жасаған альбомдарын тексеріп шығу.
ІІІ Жаңа сабақ:
-
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 3 топқа бөлінеді,
әр топтың аты, ұраны болуы тиіс:
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны: Тұлпардай жүйрік болу арманымыз, Жетуге соған тырысамыз!
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны: Тапқырмыз деп ұрандап, Өмірде біз келеміз жарқылдап!
-
Қазылар алқасы сайланады.
І Сұрақ-жауап сайысы
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
- Мақал-мәтелдер деген не?
- Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай?
- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
- Мақал-мәтелдер нені сынайды?
- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
- Мақал-мәтелдер қалай айтылады?
- Мақал-мәтелдер қалай таралған?
- Мақал-мәтелдерді кім шығарады?
- Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?
ІІ Білгіштер сайысы
Шарты: Кім қанша мақал айтса , сонша ұпай алады.
ІІІ Аудармашылар сайысы
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.)
1.Тазалық - денсаулық кепілі . (Чистота - залог здоровья.)
2.Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)
3.Не ексең, соны орасың .( Что посеешь,то и пожнешь.)
4.Отан - оттан да ыстық. (Родина - жарче огня.)
5.Оқу -білім бұлағы, білім - өмір шырағы. (Учение- родник знаний, знание - лучик жизни.)
6.Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.)
ІҮ Мақалдың жалғасын тап:
Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі ұпай беріледі.)
1. ………. - инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба, study)
2. Оқусыз ……. жоқ, білімсіз күнің жоқ. (білім, знание, knowledge)
3. Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос, друг, friend)
4. Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей, досың, friends)
5. Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. (мыңды, тысяч, thousand)
6. Учение -……. , а не ученье - тьма. (свет, жарық, light)
Ү Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру:
(Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.)
Бұрысы:
1.Құрмет, тілге ,құрмет - елге.
2. Жерде, тіл, жоқ ұлт, жоқ.
3. Тас жарады, тас, тіл жармаса, бас жарады.
1.Тілін біл, жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда, соны іледі, не көрсе.
3. Мектеп, білім - теңіз, кеме.
1. Мыңды жығады, білекті, жығады, бірді, білімді.
2. Ыстық,отан, оттан да.
3. Жау алмайды, досы көпті, ақылы, көпті дау алмайды.
Дұрысы
1.Тілге құрмет - елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
3. Білім - теңіз, мектеп - кеме .
1. Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады.
2.Отан - оттан да ыстық.
3.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
ҮІ Сурет сайысы
Шарты: 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.
2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу.
(Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.)
Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
Білім - өмір шырағы.
Білім - теңіз, мектеп - кеме.
Сабақты бекіту:
Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз.
Сабақты қорыту:
1. Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма?
2. Сайыс қалай өтті?
3. Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?
Үй тапсырмасын беру:
-
Мақал-мәтелдер туралы баяндама жазып келу.
Оқушылар еңбегін бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Баға талданып қойылады.