7


Құрманғазы Сағырбайұлы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 – 1889) – қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі ауылында дүниеге келген. Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің ат
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:

«Құрманғазы Сағырбайұлы - атақты күйші, сазгер, домбырашы».

Сабақтың білімділік мақсаты: Туған жеріміздің атақты күйші, сазгер,

әрі домбырашы Құрманғазы Cағырбайұлы

туралы мәлімет беру, таныстыру. Әділдігі мен

озық ойлылығын көрсету.

Оқушыларды шығармашылық, зерттеу, өз

бетінше жұмыс жасауға үйрету, сұрақ қойып,

монолог түрінде әңгімелеуге жаттықтыру.

Тәрбиелік: Күйшінің өнегелі өмірін үлгі етіп, оқушылардың ұлттық рухани, адамгершілік қасиеттерін,

қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту,

өз елінің патриоты болып, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту,

қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлем талдауға

дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: Слайдтар, кітаптар, схемалар, карточкалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістері: Сұрақ- жауап, монолог, топ жұмысы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: «Балбырауын» күйі орындалады.

Мынау қандай шығарма? Бұл күй. Дұрыс, кім айтады күй деген не?

Күй - мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі, музыкалық формасы кемел, аспаптық пьеса.

Қандай мағынаны білдіреді?

«Күй» сөзі түркі халықтарының біразында этномузыкалық термин ретінде пайдаланылады.

Мағынасы «хал, жағдай, көңіл ауаны» сияқты психо-эмоциялық ұғымды білдіреді.

Күйлер қандай аспаптарда орындалады?

Күйлер негізінен, үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған.

Күй орындайтын адамдар кімдер?

Күйшілер.

Қандай атақты күйші- сазгерлерді білесіңдер?

Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы, Дина Нұрпейісова, Мұхит Мерәліұлы, Нұрғиса Тлендиев, Құрманғазы Сағырбайұлы.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша күйшілер туралы мазмұндап беру.

Өте жақсы, бүгін біз күйші- сазгерлермен танысуды жалғастырамыз. Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Құрманғазы Сағырбайұлы - атақты күйші, сазгер, домбырашы».

Сабақта септік жалғауларын қайталап, қазақ халқының атақты күйші -сазгер туралы мәлімет аламыз.

  1. Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің сөзі.

Сөздік жұмысы

Нәресте -младенец

Жариялау - объявить

Көтеріліс - восстание

Тарапынан - со стороны

қуғын-сүргін - гонения, преследования

шат - весёлый, радостный

рухани - духовный

зират - могила, кладбище

Сөз тіркестерін құрастырайық: жас нәресте, бұйрықты жариялау, ұлы көтеріліс, үкімет тарапынан, қуғынға түсті, шатты күн, рухани байлық, ата - баба зираты.

Синоним қатарын тап: нәресте, сәби; жариялау,құлақтандыру, мәлімдеу, хабарлау; көтеріліс, қозғалыс; тарапынан, жағынан; қуғын, ізіне түсу, сүргін; көңілді, жайдары; зират, қорым.

Оқу, аудару

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 - 1889) - қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі ауылында дүниеге келген. Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп жариялаған. Ол тез ер жетеді. Әкесі оны алты жастан жұмысқа береді. Сол кезден домбырасын қолынан тастамай, естіген әнін, күйін тартады. Ауыл қарттарын жағалап, оларға күй тарттыратын. Күйлердің мазмұны туралы түрлі әңгімелер тыңдайтын. Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», «Көбік шашқан» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар.

Мысалы, «Кішкентай», «Көбік шашқан» атты күйлері Исатай-Махамбет көтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің өз өміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан көрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан.

Сазгердің аса құнды күйлерінің бірі «Сарыарқа» мұнда еркіндік іздеген халықтың арманы, туған жер, кең байтақ дала суреттеледі. Оның шығармаларында би күйлері бар. Бұл «Балбырауын», «Қызыл қайың», олар шат көңілді елестетеді.

Артына қалдырған мол мұрасы ұрпаққа рухани тәрбие береді. Халық рухын көтереді. Алматыдағы ұлттық консерваторияға, біздің қаламызда филармонияға, саз мектебіне, колледжге, көшеге Құрманғазы есімі берілген. Сондай-ақ Ахмет Жұбанов 1934 жылы ұйымдастырған қазақтың тұңғыш академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Атырау облысындағы бір аудан Құрманғазы атымен аталады. Құрманғазының зираты Ресейдің Астрахань облысында жатыр.

Мәтіннен Құрманғазы есімі нені білдіреді, әкесі оны неліктен Құрманғазы деп атаған?

Әр тақырыпқа қандай бір жаңалық таптың дегенде не айталамыз?

Оқушы : Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп жариялаған. Сол себептен оны Құрманғазы деп атаған: Құрман пожертвование,

ғазы борец за веру, участник.

Жақсы, енді осы сөзге морфологиялық талдау жасайық:

Құрманғазы - Зат есім кім?, жалқы, негізгі, күрделі (біріккен), деректі.

Күйші - Зат есім, кім? жалпы, туынды, деректі ,дара

Сазгер - Зат есім, кім? жалпы, туынды, деректі, дара

Септік жалғауларын еске түсіріп, септейік: домбырашы, мұра

А.с. Кім? Не?

І.с. Кімнің? Ненің?

Б.с. Кімге? Неге? Қайда?

Т.с. Кімді? Нені?

Ж.с. Кімде? Неде? Қайда?

Ш. с. Кімнен? Неден? Қайдан?

К. с. Кіммен? Немен?


Сөйлемдерді жазып, синтаксистік талдау жасайық:

Құрманғазы Сағырбайұлы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы

Жиделі ауылында дүниеге келген.

Құрманғазы тұрған жерлерде қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен.

Ол Ресейде Астрахан облысының Алтынжар ауылында жерленген.

Құрмалас сөйлем құрастырайық:

Құрманғазы Сағырбайұлы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы

Жиделі ауылында дүниеге келгенмен, Ресейде Астрахан облысының Алтынжар

ауылында жерленген.

Құрманғазы Сағырбайұлы Астрахан жерінде жерленген, алсол жерде күйшіні білеме екен?

( Астрахань қаласында күйшіге ескерткіш орнатылған,

Тапсырма: Мәтінде «Сарыарқа» күйінде не суреттеледі деп жазылған?

Бұл күйде еркіндік іздеген халықтың арманы, туған жер, кең байтақ дала суреттеледі.

Дұрыс, кең- байтақ елімізді көзге елестетіп, «Сарыарқа» күйін тыңдап, тапсырма орындайық.

  1. Мәтінге сұрақтар құрастыру

  2. Кластер толтыру

Сұрақ- жауап арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.

«Сарыарқа» күйінде туған жер, кең байтақ дала суреттелсе, басқа күйлері туралы не айталамыз. Мысалы «Кішкентай» деп аталған күй, неліктен солай аталған?

Оқушы: - Мына бір тамаша күйіңізді неліктен "Кішкентай" деп атадыңыз? Бұл "Кішкентай" деуге келмейтін, күйлеріңіздің ішіндегі шоқтығы биік дүние ғой, - дегенде, Құрманғазы күрсіне отырып: - Несін жасырайын, бұл күйді мен Исатай мен Махамбетке арнаған едім. Ал Исатай мен Махамбет кім, мен кім. Олар халқының қамын ойлаған биік шың, асқар тау, ал мен кішкентай ғана төбешік емеспін бе. Сондықтан да мен сияқты кішкентай ғана адамның Исатай, Махамбет сияқты алыптарға арнаған күйі болған соң оның атын "Кішкентай" қойдым, - деп жауап беріпті.

Сабақты қорыта келгенде семантикалық картаны толтыру, жинап алу.

Қорытынды:

Не білемін

Не білгім келеді?

Не білдім


Толтырып тапсырамыз

Сұрақ-жауап арқылы сабақты аяқтаймыз.


Кластер толтырып алған білімді бекітеміз.


Құрманғазы Сағырбайұлы


Деңгейлік тапсырмалар

  1. Мәтінге сұрақтар құрастыру.

  2. Септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу

  3. Соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жасау


1. Мәтінге жоспа құрастыру.

2. Ілік септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу

3. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасау.


1. Мәтіннен үш сөйлем аудару.

2. Әр септікке мәтіннен бір мысал келтіру

3. Күй сөзіне фонетикалық талдау жасау


Күй құдірет - күй ғұмыр.

Күй -ұлтымыздың рухани бейнесі.

Күй - қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісі, болашағы.


Үйге үш деңгейлік тапсырма:

1. Шағын шығарма.

2. Диалог қүрастыру

3. Септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазу


Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал